Меню

Страницы

Статья

2018 ж. 13.03 Үкімет отырысында Астана қаласын газдандыру бойынша Министрдің баяндамасы

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!

Мемлекет басшысы 2018 жылғы 5 наурызда Қазақстан халқына арналған үндеуінде бір-бір жарым жыл ішінде «Қызылорда – Жезқазған- Қарағанды – Теміртау – Астана» бағыты бойынша «Сарыарқа» магистральдық газқұбырын салу жобасын жүзеге асыруды тапсырды.

Мемлекет Басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 7 наурызда Энергетика министрлігінде мүдделі мемлекеттік органдар,  Қызылорда, Қарағанды, Ақмола облыстары және Астана қаласы әкімшіліктері мен Самұрық-Қазынаның қатысуымен селекторлық кеңес өткізілді. Онда Жобаны жүзеге асыру бойынша Министрлікпен әзірленген Жол картасы мақұлданып, менің төрағалығыммен Жұмыс тобы құрылды.

Сонымен, жауапты мемлекеттік органдар мен компанияларды біз мынадай бағыттар бойынша анықтауға келістік:  

  1. «Қызылорда – Жезқазған- Қарағанды – Теміртау – Астана» бағыты бойынша магистральдық газқұбырының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуді, бекітуді және жер бөлуді қамтамасыз ету. Жауапты орындаушылар: Энергетика министрлігі (жинақтау), Инвестициялар және даму министрлігі, Қызылорда, Қарағанды, Ақмола облыстарының және Астана қаласы әкімдіктері, «ҚазТрансГаз» Акционерлік қоғамы. Мерзімі – 2018 жылдың шілдесі.
  2. Халықаралық қаржы институттарынан қаражат тарту арқылы жобаны қаржыландырудың схемасы мен шарттарын анықтау. Жауапты орындаушылар: «Бәйтерек» Акционерлік қоғамы (жинақтау), Қаржы, Ұлттық экономика және энергетика министрліктері, «Самұрық-Қазына», «ҚазМұнайГаз», «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамдары. Мерзімі – 2018 жылдың маусымы.
  3. Жобаны жүзеге асыру үшін «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ еншілес ұйымды құру немесе анықтау және қаржыландыруды тарту үшін аталған ұйымда жарғылық капиталды жеткілікті деңгейде қалыптастыру. Жауапты орындаушылар: «Самұрық-Қазына» (жинақтау), Ұлттық экономика министрлігі, «ҚазМұнайГаз», «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамдары. Мерзімі – 2018 жылдың маусымы.

Магистральдық газқұбырының құрылысына кірісу және газ құбырының алғашқы жігін дәнекерлеудің салтанатты рәсімі ағымдағы жылдың шілде айының басына жоспарлануда.

Сондай-ақ магистральдық газқұбырын толтыру және тұтынушыларға газ жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында Қарағанды, Ақмола облыстары және Астана қаласы әкімдіктеріне газ тарату желілерін жобалауды және құрылысын магистральдық газқұбырының аяқталу уақытымен синхрондауды тездету қажет. Барлық жұмыс 2019-2021 жылдары аяқталуы тиіс.

            Баяндама аяқталды. Назарларыңызға рақмет! 

Дата публикации
13 марта 2018
Дата обновления
10 февраля 2020
Тип
Сөз сөйлеу

Сейчас читают

29 октября 2025
Жизненные ситуации
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Хабарлама
20 апреля 2023
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы