Меню

Страницы

Статья

Borealis меморандумынан М.М. Мырзағалиевтің баяндамасы

М. Мырзағалиевтің баяндамасы

06.04.2018ж.

 Қайырлы күн құрметті әріптестер!

Осы жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапары болғанын білесіздер. Осы сапар аясында  24-ші наурызда Borealis компаниясымен мұнайгаз-химиялық жобалар бойынша екі негізгі құжатқа қол қойылды. Солар туралы егжей-тегжейлі айтып берейін.

Бірінші құжат ол Атырау облысындағы Полиэтилен зауыты жобасының  шарттары жөніндегі келісім.  Бұл келісім бойынша зауытты салудың мемлекеттік қолдау шаралары белгіленген және техникалық-экономикалық негіздемені дайындау басталады.

Ал екінші құжат полипропилен жобасын бірлесіп жүзеге асыру мүмкіндігін қарастыру туралы меморандум.

Енді рұқсат етсеңіздер, осы құжаттарға қалай қол жеткізгенімізді айтып берейін. Бұл келіссөздердің барлығы да 2017 жылдың қаңтарында мемлекет басшысының Біріккен Араб Әмірліктеріне барған кезінен басталған болатын. Яғни, Қазақстан Президенті Абу-дабидің тақ мұрагері Мухаммед бен Заид Аль Нахаянмен кездесу барысында Қазақстандағы газ-химиялық жобаларды инвестициялауға шақырды. Осыдан кейін арабиялық  Mubadala және оның еншілес аустриялық Borealis компанияларымен белсенді келіссөздер басталды.

Өткен жылы Энергетика министрлігі және Самұрық Қазынаға қарасты Біріккен химиялық компаниясы осы  Borealis әріптесімен бірқатар келіссөзді жүргізді. Онда жобаның техникалық және экономикалық көрсеткіштері талқыланды. Бірнеше рет Вена және Астанада Borealis басшыларымен кездесулер өтті.

Осының нәтижесінде Borealis-тің Директорлар кеңесі қазақстандық тараппен келісе отырып, жобаға қатысу бойынша алдын-ала оң шешім қабылдады.

Осы шешімге сәйкес қазақстандық тарап мынадай шарттарды орындауы тиіс:

  • дайын инфрақұрылымды қамтамасыз ету;
  • Біріккен химиялық компаниясының жобадағы үлесін қаржыландыру;
  • белгіленген баға бойынша кепілдендірілген шикізатпен қамтамасыз ету көзделген және тағы басқа.

Бүгінде біз полиэтилен зауыты жобасы бойынша алдын-ала техникалық-экономикалық негіздемені   аяқтағанымызды хабарлаймын.  Осы негіздемеге сәйкес аталған зауыт қуаттылығы жылына 1 миллион 250 мың тонна полиэтилен шығаратын болады. Жобаның нақтылы сомасы техникалық экономикалық негіздеме мен сметалық құжат дайын болған соң айқындалады. Кепілді газ шикізаты Теңізшевройлдан  алынатын болады. Осы жылдың соңына дейін техникалық экономикалық негіздемені аяқтауды жоспарлап отырмыз. Оны әзірлеу үшін қазірде Біріккен химиялық компаниясы мен Borealis арасында бірлескен жобалық компания құрылып жатыр.

Қадірлі әріптестер!

Borealis компаниясымен осы жаңа айтып кеткен полиэтилен зауыты жобасын талқылау барысында біз оларды сонымен қатар, Полипропилен зауыты жобасына да қатысуға тарттық. Соның нәтижесінде,   Абу-Дабиде жобаны бірлесіп асыру туралы Меморандумға қол қойдық. Осы меморандум аясында Borealis   полипропилен зауыты жобасының техникалық және экономикалық талдауын жүргізетін болады. Біз осы жоба бойынша Borealis-пен бірге табысты жұмыс атқарамыз деп үміттеніп отырмыз.

Бұл жобаның құны 2,6 млрд. АҚШ доллары, ал  қуаттылығы жылына 500 000 тонна полипропилен.

Қазірде жобаны Біріккен химиялық компаниясы  жүзеге асырып жатыр. Жобаның бас мердігері де анықталып отыр.  Қаржыландыру көздері де тартылды. Биыл құрылыс жұмыстары басталады және 2021-22 жылы аяқталады деп көзделіп отыр.

Енді осы жобалардың Қазақстан үшін маңыздылығына тоқталайын.

Бүгінде біз негізінен мұнай мен газды  экспорттайтын ел екеніміз белгілі. Ал,  оларды терең өңдейтін болсақ, неғұрлым жоғары құны қосылған өнімдердің ауқымды тізбегін ала аламыз. Яғни, осылайша шикізатты өңдеуге қол жеткізе аламыз. 

Осы орайда, Сіздерге халықаралық сарапшылардың мәліметтерін келтірейін. Бұл мәліметтерге сәйкес, 2030 жылға қарай мұнайгаз-химиялық өнімдерді тұтыну екі есе, яғни қазіргі 1 триллионнан 1,8 триллион АҚШ долларына дейін өсетін болады.

Бір ескеретін жәйт бар, әлемде полипропилен мен полиэтиленді қанша өндірсе де сұранысты өтеу қиын. Яғни, қазіргі әлемдік өндіріс сұраныстың тек 60%ын ғана өтеп отыр. Демек, қанша шығарса да  өндіріс сұраныстан қалып отырады. Өйткені, бұл өнімдерге сұраныс зор қарқынмен өсіп келеді. Осы аталған базалық химия өндірістерін іске қосқаннан кейін  олардың айналасында, тұрмысымызда, өнеркәсіпте те күнделікті тұтыну өнімдерін шығаратын шағын және орта кәсіпорындар қалыптасатын болады. Олар пластикалық ыдыстар, ойыншықтар, маталар және күнделікті қолданылатын техника, пластикалық терезе, құбырлар және сол сияқты көптеген өнімдер.

Енді Borealis  жөнінде кеңірек тоқталсам деп едім.  Осы компания қазірде әлемдегі 4 ең ірі  мұнайгаз химиялық  өндіруші компаниялардың қатарында.  Бұл ретте ол маржасы жоғары және технологиясы озық компаниялардың бірі екенін атап өткім келеді. Borealis компаниясының 64 % акциясы Біріккен Араб Әмірлігінің Mubadala холдингіне  және 36 %  аустриялық OMV мұнай компаниясына  тиесілі.  Borealis компаниясы Біріккен Араб Әмірліктеріндегі және Еуропадағы бірнеше зауытқа иелік етіп отыр.

Қадірлі әріптестер!

 Осы аталған жобалар арқылы республикамызда мұнайгаз-химиялық кластерін құру ел экономикасының дамуына зор ықпалын тигізеді деп сендіргім келеді. Осылайша бұл сала болашақта Қазақстанның барлық мұнай-газ саласының көшбасшысы болатынына сенімім кәміл.

Ден қойып, назар салғандарыңызға рахмет !

Дата публикации
06 апреля 2018
Дата обновления
10 февраля 2020
Тип
Сөз сөйлеу

Сейчас читают

29 октября 2025
Жизненные ситуации
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Хабарлама
20 апреля 2023
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы