Меню

Страницы

Статья

Энергетика вице-министрі М.Мырзағалиевтің «Таза энергия дәуірінде мұнай-газ бизнесін дамыту стратегиясы» панельді дискуссиясындағы тезистері AEF-2018 GLOBAL CHALLENGES SUMMIT

Құрметті қатысушылар, қонақтар, әріптестер!19595

Сіздермен Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі атынан сәлемдесіп, болашақ энергетиканы әлемдік деңгейде дамыту және жеке елімізді дамыту пайымдауын құру тақырыбына арналған диалогқа қызығушылық білдіріп, қатысып отырғандарыңыз үшін алғыс білдіруге рұқсат етіңіздер.

Слайд 1

Қазақстанның энергетикалық стратегиясы үнемі еліміздің энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етуге және экономикалық өсуіне жағдай жасау міндеттеріне негізделген болатын. 

Бүгінде бұл сектор Қазақстан экономикасының іргетасын құрап отыр. Оның еліміздің жалпы ішкі өніміне қосқан үлесі шамамен 19%-ды құрайды.   

Отын-энергетика секторы инвестициялардың ағылып келуіне арналған басымдықты салалардың біріне айналып отыр. Әлемдік компаниялардың инвестициялары мен технологиялары осы сектордың қарқынды дамуына қомақты үлесін қосты.    

Мұнай-газ саласы  дамуының 26 жылы ішінде шамамен 200 млрд доллар тартылды. Оның ішінде, Теңіз, Қашаған, Қарашығанақ кен орындарын игеруге салынған инвестициялар 121 млрд долларды құрады.    

Мұнай-газ кен орындарын игеру көлемі мұнай-газ қызметтері саласын дамытуға, жүздеген бірлескен машина, құрал-жабдық жасау, сервистік қызметтер көрсететін кәсіпорындарын құруға мүмкіндік берді.

Орташа мерзімді перспективада саланы дамыту жаңа мұнай-газ жобаларымен – 2020 жылдан соң Теңіз бен Қарашығанақта өндірістік қуаттарды кеңейтумен, Қашағанды игерудің 1-кезеңін кеңейтумен, сондай-ақ, 2025 жылға қарай басқа да теңіз жобаларында кен өндіруді бастаумен байланысты. Инвесторлар серіктестікті жалғастырып, өндірісті өсіруге, кеңейтуге және жаңғыртуға ниетті.

Осылайша, жуырдағы 10 жылдықта Қазақстан өзінің шикізаттық артықшылығын пайдаланбақ. 2030 жылға қарай республиканың мұнай өндіру болжамы 104 млн. тоннадан астам болады деп күтілуде.

Оған қоса, жеңіл мұнай эрасының аяқталуымен мұнай-газ саласы 4000 метрден басталатын өте үлкен тереңдіктерде геологиялық барлау жұмыстарын жандандырумен байланысты технологиялық дамудың бұдан да биік деңгейіне өтеді.

Біз кен пайдалану саласында, оның ішінде геологиялық барлау ісінде түбегейлі шараларды әзірлеу бойынша ауқымды жұмыс атқардық. Салықтық жүктелімді оңтайландырған соң, ағымдағы жылы инвесторлармен теңіз жобаларын іске асыруды жалғастыру көзделіп отыр. 

Сонымен қатар, жаһандық өзгерістер мен трендтерді зерттеу ісі, болашақ энергиясын дамыту болжамдары әлемде мұнайды пайдаланудың шарықтау шегі 2030 жылға қарай болатынын көрсетіп отыр.

Слайд 3

Ұзақ мерзімді перспективада біздің болжамдар таза энергияны дамыту трекінде трансформация процестерін тереңдетумен байланысты болып отыр.

Энергетика министрлігі McKinsey компаниясымен бірлесіп және Шеврон мен CNPC компанияларының тікелей көмегімен «Форсайт-2050: Энергияның жаңа әлемі және ондағы Қазақстанның орны» зерттеулерін жүргізді.

Форсайтқа сәйкес, планетаны сауықтыру жөніндегі шаралар қабылданған жағдайда, өндіру және тұтыну барысындағы энергия тиімділігін арттырудың арқасында 2050 жылға қарай энергияға деген жалпы сұраныс 3%-ға төмендемек. Энергияны дәстүрлі көздерден тұтыну төмендеп, жаңартылмалы таза энергетиканың ролі арта түспек.

 Мұнайға деген сұраныстың шарықтау шегі 2030 жылға қарай болмақ, кейін, 2030 жылдан соң электр көлігінің жылдам таралуына байланысты төмендеп, 2050 жылға қарай ағымдағы деңгейде қалады – күніне 95 млн. баррель. Жаңартылмалы энергетика негізіндегі электр генерациясын алмастыру есебінен газ тұтыну шамалы азаяды.

