Қайырлы күн, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!
Министрліктің 2017 жылдың жұмыс қорытындыларын және 2018 жылдағы негізгі басымдықтарымен таныстыруға рұқсат етіңіздер.
2017 жыл қорытындысы бойынша Жалпы ішкі өнімнің 4% өсіміне қол жеткізілді. Энергетиқалық салалардың үлесі мынадай.
Мұнай өндірісі 86,2 млн. тоннаны құрады, яғни жыл жоспары (84,5 млн.тонна) 102% пайызға артығымен орындалды және 2016 жылға сәйкес 110,5% пайыз өсім көрсетті.
Мұнай өндірісіндегі үш ірі кен орнының үлесі - 49,5 млн. тоннаны құрады, атап айтқанда: Қашағанда - 8,3 млн. тонна, Теңізде – 28,7 млн. тонна (2016 жылға - 104,1%) және Қарашығанақта – 12,5 млн. тонна (2016 жылға - 109,5%) мұнай өндірілді.
2018 жылы мұнай өндірісі 87 млн.тонна көлемінде жоспарланып отыр.
Мұнайдың экспорттық көлемі2016 жылмен салыстырғанда 112,4% пайызға өсіп, 69,8 млн.тоннаны құрады.
|
Эскпорттық бағыттар |
мың. тонна |
2017/2016, % |
|
Атырау-Самара |
15 368,0 |
106,9 |
|
Орынбор газ өңдеу зауыты |
624,20 |
83 |
|
Каспий құбыр консорциумы (КҚК) |
49636,3 |
121,6 |
|
Атасу-Алашанькоу |
2 291,0 |
74,6 |
|
Теңіз порты |
1 192,3 |
54,3 |
|
Темір жол |
670,0 |
75,4 |
Зауыттарда мұнай өңдеу көлемі 14,9 млн.тоннаны құрады, яғни 2017 жылдың жоспары (14,5 млн. тонна) 102,6% пайызға артығымен орындалды және 2016 жылға сәйкес 102,8% пайыз өсім көрсетті.
Павлодар мұнай-химия зауытында жаңғырту жұмыстары аяқталды. Барлық қондырғылар жұмыс істеп тұр.
Атырау өңдеу зауытында да жаңғырту аяқталды, қазіргі уақытта зауытта іске қосу жұмыстары жүргізілуде.
Шымкенттік мұнай өңдеу зауытында Кеден одағының Техникалық регламентінің талаптарына сәйкес К-4 және К-5 экологиялық классты дизель отыны мен көлік бензинін шығаратын қондырғылар пайдалануға берілді.
2018 жылы мұнайды қайта өңдеу 15,8 млн.тонн. көлемінде жоспарланады.
Ішкі нарықтың жанар-жағармаймен қамтамасыз етілуі бойынша: бензинмен - 73,5%пайыз, дизельдік отынмен - 83,9% пайыз әуе керосинмен – 52,6% пайызды (жылдық жоспары 47%) құрады.
2018 жылы бензинмен қамтамасыз ету 90% (тоқсан) пайызға және дизельдік отынмен – 83% пайызға жеткізілмек.
Газ өндіру көлемі 52,9млрд.текше метрге жеткізілді, жыл жоспары (48,1 млрд текше метр) 110% пайызға артығымен орындалды және 2016 жылға сәйкес 114%пайыз өсім көрсетті.
2018 жылы газды өндіру жоспары - 53,4 млрд. текше метрге дейін жеткізу жоспарланған.
2017 жылы газдың экспорттық көлемі 17,3 млрд.текше метрді құрады,2016 жылға сәйкес 126,3% пайызға артты. 2018 жылдың жоспары – 17,4 млрд текше метр газ экспорттау.
2017 жылы Қытайға алғашқы газ экспорты басталды, оның келісілген 5 млрд. текше метр көлемінің алғашқы 1,1 млрды жеткізілді. Ал келешекте Қытайға газдың экспорттық көлемін 10 млрд. текше метрге дейін арттыру жоспарланған.
Сұйытылған газдың өндірісі2016 жылға сәйкес 108,2% пайызға өсті және 2,9млн. тоннаны кұрады. Тауарлық газ - 31,6 млрд. текше метр көлеміндеөндірілді, яғни2016 жылға сәйкес 110,9%пайызға өсті.
2018 жылы сұйытылған газ өндіру 3 млн.тонна және тауарлық газды өндіру - 31,9 млрд. текше метр деңгейінде жоспарлануда.
2017 жылда жүргізілген жұмыс нәтижесінде еліміздің газдандыру деңгейі 47,38% пайызды құрады (2016 жылы - 46,35%, 2017 ж. жоспар - 46,52%).
Республикалық бюджеттен 1,3 млрд. теңге қаражат шеңберінде 4) облыстың (Батыс-Қазақстан, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе) 11 елді мекендерінде 8жоба іске асырылды, бұл шамамен 30мың тұрғынның газ мәселесі шешілді деген сөз.
2018 жылы 6 облыста (Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстары мен Алматы қаласы) жалпы сома 12,8 млрд теңгені құрайтын 16 жобаны газдандыру іске асырылады (оның ішінде, 7 аяқталу барысында). 2018 жылы республикада газдандыру деңгейі 47,65% пайыз көлемінде күтілуде.
Мұнай битумының өндірісі үлкен жетістікті көрсетті. 2016 жылға сәйкес 146,7% пайызға артты және көлемі 713 мың тоннаны құрады. Ішкі нарықтың қажеттілігі толық қамтамасыз етілді. Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Қытайға 97 мың тонна битум экспортталды.
2018 жылы мұнай битумын өндіру 740 мың тонна көлемінде жоспарлануда.
Электр энергияның көлемі 2016 жылмен салыстырғанда 108,7% пайызға өсіп, 102,3млрд. квт/сағатты құрады. 2018 жылы оның көлемін 102,4 млрд. квт/сағатқа дейін жеткізу жоспарлануда.
Көмір өндіру (көмір концентратын есепке алмағанда) 106,4 млн. тоннаға жеткізілді, 2016 жылға сәйкес 108,6% пайыз өсім көрсетті.
2018 жылы көмір өндірісі 107 млн. тонна көлемінде жоспарлануда.
Анықтама:
Уран өндірісінің көлемі 2017 жылы 23 390 (жиырма үш мың үш жүз тоқсан) тоннаны құрады,жылдың жоспары (22 мың 125 тонна) 105,7% (жүз бес те жеті) пайызға артығымен орындалды, бірақ 2016 (екі мың он алтыншы) жылға сәйкес 94,7% (тоқсан төрт те жеті) пайызға төмендеді. Төмендету жөнінде шешім әлемдік нарықта уран бағасының тікелей ықпал жасаумен байланысты болды. Уран бағасы: 2017 жылы қарашада – 22,8 долл./фунт кұрады, желтоқсанда – 24,15 долл./фунт болды.2018 жылы уран өндірісінің жоспарлы межесі – 23 124 (жиырма үш мың жүз жиырма төрт) тонна.
2016 жыл бойынша уран бағасының елеулі төмендеуі (47%) орын алды. 2017 жылдың қаңтарда уран өндірісі көлемін 10%-ға - 22 мың тоннаға дейін төмендету жөнінде шешім қабылданды.
Өндіріс көлемін төмендету бағаларға оң әсер етті. Нәтижесінде уран бағасы 20%-ға өсті. Бұл ретте, нарықтағы уран артықшылығы 2020 жылға дейін сақталады. Нәтижесінде уран бағасының жоғары құбылмалығы және сұраныс пен ұсыныс дисбалансы болжануда. Уранның әлемдік нарықтағы күрделі жағдайына қарамастан Қазақстан әлемде көшбасшы ретінде қала бермек.
2017 жыл отын-энергетикалық сектор салаларының көрсеткіштері еліміз үшін рекордтық болды. Министрліктің 2018 жылға бірінші кезектегі міндеті берілген өсу қарқынды ұстап тұру және саланы одан әрі дамытуды ынталандыру.
Президент жолдауына сәйкес, ресурстық әлеуетты одан әрі дамыту негізгі тактикалық міндеттердің бірі болып табылады
Айтылғанды ескеріп, осының басты құралы ретінде Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Кодекс болып табылады, оның нормалары 2018 жылдың шілдесіннен бастап күшіне енеді. Қазірге таңда барлық заңға тәуелді нормативтік-құқықтық актілер пысықталуда.
Жер қойнауын пайдалануда салық саясаты жетілдірілді, өздеріңіз білетіңіздей, осы жылдың қаңтар айынан бастап Салық кодексі күшіне енді.
Сұйытылған мұнай газ нарығында электрондық сауда алаңын іске асыру және оны іске асыру мемлекеттік реттеудің шекті бағасынан кезең-кезеңімен шығару жоспарлануда. Бұл, өз кезегінде, сұйытылған мұнай газды баға белгілеу және бөлу механизмін жетілдірнді.
2018 жылдың желтоқсан айына дейін қажетті заңнамалық нормалар пысықталатын болады.
