Меню

Страницы

Статья

ҚР Энергетика министрі Қ.А. Бозымбаевтың 2017 жылдың жұмыс қорытындылары және 2018 жылға қойылған міндеттер бойынша Министрліктің кеңейтілген алқа отырысында сөз сөйлеуі

Құрметті отырысқа қатысушылар, әріптестер!

Бүгінгі кеңейтілген алқа отырысында Энергетика министрілігінің 2017 жылдың жұмыс қорытындылары және 2018 жылға қойылатын міндеттері туралы баяндауға рұқсат етіңіздер.

Мұнай өнеркәсібі

Министрлік өз қызметін 3 стратегиялық бағыт бойынша жүзеге асырады:

-  мұнай-газ және мұнай-газ-химия саласын дамыту

- электр энергетика, көмір өнеркәсібі, атом энергиясын пайдалану салаларын дамыту

- қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру және жақсарту.

Өткен жылы Министрлік осы бағыттарда негізгі көрсеткіштер бойынша біраз жетістіктерге жетті.

2017 жылы мұнай өндірісінің көлемі 86,2 млн.тоннаны құрады, 2016 жылдың деңгейімен салыстырғанда 10,5% (78 млн. тонна) құрады.

Ең жоғары өндіріс көлемі Атырау және Маңғыстау облыстарында қамтамасыз етілді.

Мұнай өндірудің 2018 жылға арналған жоспары 87 млн. тоннаны құрайды.

2017 жылы өндірістің негізгі өсуі Қашаған кен орнындағы тұрақты өсуге (8,2 млн.т), сондай-ақ, Теңіздегі (28,7 млн.т) және Қарашығанақтағы (12,5 млн.т.) өсуге байланысты.

2018 жылы негізгі өсу Қашаған есебінен күтіледі. Қашағандағы өндіріс жоспары 11 млн.тоннаны құрайды.

Сонымен бірге, аталған кен орындардың кеш пайдалану кезеңіне және табиғи сарқылуына байланысты Қызылорда  және Ақтөбе топтарының кен орындарындағы өндірістің төмендеуі күтіледі.

2017 жылы мұнай экспорттау көлемі 69,8 млн. тонн құрады, 2016 жылға өсім – 12,4%.

2016 жылы Brent маркасы мұнайдың орта бағасы 45, 2017 жылы – шамамен бір баррель үшін 54 АҚШ долл. құрады. 2018 жылға болжам шамамен бір баррель үшін 55-60 АҚШ долл.

2017 жылғы 30 қарашада ОПЕК+ кездесуінде қатысушы мемлекеттер мұнай өндіруді шектеді кеңейтуге 2018 жылдың соңына дейін келісті.

2017 жылдың негізгі оқиғалардың бірі Каспий құбыр консорциумының қазақстан аумағында 52 млн. тоннаға дейін құбыр желісінің қуатын кеңейту Жобасының аяқталуы. 2017 жылы КҚК мұнайқұбыры бойынша 49,6 млн. тонн. тасымалдаған.

Тұтас айтқанда, мұнайды экспорттау бойынша мемлекеттің техникалық мүмкіндігі жылына 100 млн. тонн. құрайды.

Мұнай өңдеу көлемі 14,9 млн.тоннаны құрады, 2016 жылмен салыстырғанда өсу - 2,9%.

2017 жылдың негізгі оқиғасы екі мұнай өңдеу зауытын қайта жөндеу және жаңғырту жобаларының аяқталуы болды (Павлодар және Атырау).  

2018 жылы Шымкент мұнай өңдеу зауытының жаңғыртылуын аяқтау жоспарланған.

2018 жылы мұнай өңдеу көлемі 1,1 млн. тоннаға артып, 16 млн. тоннаны құрайды.

Жаңғыртылған МӨЗ пайдалануға берілгеннен және жобалық қуатына шыққаннан соң 2018 жылдың екінші жартыжылдығында:     

1) еліміздің нарығын отандық мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету, бензин, дизельдік отын және авиакеросин бойынша импортқа тәуелділікті жою (сертификаттаудан соң);

2) өңдеу тереңдігін орта есеппен 63%-дан  83%-ға арттыру;

3) К4, К5 экологиялық класс өнімді шығару;   

4) ЖЖМ экспорттауға мүмкіндік күтіледі.

Жыл бойынша отандық ЖЖМ ішкі нарығы бензиннің - 90% (2017ж. - 73,8), дизельдік отынға - 90% (2017ж. - 86%), авиакеросині - 70% (2017ж.- 50%), мазутқа - 100% (2017ж. - 100%) тиесілі болады.

Global Petroleum Prices халықаралық рейтинг агенттігі ай сайын ЖЖМ бағасы ең төмен мемлекеттердің рейтингін жасайды.

Талдау үшін Аи-95 жоғары октанды бензин және дизельдік отынның бағасы пайдаланылады. Рейтингте әлемнін 167 елінің мәліметтері қолданылған.

Агенттіктің мәліметтері Халықаралық Валюта Қорымен, сонымен қатар, Barclays, McKinsey, Bloomberg сияқты жетекші талдау агенттіктердің есептерінде қолданылады.

2018 жылғы 19 ақпандағы рейтингте бензин бойынша ең арзан бензин мен мемлекеттердің ішінде Қазақстан 15 орын алады (0,56 $/литр). Әлем бойынша бензиннің орташа бағасы - 1,15 $/литр. Автокөлік бензинінің бағасы ең арзан мемлекет (1-ші орын) - Венесуэла (0,01 $/литр). Автокөлік бензинінің бағасы ең қымбат мемлекет (167-ші орын) – Исландия (2,10 $/литр).

Дизельдік отын бойынша Қазақстан 14 орын алады
(0,50 $/литр). Әлем бойынша дизельдік отынның орташа бағасы
1,04 $/литрді құрайды. Сондай-ақ, дизельдік отынның бағасы ең арзан мемлекет (1-ші орын) - Венесуэла (0,009 $/литр), ал бағасы ең қымбат мемлекет (167-ші орын) – Исландия (2,02 $/литр).

ТМД бойынша салыстырсақ, бензин бағасы бізден тек Түрікменстанда арзан (0,43 $/литр), ал дизельдік отын Әзірбайжанда (0,35 $/литр) және Түрікменстанда (0,38 $/литр).

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 4 МӨЗ құрылысы мәселесі пысықталуда.

Өткізілген талдау бойынша, тұтынудың болжамды өсуін есепке алумен 2021-2023 жылдар аралығында бензин жетіспеушілік туындайды, дизельдік отынның жетіспеушілігі 2023 жылға және авиакеросиннің жетіспеушілігі 2026 жылдан кейін.

Министрліктің жетекшілігімен «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясы 2018 жылдың 2-ші жартыжылдығына дейін ТЭН дайындайды.  2-ші жартыжылдықта МӨЗ-дің құрылыс мүмкіндігі, орналасқан орны және қуаты бойынша шешімдер қабылданады.

Жер қойнауын пайдалану, Геологиялық барлау

2017 жылдың желтоқсанында Мемлекет басшысы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекске қол қойды. Кодекс жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша әкімшілік рәсімдерді айтарлықтай жеңілдететін және тұтастай алғанда жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша әкімшілік кедергілерді азайтатын нормалар әзірледі.

Жаңа нормалар SPE-PRMS көмірсутегі қорларын есепке алу және бағалау үшін халықаралық стандарттарға көшуге мүмкіндік береді.

Өз кезегінде халықаралық резервтердің жүйемен үйлестіру резервтерді есептеудің бірыңғай жүйесін сақтауға, есептердің қайталануын болдырмауға, бағалаудың сенімділігін арттыруға және болжамды өндірістің дәлдік дәрежесін арттыруға мүмкіндік береді.

Жалпы алғанда, бұл саланың инвестициялық тартымдылығын арттырады.

Практикалық нәтижені синергиялық әсерге қол жеткізетін, жердің әр түрлі бөліктеріндегі кен орындарын бірлесіп дамытуға серпін беретін Кодекс нормалары бағытталған теңіз жобаларын насихаттау мәселесінде көруге болады (150-бабы және т.б.).