Соңғы жылда біз ЖЭК секторындағы инвестициялық климатты жақсарту бойынша айтарлықтай істер атқардық:

-   инфрақұрылым мен табиғи-климаттық шарттардың дайындығын есепке алумен, Объектілерді орналастыру жоспары бекітілді;

- ЖЭК-ті Қазақстанның бірыңғай электр энергетикалық жүйесіне қосудың үлгілік келісімшарты әзірленді;

- ЖЭК электр энергиясын сатып алушы біреу болатын резервтік қор құрылды;

- бір-екі күнде көлемі 1 ГВт болатын алғашқы халықаралық аукцион өткіземіз.

2020 жылдың соңына дейін қуаттылығы 2000 МВт болатын ЖЭК-тің 53 объектісін пайдалануға беру жоспарланып отыр (23 ЖЭС – 960 МВт; 17 КЭС – 750 МВт; 13 ГЭС – 290 МВт).

Стратегиялық мақсат – 2020 жылы еліміздегі электр балансындағы ЖЭК-тің үлесін қазіргі 1%-дан 3-ға дейін ұлғайту.     

Министрлік ИРЕНА, ЕБРР, АБР, Дүниежүзілік банк сынды ұйымдармен белсенді түрде ынтымақтасу арқылы және олардың техникалық көмегімен ЖЭК нарығын құруда. Қазақстандық ЖЭК нарығына Шелл және ENI сынды мұнай алпауыттары инвестиция құятыны да аса маңызды.

Осы шараларды іске асыру Қазақстанға «жасыл» энергетиканы дамыту жағынан көшбасшы елдердің қатарында енуге мүмкіндік береді және «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі стратегиялық мақсаттарға жетуге ықпал етеді.

Слайд 4

Сонымен қатар, Қазақстанның негізгі бәсекелестік артықшылығы-қолжетімді және арзан көмірсутек шикізатының бар болуы мұнай-газ саласын бұдан ары дамытудың айрықша перспективалық бағытына жұмсалатын болады.  

Осылайша, әлемдік сарапшылардың болжамы бойынша, 2030 жылға қарай мұнай-газ-химия өнімдерін пайдалану 1 трлн АҚШ долларынан 1,8 трлн АҚШ долларына дейін  2 есеге дерлік өседі.

Әлемдік нарықта полиэтилен мен полипропилен ең көп сұранысқа ие болады. Бұл барлық полимерді жалпы тұтынудың 60%-ы. Бұл ретте, аталған полимерлердің әлемдік өндірісі, тіпті 2030 жылға дейін болжанған барлық жобалар іске асырылғанның өзінде, сұраныстан артта қалатын болады.

Слайд 5

Сондықтан, Энергетика министрлігі негізгі мұнай-газ-химия өндірістерін ұйымдастыру үшін жағымды жағдай жасаумен жіті айналысады.

Бүгінде Қазақстанда бұрын өндірілмеген бензол (жылына 133 мың тонна) және параксилол (жылына 500 мың тонна) шығаратын өндірістер іске қосылған.

Ағымдағы жылы қуаты жылына 500 мың тонна, құны 2,6 млрд АҚШ доллары болатын полипропилен шығаратын зауыттың құрылысы басталады.   

Австриялық Borealis компаниясымен қуаты жылына 1 250 мың тонна болатын полиэтилен өндірісі жобасын бірлесіп іске асыру жөнінде келісімсөздер жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта ТЭН әзірленуде, оның нәтижесі бойынша жобаны іск асырудың келесі деңгейіне көшу жөнінде шешім қабылданатын болады.

Осылайша, жақын арадағы перспективада мұнай-газ-химия  секторы Қазақстанның экономикасын шикізаттық бағыттан қосылған құны жоғары өнім шығаруға қайта бағдарлаудың қозғаушы факторларының біріне айналмақ.

Слайд 6

Құрметті қатысушылар, энергетика секторын дамытудың негізгі перспективалары, міне, осындай. Жасыл технологияларға инвестицияларды ынталандыру, экономиканы көміртексіздендіру, қалдығы аз экономиканы дамыту, дәстүрлі энергия көздерін жетілдіру, жаңартылмалы энергетиканы дамыту – жасыл экономикадағы отын-энергетика секторының басты міндеттері.

Энергетика секторын дамыту үшін үлкен мүмкіндіктер ашылуда, біз жоғары технологиялық инвестициялық жобаларды іске асыруға қолдау көрсетуге әзірміз! 

Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

Дата публикации
17 мая 2018
Дата обновления
10 февраля 2020
Тип
Сөз сөйлеу

Сейчас читают

29 октября 2025
Жизненные ситуации
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Хабарлама
20 апреля 2023
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы