ҚР Энергетика вице-министрі
Б.М. Жақсалиевтің «Ресурстарды тиімді пайдалану»
тақырыбы бойынша брифингтегі баяндамасы
2018 жылғы 4 сәуір, сағ. 12-20
Құрметті журналистер, кездесуге қатысушылар!
Сіздер білетіндей, Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауындағы басымдықтарының бірі болып елімізде – 1) жаңартылатын энергия үлесін арттыру,
2) «жасыл» технологияларға көшу, 3) тұрмыстық қатты қалдықтарды заманауи кәдеге жарату және қайта өңдеу арқылы ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту табылады. Бұл ретте заңнаманы, оның ішінде Экологиялық кодексті өзектендіру экономиканы экологияландыру үшін қолайлы жағдайды жасауға мүмкіндік туғызады.
Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясында қазіргі заманғы сын-тегеуріндерінің бірі болып табиғи ресурстардың таусылуы табылады және электр энергетикасында келесі мақсаттар тұр: 2030 жылға қарай баламалы (ірі ГЭС, атом – 20%) және жаңартылатын (10%) энергияның үлесі 30 пайызға дейін жетуі қажет.
Жаңартылатын энергетика рыногы жыл сайын өсуде, 2017 жылы 1,1 млрд.кВт-сағат энергия өндірілді (2016 жылы – 0,928 млрд. кВт-сағат).
Былтырғы жылы жаңартылатын энергия көздерінің
5 нысаны пайдалануға берілді (3 ГЭС, 1 жел электр станциясы,
1 күн электр станциясы). Ағымдағы жылы жаңартылатын энергия көздерінің жалпы қуаты 123 мегаватты құрайтын
10 нысанын іске қосу жоспарлануда.
Жаңартылатын энергия көздерінің одан әрі дамуын біз аукциондық механизмге көшуден көреміз. Бұл, бір жағынан, жобалар мен инвесторларды таңдау процесін ашық әрі түсінікті етуге, ал екінші жағынан – жаңартылатын энергия көздері қуаттылығын енгізуден соңғы тұтынушылар тарифтеріне әсерін азайтуға мүмкіндік беретін ең тиімді технологиялар мен жобаларға үміт артуға мүмкіндік береді. Аукциондар өндіру, беру және тұтыну кезінде рынок қатысушылары жауапкершілігі мен ережелерін нақты анықтауға мүмкіндік береді. Бұл жүйе жаңартылатын энергия көздерінің ең экономикалық тиімді жобаларын дамытуға серпін береді.
Үстіміздегі жылы алғашқы рет жалпы қуаты 1 гигаватты құрайтын (күн электр станциялары – 290 Мвт, жел электр станциялары – 620 МВт, ГЭС – 75 МВт, БиоЭС – 15 МВт) жаңартылатын энергия көздері жобаларына халықаралық аукциондық сатылымдар өткізіледі. Бірінші сатылымдар ағымдағы жылдың
23 мамырына көзделген. Аукциондық сатылымдар өткізудың кестесі Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында жарияланды.
2017 жылы парниктік газдар шығарындыларын реттеу саласында заңнамалық база жетілдірілді (Парниктік газдар шығарындыларын бөлу қағидалары, Парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіруге бағытталған жобаларды қарау, мақұлдау және іске асыру қағидалары, Үлестік коэффициенттер тізбесі және т.б.).
Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің 2018-2020 жылдарға арналған ұлттық жоспары бекітілді. Квоталарды бөлу әдісін таңдау бойынша құқығын кәсіпорындарға бере отырып, кәсіпорындар үшін квоталар екі әдіспен бөлінді: 1) тарихи көрсеткіштер бойынша және 2) парниктік газдар шығарындыларының үлестік коэффициенттерін қолдану арқылы.
Анықтама: 1) квоталар бөлудің тарихи әдісі алдыңғы уақыт кезеңіндегі шығарындылардың тарихи көрсеткіштеріне негізделеді. Яғни, осы әдісті таңдаған жағдайда, кәсіпорын әр жыл үшін 2013-2015 жылдардағы орташа парниктік газдар шығарындыларының көлеміне тең көлемді алды.
2) шығарындылардың үлестік коэффициенттер (ШҮК) әдісі шығарындылар қарқындылығының өндірілетін өнімге қатынасына негізделеді.
ШҮК = шығарындылар/өнім.
Әр кәсіпорын үшін жеке ШҮК осы формула бойынша есептелді. Содан кейін кәсіпорындар өндіретін өнімдері бойынша біріктіріліп, орташа ШҮК есептелді. Барлық ШҮК тізбесі ҚР Энергетика министрінің 2017 жылғы 28 маусымдағы № 222 бұйрығымен бекітілді.
Квоталарды бөлудің жаңа тәсілі шығарындылар қарқындылығын өндірілетін өніммен салыстыруға негізделеді. Өнімді көп өндіріп, шығарындылары аз кәсіпорындар «тиімсіз» кәсіпорындарға қарағанда көбірек квоталар көлемін алады.
Осылайша, кәсіпорындар арасында үлестік көрсеткіштер үшін, тиісінше берілетін квоталар үшін бәсекелестік пайда болады. Бұл ретте, өз тиімділігін арттыру үшін кәсіпорындар парниктік газдар шығарындыларын азайтуға мүдделі болады.
Мемлекет басшысы Жолдауында «жасыл» технологияларды пайдалануда бизнесті ынталандыру қажеттілігін көрсетті.
Министрлік аталған тапсырманы орындау мақсатында мемлекеттік органдар және қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып «жасыл» жобаларды мемлекеттік қолдау мен «жасыл» қаржыландыруды көздейтін шараларды пысықтау бойынша жұмысты бастады.
Көптеген халықаралық даму банктері тек «жасыл» жобаларға инвестициялар салу жөнінде шешім қабылдады.
Осыған байланысты, ЭКСПО-ның аумағында құрылып жатқан «Жасыл» технологиялар мен инвестициялық жобаларды дамыту бойынша халықаралық орталығы ең үздік қол жетімді технологиялардың реестрін (тізімді) қалыптастырумен, индустриалды-инновациялық қызмет субъектілеріне жобаларын одан әрі жүзеге асыруға технологияларды пайдалану саласындағы сараптамалық қорытындылар және (немесе) ұсынымдарды берумен айналысатын болады.
Сондай-ақ, Орталықтың жұмысы осы салаға инвестициялар тартуға бағытталатын болады. Орталықтың қызметі туралы толығырақ сіздерге Салтанат Темірқұлқызы Рахымбекова айтып береді.
Экологиялық заңнаманы Орхус конвенциясына сәйкестендіру және қоршаған орта мен табиғат пайдалану мәселелері бойынша шешімдер қабылдау процесінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында заңнамалық түзетулер қабылданды.
Жыл сайын Қоршаған орта мен табиғи ресурстарды пайдаланудың жай-күйі туралы ұлттық баяндама шығарылады.
Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының мемлекеттік тіркелімі (ЛШТТ) құрылды, ЛШТТ Хаттамасын ратификациялау бойынша мемлекетішілік рәсімдер жүргізілуде.
2017 жылдан бастап жыл сайын сайттарда мынадай ақпарат орналастырылады:
Жергілікті атқарушы органдардың сайттарында: қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақылардан бюджетке түсетін түсімдер туралы және қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шараларға бюджет шығыстары туралы;
Министрліктің сайтында: қоршаған ортаға залалды өтеуден бюджетке түсетін түсімдер туралы және Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзғаны үшін айыппұлдардан бюджетке түсетін түсімдер туралы.
Назарларыңызға рахмет.