2017 жыл соңында Исатай жобаға паритет негізінде 50% үлесімен ENI-ні кіру бойынша келісім жасалды. Бұл Казмұнайгаз пен ENI жоба жұмыстарын басталуға мүмкіндік береді және өздік технологиялар пайдаланып барлауының перспективаларын көтереді.Осы жобалар үшін салық перференциялар пакеті  Салық кодексінде көзделді.

Ақтоты мен Қайран жобалар бойынша осы кен орындарын игеру мерзімін 2022 жылға дейін ұзарту СРП-ға өзгерістерді енгізу туралы келісімге қол жеткізуге мүмкіндік берді. Бұл жобалардың экономикасын жақсартуға және республика бюджетіне төлемдердің түсуіне себепші болады.

  Хазар и Қаламқас-теңізді игеру жобасы бойыншаағымдағы жылы келіссөздер жалғасуда және оң нәтижелерге қол жеткізуді күтеміз.

  2017 жыл қорытындысы бойынша саланың жер қойнауын пайдалануға арналған жаңа келісімшарттарды алуға жоғары қызығушылық танытып отырғандығы туралы айтуға болады. 

  2017 жылы Министрлік жер қойнауын пайдалану құқығын ұсынуға арналған конкурс өткізіп, оның нәтижесінде 9 учаске бойынша қол қойылатын бонустардың жиынтық мөлшері шамамен 7,5 млрд. теңгені құраған (2016 жылы бұл сома 1,353 млрд. теңгеге, 2015 жылы 1 млрд. теңгеге тең болған), өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына жасалатын жыл сайынғы төлемдер 600 млн. теңге деңгейінде күтілуде.

2018 жылы шілде айынан бастап Кодекстің жаңа нормаларының іс жүзінде іске асырылуы басталатын болады. Қазіргі уақытта Министрлікке заңға тәуелді 52 НҚА әзірлеу бекітіліп берілген.

2018 жылы 12 учаске бойынша өткен жарияланған (2017 ж. қарашада) конкурстың қорытындысын шығару және 11 учаске бойынша аукцион (көмір – 8, КСШ - 3) жүргізуді  жоспарлаймыз.

Осылайша, Кодекстің қабылдануы геологиялық барлаудың дамуына жаңа серпін беріп, республикаға жаңа инвестициялардың тартылуына ықпал етеді.

Газ саласы

2017 жылы 52,9 млрд.м3 газ өндірілді (2016 жылға қарағанда 114% немесе 2017 жылғы жоспарға 110% ). 2018 жылға жоспар - 53,5 млрд.м3

Тауар газы өндірісі бойынша 2016 жылға қарай өсім 10,9%, сұйытылған газ - 8,8% құрады. 2017 жылы бүкіл ел бойынша табиғи газды тұтыну 6% -ға артты.

Халықты газдандыру газ саласының негізгі міндеті болып қала береді. Қазіргі уақытта елдің газдандыру деңгейі 47,38% құрайды (бұл 2016 жылғы деңгейден 102,2% - 46,35%).

2018 жылға газдандыру жоспары 47,65% құрайды.

2017 жылы республикалық бюджет есебінен 17 жоба іске асырылды (8 аяқталуда) жалпы сомасы - 12,9 млрд. теңге, ол 6 облысты өзіне қосады (Қызылорда, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе және Алматы облыстары), 30 мыңға жуық адам газға қосылу мүмкіндігін алатын болады.

«ҚазТрансГаз» АҚ 2017 жылы 7,2 млрд. теңге соммаға газдандыру жүргізді, бұл халықтың саны шамамен 54 мың адам тұратын Ақтөбе, Қостанай және Маңғыстау облыстарының 10 елді мекеніне газ беруді қамтамасыз етті.

2017 жылы газ құбыры жүйесінің қосымша қуаттарын іске қосқаннан бастап, «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбыры және Қазақстан-Қытай газ құбырының «С» желісі арқылы Қытайға газды экспортқа шығарудың техникалық мүмкіндіктері пайда болды.

2017 жылы алғаш рет Қытайға 1 млрд. текше метр көлемінде газ экспортталды. Газды жылына 5 млрд. текше метрге дейін жеткізуге келісімшарт жасалды.