Астана қаласын газдандыру мәселесі өзекеті болып табылады, сондықтан қаланы газбен қамтамасыз етуде схемалар мен қаржыландыру көздерін іздеу жалғастырылатын болады (2018 жыл желтоқсан).
Мұнай-газ-химия саласында полипропилен өндіру жобасының құрылыс жұмыстары басталады. (құны 2,6 млрд. АҚШ доллары, қуаттылығы жылына 500 мың тонна). Зауыт объектілерінің құрылысы және ұзақ жасау тапсырыс жабдықтары. Құрылыс мерзімі 2021 жылға дейін.
Полиэтилен өндірісі жобасы бойынша (құны 6,5 млрд. АҚШ доллары, жылына қуаттылығы 1,2 млн. тонна) қарыздық қаржыландыруды тартуға ТЭН аяқталады және инвесторлар үшін
мемлекеттік қолдау шараларын пысықтау қажет.
Анықтама:
1. газосепарациялық орнату және тауарды мемлекеттен қаржыландыру (1,07 млрд. АҚШ доллары);
2. құны 30 жыл тіркелген бағамен тұрақты шикізат (газ) жеткізу кепілдіктер беру бойынша;
3. Жобаны іске асыру кезеңінде заңнаманың тұрақтылығы, салық және құқықтық режимін қоса алғанда,
4. қарыз тартудағы мемлекеттік кепілдік (2,6 млрд. АҚШ доллары).
Электр энергетикасы саласында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарымен энергиямен қамтамасыз ету схемасын жеңілдету мен сенімділікті арттыру мақсатында өңірлерде энергия беруші ұйымдардың ірілендіруі көзделген. 2018 жылы өз қызметін 15 энергия беруші ұйым тоқтату керек.
Жалпы, 2022 жылға энергия беруші ұйымдардың саны 30%-ға, яғни 160-тан 100-ға дейін қықаруын күтеміз.
«Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде Семей-Ақтоғай-Талдықорған-Алматы 500 кВ Шүлбі ГЭС құрылысының II – кезеңі аяқталады. Осылайша, «Солтүстік – Шығыс - Оңтүстік» аймақаралық жоба толығымен 2018 жылдың сонына қарай аяқталады. Жоба Алматы және Шығыс Қазақстан облысындағы электр энергиясына тапшылықтың орнын толтыруға және энергетикалық тәуелсіздікті күшейтуге бағытталған.
Өздеріңізге мәлім, 2019 жылдан бастап электр қуатының нарығы жұмыс істей бастайды. Осы нарықтың жұмыс істеу Ережелері бойынша ақпараттылықты дайындау және арттыру үшін, Министрлік осы жылы 3 кезеңде электр қуаты нарығының жұмыс істеуі бойынша «Іскерлік ойын» өткізуді жоспарлап отыр (еліктеу тәртібінде).
Қоршаған ортаны қорғау саласында 2017 жылдың қорытындысы бойынша қоршаған ортаға өнеркәсіптік кәсіпорындардың эмиссиясынның көлемі 2016 жылғы көрсеткішпен бірдей болды: шығарылу - - 2,3 млн. тонна (2016 жылы - 2,28 млн. тонна, рұқсат етілген көлемі 4,5 млн. тонна), төгінділер - 1,1 млн. тонна.
Бүгінгі таңда, қалдықтармен жұмыс істеу бойынша ахуал мынадай:
- қайта өңделген және кәдеге жаратылған өндіріс қалдықтарының үлесі 30,9 % құрады (жоспар бойынша-30,5%);
- қайта өңделген және кәдеге жаратылған ҚТҚ үлесі 9% - ды құрады (жоспар бойынша - 7 %);
- қалдықтарды жинау мен шығару жөнінде қызметпен қамтамасыз етілген халық 69% - ы тиесілі.
- полигондарын, тиісті экологиялық талаптар мен санитарлық нормаларға сәйкес үлесі 16% - ды құрайды
ҚР "жасыл" экономикаға көшу жөніндегі тұжырымдамаға сәйкес келесі мақсатты индикаторлар орнатылған:
–қалдықтарды қайта өңдеу 2030 жылға 40% - ға, 2050 - 50 % үлесін жеткізу;
– халықты ҚТҚ шығаруды 2030 жылға 100 пайызбен қамтамасыз ету әкетуге;
– 2030 жылға 95% ҚТҚ полигондары экологиялық талаптар және санитарлық қағидаларға сәйкес болуы тиіс.
2017 жылы бизнеске жүктемені азайту мақсатында тәуекелдер дәрежесін бағалау жүйесі енгізілді, сол арқылы
экологиялық заңнамасын сақтауда тексерістің саны 55 % дейін қысқарды 2017 жылы – 1753, 2016 жылы - 3177 тексеріс).
2017 жылы парниктік газдардың шығарындыларын реттеу саласында заңнамалық база жетілдірілген болатын.
2018-2020 жылдарға парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлу бойынша Ұлттық жоспары бекітілді. Кәсіпорындар үшін квотаны белгілеу әдіспен бөлінді: тарихи мәні және парниктік газдар шығарындыларының үлестік коэффициенттерін қолданып.
Бұл, өз кезегінде, квотаны беруде кәсіпорындар арасында бәсекелестіктікті ынталандыру және кәсіпорындардың парниктік газдар шығарындыларын қысқарутға ықпал жасауйды.
Орхусс конвенциясына сәйкес қабылданған экологиялық заңнамаланың түзетулеріне сәйкес келтіру мақсатында заңнамалық өзгерістер қабылданды және ортаны қорғау және табиғатты пайдаланудағы мәселелерді қабылданған шешімдер процестерінің ашықтығын қамтамасыз етеді.
Ауа райын болжауды жақсарту мақсатында, оның ішінде қауіпті және апатты гидрометеорологиялық құбылыстарды, Министрлікпен 2018-2020 жылдарға арналған Ұлттық гидрометеорологиялық қызметін дамыту жөніндегі Іс-шаралар кешенін әзірленді.
2018 жылы "Болашақ Энергиясы" инвестициялық жобалары және "жасыл" технологияларды дамыту бойынша Халықаралық орталық өз жұмысын бастайды.
Өздеріңіз білетіңіздей, көптеген халықаралық даму банктері жасыл жобаларға ғана инвестициялауға шешім қабылдады. Сондықтан Орталықтың жұмысы жасыл жобаларға инвестицияларды тартуға бағытталады.
Министрлікпен Эколгогиялық кодекстің жаңа редакциясын әзірлеу жоспарланады:
- экологиялық заңнаманы ЭЫДҰ-ның нормаларына сәйкестендіру;
- табиғат пайдаланушыларды жасыл технологияны енгізуге ынталандырады.
2018 жылы біз Кодексті әзірлеуге үкіметтік емес ұйымдардың барлық мүдделі қатысушыларын, экологтар, қоғам және халықаралық сарапшыларды шақырамыз.
2019 жылдың желтоқсанында Кодекс жобасын Парламентке енгізу жоспарлануда.
Бұдан басқа, осы жылы біз әкімдіктермен белсенді шағын және орта бизнеске қолайлы жағдайлар жасау бойынша нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша жұмысты жалғастырамыз, оның ішінде:
- бөлек жинауды енгізуге, сұрыптау және қалдықтарды қайта өңдеуге жеке инвестицияларды тарта отырып, қалдықтар көлемін азаю мқсатында;
- тұрғындарды қоқыс шығарумен қамтамасыз ету,
- полигондар мен қоқыс тастайтын жерлерді санын оңтайландыру;
- үгіт халықты бөлек-бөлек жинауда ақпараттық жұмыс жасау.
Сапалы өзгерістер «Жасыл» энергия нарығында да жоспарланған. Жаңартылатын энергия көздері нарығы жыл сайын өсіп келеді, 2017 жылы 1,1 млрд. КВт/сағ өндірілді, бұл 2016 жылға қарағанда 22% артық. 2018 жылдың жоспары – 1,7 млрд. кВт/сағ (154,5 % 2017 жылға). Ағымдағы жылы қуаты 123 МВт болатын 10 ЖЭК обьектісін енгізу жоспарланып отыр. (2017 ж – 5 обьект).
Ағымдағы жылдың қазан айында жалпы қуаты 1 ГВт болатын ЖЭК жобалары үшін алғаш рет халықаралық аукциондық сауда-саттық өткізіледі.
Табысты аукционда біз екі мәселені шешеміз: (1) жаңартылатын энергияның құнын төмендету және оның ел экономикасына ықпалын және (2) жаңартылатын энергия саласындағы алдыңғы қатарлы технологияларды тарту.
Жалпы алғанда, жаңартылатын энергия көздерін дамыту және қоршаған ортаны қорғау саласына Мемлекет басшысының Жолдауында үлкен көңіл бөлінді.
Құрметті журналистер, баяндамамның аяғында, 2017 жылдың қорытындысы, тиісінше 2018 жылға жұмысты неғұрлым жоғары деңгейде жұмыс істеу үшін талап қойды. Біздің негізгі міндеттеріміз және оларды іске асыру бойынша талаптар қойылды, Министрлік ол көрсешкіштерге жетуге барлық ресурстарды қолданаты болады.
Назарларыңызға рахмет!