Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!
Энергетика министрлігімен 2015-2019 жылдары индустриялық-инновациялық дамыту бағдарлама шеңберінде 6 жоба іске асыруда, оның ішінде:
1. «Конденсат» акционерлік қоғамының «К-5 маркалы мотор отынының өндірісі» бойынша жоғары октанды бензин өндірісі 2016 жылдааяқталды, дизель секциясының іске қосу мерзімі - 2018 жылдың екінші тоқсаны.
Бүгінгі таңда, зауытының мұнай немесе мұнай-газ конденсатын өндіру қуаты жылына 850 (сегіз жүз елу) мың тоннаны құрайды.
2017 жылы жоғары октанды бензин АИ-92 маркасы 63 (алпыс үш) мың тоннадан астам және АИ-95 маркасы 3 (үш) мың тоннаданастам өндірілді.
Анықтама:
2018 жылдың 16-ншы ақпанында «Конденсат» акционерлік қоғамының қуаты жылына 850 мың тонна шикізат өндіріс төлқұжаты бекітілді («Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» Заңының 1-тармағының 8-тармақшасына сәйкес төменгі қуат өндірушісінің жылына шикізат өңдеу көлемі 800 мың тоннадан төмен).
Алайда, бүгінгі күні «Конденсат» акционерлік қоғамы мұнай өнімдерінің (бензин, дизель, әуе керосині мен мазут) жалпы тізімінен әзірге тек бензин өндіре алады.
«Конденсат» акционерлік қоғамының ақпарат бойынша, дизель қондырғысы 2018 жылдың II тоқсанында іске қосылады.
Содан кеін, Министрлік негізгі зауыттарды жүктеу кестесі арқылы «Конденсат» акционерлік қоғамын қазақстандық мұнаймен жүктелмек.
2. 2017 жылы желтоқсанда Павлодар мұнай өңдеу зауытын жаңғырту жобасы аяқталды.
Жобаның мақсаты орындалды: 100% (жүз пайыз) жоғары октанды бензин шығарылып, К-4 және К-5 маркалы экологиялық класты мотор отынының өндірісі жолға қойылды (налажено).
Зауыт қуаты батыс-сібір мұнайды жылына 5 млн.тоннадан астам (нақты - 5,5млн.тонна) немесе қазақстандық мұнайды жылына 4 млн. тоннадан астам (нақты - 4,7 млн.тонна) өңдеуге алуға мүмкіндік береді.
Мұнай өнімдер түрлерінің өндіріс көлемі:
- бензин – 1,47 (бір бүтін жүзден қырық жеті) млн. тонна;
- дизель отыны – 1,75 (бір бүтін жүзден жетпіс бес) млн. тонна;
- әуе керосині – 0,35 (нөл бүтін жүзден отыз бес) млн. тонна;
- мазут – 0,68 (нөл бүтін жүзден алпыс сегіз) млн. тонна.
2018 жылдың екінші жартысынан бастап сертификациядан кейін айына 13 (он үш) мың тонна көлемінде авиациялық отын өндірісі жолға қойылады.
2017 жылы маусым айында жобаның Бірінші кезеңі аяқталды: изомеризациялау мен нафта сплитер қондырғылары және сутегін тазарту блогы іске қосылды.
К-4 пен К-5 экологиялық класы автокөлік отыны өндірісі іс жолға койылып, жоғары октанды бензиндердің үлесі 100%пайызға жеткізілді.
Осы жылдың соңына дейін 10 технологиялық қондырғылар мен 20-дан аса жалпы зауыттық шаруашылық нысандары пайдалануға беріледі, сонымен екінші кезең аяқталады.
Зауытының мұнай өңдеу тереңдігі 87(сексен жетіден) 90% (тоқсан) пайызға жоғарлайды.
Мұнай өнімдерінің түрлері бойынша өндіріс көлемі:
- бензин – 2,27 (екі бүтін жүзден жиырма жеті) млн. тонна;
- дизель отыны – 1,92 (бір бүтін жүзден тоқсан екі) млн. тонна;
- әуе керосині – 0,4 (нөл бүтін оннан төрт) млн. тонна;
- мазут – 0,59 (нөл бүтін жүзден елу тоғыз) млн. тонна.
4. Атырау мұнай өңдеу зауытын реконструкциялау және жаңғырту жобасы бойынша қазіргі сәтте іске қосу жұмыстары жүргізілуде.
Барлық қондырғыларды пайдалануға беруімен К-4, К-5 маркалы мотор отынының өндіру көлемі арттайды, сонымен бірге мазут өндірісі төмендейді.
Жаңғыртудан кейін мұнай өнімдерінің қосымша көлемі:
- жоғары октанды бензині бойынша тәулігіне 2800 (екі мың сегіз жүз) тоннаға артық болады,
- дизель бойынша тәулігіне 900 (тоғыз жүз) тоннаға артығымен өндіріледі.
Вакумды газ майы мен пеш отынының өндірісі түгелімен тоқтатылады.
Мұнай өнімдерінің түрлері бойынша өндіріс көлемі:
- бензин – 1,6 (бір бүтін оннан алты) млн. тонна;
- дизель отыны – 1,42 (бір бүтін жүзден қырық екі) млн. тонна;
- әуе керосині – 0,25 (нөл бүтін жүзден жиырма бес) млн. тонна;
- мазут – 0,75 (нөл бүтін жүзден жетпіс бес) млн. тонна.
5. Интеграцияланған газ-химия кешенiн салуының бірінші фаза шегінде қуаттылығы 500 (бес жүз) мың тонна полипропилен өндірісі жүзеге асырылуда.
China National Chemical Enginnering компаниясы ЕРС мердігері болып анықталды, несиелік қаржыландыруы тартылды (Қытай даму Банкінен $ 2 млрд.), өндірісін шикізатпен қамту мәселесі шешілді.
Ағымдағы жылы құрылыс жұмыстары басталады, оның ішінде негізгі қондырғылар мен жалпы зауыттық нысандар бойынша іргетас жұмыстары және ұзақ мерзімді дайындалатын жабдықтарына тапсырыс беріледі. Құрылысты аяқтау мерзімі – 2021 (екі мың жиырма бірінші) жылы. Құрылыс кезеңінде 3000 жуық жұмыс орны құрылады.
Анықтама үшін:
Полипропилен жобасы бойынша 214,1(екі жүз он төрт) млрд. теңге игерілді, сонымен қатар CNCEC бас мердігерге – 2017 жылдың қараша айында 134 970 (жүз отыз төрт млн тоғыз жүз жетпіс мың)теңге алдын ала төленді.
6. Интеграцияланған газ-химия кешенiн салуының екінші фаза шегінде қуаттылығы 1,250 (бір млн. екі жүз елу мың) тонна және құны 6,5 (алты жарым) млрд. долларды құрайтынполиэтилен өндірісініңжобасы бойынша.
Borealis аустрия шетел компаниямен бірігіп елу мен елу пайыз (50/50) мөлшерінде жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.
Қаржыландырудың алдын ала құрылымы анықталды: 30% (отыз) пайыздық - әр қайсысы бір млрд. долларға жұық үлесімен «Біріккен химиялық компания» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ($0,969 млрд.) және Borealis компаниясы ($0,969 млрд.), ал 70% (жетпіс пайыз) – $4,6 млрд. (төрт те алты) млрд. доллар несиілік қаражаттарды құрайды.
Ағымдағы жылы 24 наурызда Ынтымақтастықтың негізгі шарттар туралы меморандумға және Техникалық-экономикалық негіздеуді әзірлеу мақсатында бірлескен жобалық компанияны құру туралы Borealis компаниясы мен «Біріккен химиялық компания» серіктестігімен Келісімге қол қойылды.
Техникалық-экономикалық негіздеудің аяқтау мерзімі – 2018 жылы.
Құрметті Бақытжан Әбдірұлы, индустриалдық-инновациялық жобаларды жүзеге асыру бойынша 2017 жылдың қорытындылары қысқаша баяндадым, барлық жұмыстар атқаруда, ұзақ мерзімді жобалар Министрліктің тұрақты бақылауда.
Назарларыңызға рахмет!