Болашақта Қытайға газды жылына 10 млрд. текше метрге дейін жеткізу мүмкіндігін арттыру көзделуде. Бұл отандық компаниялардың табысын және бюджетке кірістерді арттырады.

Осылайша, тарихта алғаш рет республика баламалы экспортқа мүмкіндік алды.

Мұнай-газ және химия өнеркәсібі

Мұнай-газ және химия өнеркәсібінде мұнай битумымен ішкі нарықтың сұранысы толығымен қамтамасыз етілді. 731 мың тонна битум өндірілді, бұл 2016 жылға 150% құрайды.

Экспорттық кедендік баж салығын (бір тонна үшін 60 АҚШ доллардан 15 евроға дейін) азайту бойынша қабылданған шаралар жол битумы экспортының 99 мың тоннаға дейін артуына мүмкіндік берді (98% Өзбекстан Республикасына жіберілген), салыстыру үшін 2016 жылы экспорт 13,5 мың тоннаны құрады.

2017 жылдың соңында қуаттылығы жылына 500 мың тонна және құны 2,6 млрд. АҚШ долларын құрайтын полипропиленді өндіруге арналған газ-химия кешені құрылысы басталды.

2018 жылы ұзақ мерзімді жабдықтар мен зауыт құрылыстарын рәсімдеу басталады. Жалпы, құрылыс кезеңінде 3 мыңға жуық жұмыс орны құрылады (қолданыста - 500). Кешеннің іске қосылуы 2021 жылы.

Сондай-ақ,  Полиэтилен өндірісі екінші ірі газ-химиялық жобасына несие беруді қаржыландыру үшін техникалық-экономикалық негіздемені аяқтау жоспарланып отыр, оның құны 6,5 млрд. АҚШ доллар , қуаты жылына 1,2 млн. тоннаны құрайды.

Жобаны іске асыруға ірі трансұлттық компания қызығушылық көрсетіп отыр, біз бірлескен кәсіпорын құру туралы келіссөздер жүргізіп жатырмыз.

Тек аталған екі жобаны іске асыру,  Полипропилен (жылына 500 мың тонна) және Полиэтилен (жылына 1,250 мың тонна), 9 миллиард АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартатын болады, құрылыс кезеңінде 10 000 жұмыс орнын, ал жұмыс кезінде 1000 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Жоғары конверсиялық өнім шығару 2025 жылға қарай ағымдағы 23 млрд. теңгеден 395 млрд. теңгеге дейін артады.

Осылайша, қысқа мерзімді перспективада мұнай және газ химиясы Қазақстан экономикасын шикізаттан жоғары қосылған құнды өнімге дейін қайта бағыттаудың қозғаушы факторларының бірі болады және Энергетика министрлігі бұл бағытта жүйелі түрде жұмыс істейтін болады.

Электроэнергетика

Электроэнергетика саласына, назар аударсақ.

2017 жылы электр энергиясы өндіру көлемі 102,3 млрд. кВтсағатты құрады және 2016 жылмен салыстырғанда 8,7%  пайыз өсім көрсетті.

2018 жыл жоспары - 102,4 млрд. кВтсағаты.

Бұл ретте, энергия өндіруші компаниялардың қуаттық резерві (қоры) ең жоғары (максимум нагрузки) жүктемеге 3000 (үш мың) МВт-тан артық, яғни шамамен 22-25% (жиырма екі – жиырма бес) пайызы құрайды. Бұл 2025 (екі мың жиырма бесінші) жылға дейін тұтынудың қажетті көлемін толығымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

2018 жыл соңына «Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік» 500 кВ желісі өңіраралық жобасының ІІ кезеңі аяқталатын болады. Қәзіргі қалған 338 шақырым желісі салынуда.

Осы жоба Шығыс-Қазақстан мен Алматы облыстарының электрмен жабдықтау сенімділігін арттыруға және энергетикалық тәуелсіздікті нығайтуға бағытталған.

Сонда, транзиттің өткізу қабілеті 2 100 МВт-қа дейін артылмақ.

Көмір өнеркәсібі

Көмір өнеркәсібінің көрсеткіштері бойынша тұрақты өсуі байқалды. 2017 жылы көмір өндіруші компанияларымен 106,7  млн. тонна көмір өндірілді, бұл 2016  жылға 108,3%  құрады.

Қазақстанның электр станцияларына 56,3 млн. тонна көмір жеткізілген, ол 2016  жылдың деңгейінен 14,4 пайызға ұлғайды (49,2 млн.тонна).

2017 жылы коммуналды тұрмыстық қажетілігіне және тұрғындарға көмірді жеткізуі 12,5 млн. тоннаны құрады, бұл 2016 жылға 18% пайызға өсім көрсетті (10,6 млн. тонна).

2017 жылы 29,3 млн. тонна көмір экспортталды, 12% пайызға арттылды (26,2 млн. тонна).

Ағымдағы жылдың қаңтар айында жалпы нормадан ауытқыған төмен температураға байланысты көмірге сұраныс өсті. Қатты борандар, содан кейін созылған аяздар көмір кеніштердегі гидравликалық жабдықтарының бұзылуына әкеп соқты. Өз кезегінде, тау-кен және жүктеу жұмыстардың жоспарларын орындалмауына және көмірді жеткізудегі үзілістерге дәл әкеп соқты.

Тұрғындарды көмірмен қамтамасыз ету мәселесі жергілікті атқарушы органдардың құзыретінде. Көмір өндіруші кәсіпорындарының міндеті «Қазақстан темір жол» қоғамымен бірлесіп коммуналды-тұрмыстық секторға және тұрғындарға толық және уақтылы қамтамасыз ету.

Ел өңірлерінде көмірге деген сұраныс халық және өнеркәсіптік сектор үшін  көмір өнеркәсібінің жоғары ролін көрсетті.

Бүгінгі күні Энергетика министрлігі коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге көмірді жеткізуді ұлғайту және көмір өнеркәсібінің әрі қарай дамуы үшін бірқатар шаралар қабылдайды.

Көмір кәсіпорындары, Қазақстантеміржолы және Ұлттық экономика министрлік өкілдерімен Штаб құрылды. Коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге және тұрғындар үшін көмір жеткізудің күн сайынғы мониторингісі жүргізілуде. Жалпы өңірлерде жағдай тұрақты бақылауда.

Энергетика министрлігі әкімдіктермен бірігіп келесі 2018 (екі мың он сегіз) - 2019 (екі мың он тоғызыншы) жылдар жылыту маусымға халық және коммуналды сектор үшін көмірдің қажетті көлемі бойынша тапсырыстарды жинауы басталды.

Ағымдағы жылы мамыр айында біз өңірлердің қажеттіліктерін анықтап, кесте әзірлеп, өңірлердің кәжетті көлемдер бойынша тапсырманы көмір өндіруші кәсіпорындарға ұсынамыз.

Уран өнеркәсібі

2017 жылда 23390 тонна уран өндірілді, 2017 жыл жоспарына 105,7% және 2016 жылға 94,7%-ды құрады.

Сонымен қатар, әлемдік масштабта ядролық отынды қолдану перспективасы бар. Халықаралық атом энергиясы бойынша агенттіктің болжамына қарасақ, 2030 жылға дейін атом қуаттылығы екі есеге өсіп, 700 ГВт-тан асады. Азиялық өңірлерде - Қытай, Үндістан, Оңтүстік Корей, Түркия, Біріккен Араб Эмираттары жалпы сыйымдылығы шамамен 60 ГВт құрайтын 60 энергоблоктің құрылысы жүріп жатыр. Қазіргі таңда, Қытайда 20 блок құрылыста және шамамен 30 блоктің құрылысы жоспарланып отыр.

Сондықтан, конверсия, уранды байыту, отын құрамаларын өндіру - ядролық-отын циклінің вертикалды интеграцияланған кешені дамытуға маңызды.

1. Уранды байыту бойынша 2017 жылы өндірістік бағдарлама толығымен орындалды.

2. Уранды конверсиялау бойынша 2017 жылда зауыт құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленді.

 Осы құжатқа оң қорытындысы болған жағдайда, 2019 жылы құрылыс-монтажды жұмыстары басталмақ.

3. Ядролық отынды өндіру бойынша «Ульба-ТВС» базасында Өскемен қаласында ТВС зауытының құрылысы жүргізілуде. ТВС зауытын іске қосуы 2019  жылда жоспарланады.

 «Жасыл экономикаға» көшу

Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында анықталған басымдықтарының бірі елдегі жаңартылатын энергия көздерінің үлесін арттыру, «жасыл» технологияларға көшу, қатты тұрмыстық қалдықтарды қазіргі кезде өңдеу және кәдеге жарату арқылы ресурстық әлеуеттің одан әрі дамуы болып табылады.

2018 жылы Экологиялық кодекстің тұжырымдамасын әзірлеу және Заң жобалық жұмыстардың жоспарына оны енгізуге жоспарлануда. Кодекс жобасын Қазақстан Республикасы Парламентіне 2019 жылы желтоқсан айында енгізуді жоспарлаймыз.

Жаңартылған энергия көздерін дамыту

Жаңартылатын энергия көздері нарығының әлеуеті Қазақстан Республикасының «Жасыл экономикаға» көшу Тұжырымдамасында анықталған, онда біз жаңартылатын энергия көздерінің үлесін тиісінше 2020, 2030 және 2050 жылдарға қарай 3, 10 және 50 пайызға жеткізу мақсатын алға қоямыз.

Соңғы 5 жылда пайдалануға 336 МВт қуаттар енгізілді (жел станция – 107 МВт, күн станция - 58 МВт, кіші гидростанция -171, 1 био газ қондырғысы – 0,35 МВт).

2017 жылда 1,1млрд. кВтсағат «жасыл» энергия өндірілді, 2016 жылға 22%пайызға өсім көрсетті.

Жалпы энергетикада жаңартылатын энергия көздерінің үлесі 1,08% пайызды құрады, ал 2018 жылы – 1,6 пайыз құрылмақ.

2017 жылы инвестицияларды тарту бойынша жұмыстар жүргізілді. Осы инвестициялар жақын жылдарда жаңартылатын энергия көздерінің 600-700 МВт қуаттарын салу мүмкіндігін беретініне сенімдіміз.

Министрлікпен 2017 жылы жаңартылатын энергия көздері жобаларын іске асырудың аукциондық механизмін енгізу үшін заңнамалық және институционалдық базасы құрылған.

2018 жылы пилоттық ретінде есептеледі, электрондық аукциондарды сынаймыз. Осы жылға жаңартылатын энергия көздерінің 1 ГВт қуатты ұсынуға жоспарламақ.

Барлық нормативтік-құқықтық базасы дайын, жақында аукциондарды өткізу кестесін жариялаймыз, бірінші аукционды бірінші жартыжылдықта өткіземіз. Одан әрі басқа мемлекеттерде сияқты механизмді аукционнан аукционға көшу арқылы жетілдіреміз.

Экологиялық реттеу

Сонымен қатар біз бизнестің ауыртпалығын төмендету бойынша ұлттық заңнаманы жетілдіру бойынша үнемі жұмыс жасаймыз. Осылайша, Іскерлік кодекстің 141-бабына сәйкес табиғатты қорғау саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау жүйесі енгізілді, бұл табиғат пайдаланушыларға тексеруді екі есе қысқартуға мүмкіндік берді: 2016 жылы 3177 тексеруден 2017 жылы 1753 дейін.

Сонымен бірге табиғат пайдаланушылардың табиғат қорғау іс-шараларын қаржыландыру көлемі 2017 жылға 110,8 млрд. Теңгені құрады, бұл шамамен екі есе жоғары.

Қалдықтарды басқару

2017 жылы қалдықтарды басқару саласында қайта өңдеу және қайта өңделген өнеркәсіп қалдықтарының үлесі 30,9% құрады, бұл 2016 жылға қарай 112% құрайды, қайта өңдеуден өткен және қайта өңделген тұрмыстық қатты қалдықтардың үлесі үш есеге артты: 2,6% -дан 9%-ға дейін .

2016 жылы машиналар, шиналар, майлар мен аккумуляторлар өндірушілер мен импорттаушылардың кеңейтілген міндеттемелері енгізілді. 2017 жылы электр жабдықтары мен қаптамалары үшін.

ӨКМ операторы кәсіпорындарға ӨКМ-ге түсетін қалдықтарды жинау және өңдеуге жұмсалатын шығындар үшін өтеледі.

ӨКМ кезеңінде (2016-2017 жж.) 136 мың тонна қалдықтар жиналды және өңделді. Қайта өндеушілерге төлемдер сомасы 5,2 млрд. теңгені құрады.

955 млн. теңге сомасына сынап бар шамдарды және аккумуляторларды жинауға арналған 2,321 бірлік контейнерлер өндірілді және әкімдіктерге берілді. Жеке және заңды тұлғалардан 5,6 млрд. теңгеге 39 665 көлік сатып алынды.

Ескі машиналарды қайта өңдеуге қабылдау және өтемақы төлеу халықтың оң қоғамдық пікірге ие болды. Бұл бағдарлама отандық автомобиль паркін жаңартуға, өңірлердегі экологиялық жағдайды жақсартуға ықпал етеді.

Ескі автомобильдерді қайта өңдеу Қарағанды қаласында жылына 50 мың машина өндіретін зауытта жүзеге асырылады. Зауыттың өндірістік процесі ескі вагондарды қайта өңдеудің толық циклін қамтиды, оларды қабылдаудан / зауытқа жеткізуден бастап қайталама шикізатты алғанға дейін.

Бұл отандық экологиялық таза көлік құралдарын өндіруді ынталандырады. ӨКМ шеңберінде электр құю станцияларының инфрақұрылымын дамыту бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыру туралы шешім қабылданды - Астана және Алматы қалаларында электр құю бекеттерінің 109 бірлігі.

Жасыл экономика бойынша Мемлекет басшының бастамаларын іске асыру

Жасыл технологияларды қолдануда бизнесті ынталандыру ерекше мән беріледі. Құрылатын «Жасыл технологияларды» және «Болашақ энергиясы» инвестициялық жобаларды дамыту бойынша Халықаралық орталық жобаларды одан әрі іске асыру үшін индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне ең жақсы қол жетімді технологиялар тізбесін құрастыру, сараптамалық қорытынды және (немесе)        технологияларды пайдалану бойынша ұсыныстар берумен айналысатын болады деп күтілуде. 

Реестрді жүргізу кәсіпкерлікті «жасыл» экономикаға көшуге ынталандыру бойынша шаралар қатарына жатады, өйткені, ең алдымен, дамыған елдердің табиғи ресурстары пайдаланушылары жұмыс істейтін жан-жақты экологиялық рұқсат алуға; екіншіден, көптеген халықаралық даму банктерімен инвестициялау туралы шешім қабылданған жасыл жобаларды іске асыру үшін мүмкіндік береді.

Орталықтың ашылуы ағымдағы жылдың маусым айына жоспарланып отыр және қазіргі уақытта Орталықты ашудың барлық ұйымдастырушылық мәселелері пысықталуда.

Экспо 2017 мұрасы

ЭКСПО 105 технологиясын енгізу мәселесі белсенді пысықталуда. Әкімшілікпен 90 технологиял пысықталуда, компаниялармен – 14 энергияны үнемдеу, суды тазарту, зияткерлік желілер мен кәсіпорындарда ЖЭК пайдалану технологиялары таңдалды.

2018 жылы 13 технологияны енгізу жоспарлануда, олардың ішінде 11 технология – Қостанай, Павлодар, Ақтөбе, Қарағанда және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдіктері.

 Құрметті алқа қатысушылары!

Сіздердің назарларыңызға Энергетика министрлігінің жұмыс қорытындылары мен алға қойылған міндеттері туралы ақпарат ұсындым. Өкінішке орай, уақыттың тығыздығына байланысты, баяндаманы аяқтаймын.

Жетекшілік ететін салалар бойынша алдымызда тұрған жауапты міндеттер анық. Біз барлық күш-жігерімізді қойылған мақсаттарға жетуге бағыттайтын боламыз. Ол үшін Министрліктің барлық мүмкіндіктері бар.

Назарларыңызға рахмет!

Дата публикации
23 февраля 2018
Дата обновления
10 февраля 2020
Тип
Сөз сөйлеу

Сейчас читают

29 октября 2025
Жизненные ситуации
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Хабарлама
20 апреля 2023
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы