Меню

Страницы

Статья

Энергетика министрінің Үкімет сағатындағы баяндамасы (2018 жылғы 21 мамыр)

Құрметті Гүлмира Истайбекқызы!

Құрметті депутаттар!


СЛАЙД 1

          Мұнай-газ саласын дамыту мәселесіне арналған соңғы Үкімет сағаты бұдан бір жылдан астам уақыт бұрын өткен болатын.

          Атқаратын жұмысымызда Үкімет сағатында берілген ұсынымдардың маңыздылығын атап өткім келеді. Жүйелі проблемаларға назар аударатын ұсынымдарды орындау барысында көптеген мәселелер өз шешімін тапқаны рас.

          Өткен кезең мұнай-газ саласын дамыту және қойылған міндеттерге қол жеткізуде жемісті болды.



СЛАЙД 2

2017 жылы және а.ж. 4 ай ішінде мұнай-газ саласының секторлары бойынша елеулі өсім байқалуда.

2 – слайдта барлық салалардың индикаторлары бөлігінде өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен салыстырғанда оң үдерісті көруге болады.

Мұнайды өңдеу секторында өсімнің драйвері – Теңіз, Қарашығанақ, Қашаған мұнай – газ жобалары болып қалуда.

2017 жылы Қашағанның өндірістік игерілуіне шығуына байланысты республика бойынша жылдық мұнай өндіру көлемі 86,2 млн.тоннаға дейін өсті (2016 жылы 78-ден), соның ішінде Қашағанда 8,3 млн.тонна өндірілді.

Осылайша, елімізде жыл сайынғы мұнай өндіру жаңа деңгейге көтерілді.

А.ж. 4 айы үшін республика бойынша 2017 жылдың сәйкес кезеңіне 6% пайыз өсім көрсетіп, мұнай өндіру көлемі 30 млн. тоннаға жетті.

 

СЛАЙД 3

Осы жылы мұнай өндіру 87 млн.тонна деңгейде күтілуде, соның ішінде Қашағанда - 11 млн.тонна мұнай және 6,8 млрд.м3 газ.

Қашағанда 2019 жылы тәулігіне 370 мың тонна баррел мұнай өндіру деңгейіне жету күтілуде, ал 2024 жылға мұнай өндіруді тәулігіне 450 мың баррелге дейін ұлғайту үшін одан әрі кеңейту жобасы бойынша (тұжырымдамамен анықталады және базалық жобалауды бастайды) жұмыстар жалғасуда.

Бүгінгі күні Теңізде болашақ кеңейту жобасы шеңберінде 30 мыңнан астам қазақстандықтар жұмыс атқаруда. Жоба бойынша инвестициялар 38 млрд.АҚШ долларын құрайды, 2 жыл ішінде нақты игеру - 11 млрд. доллардан астам, ал 2018 жылы 7 млрд. доллардан астам.

Жоба іске асырудың белсенді фазасына өтті. Мұнайды дайындау (қуаты – жылына 12 млн.тонна) мен газды қайта айдау (қуаты - жылына 9,4 млрд. текше метр) бойынша зауыттың болашақ нысандары үшін Прорва портында үлкен емес жүкті қабылдауды бастау жоспарлануда.

2022 жылдан кейін Теңізде мұнайды өндіру жылына 26-дан 39 млн.тоннаға дейін ұлғаяды.

Қарашығанақты болашақ игеру жоспарында ағымдағы өндіру деңгейін сақтау бойынша жобаларды іске асыру қарастырылған – бұл газ қуаттарын жаңғырту, 4-ші компрессор мен 5-ші кәсіпшілік құбыр желілесі құрылысы. Іске асыру мерзімі 1,5 млрд-тан астам АҚШ долларын инвестициялар көлемімен 2020 жылға дейін.

Осылайша, ірі жобалар орташа мерзімді аралықта республиканың экономикалық өсіміне елеулі үлесін қосуға мүмкіндік береді. Мұнай өндіру көлемі қарышты дами түседі және 2025 жылға жылына 104 млн. тонна деңгейіне шығады.

Жобалық басқару шеңберінде осы ауқымды бастамаларды іске асыру Министрліктің тұрақты бақылауында.

Кен орындардың басқа топтары бойынша кен орындарды кеш игеру сатысы мен қорлардың айтарлықтай сарқылуымен байланысты өндіру деңгейініңтөмендеуі бақылануда. Геологиялық бақылауда инвестицияның жеткіліксіз көлемі сала үшін негізгі келеңсіз фактор болуда.

Мысалы, 2015-2016 жылдар кезеңіндеасыра бағалау нәтижесінде өсім 139 млн. тоннаны құрады, ал геологиялық бақылауда – 79 млн.тоннанемесебарлығы 36% (5 жыл үшін қорлардың жалпы өсімі- 218 млн.тонна).

Осы кезең үшін қолданыстағы жер қойнауын пайдалану шарттары бойынша жалпы инвестиция көлемінен 127 млрд. долларды, геологиялық бақылауға шығындар бар болғаны 4 млрд. долларды құрады.



СЛАЙД 4

Сонымен қатар, мұнай-газ саласы тікелей инвестицияларды тарту бойынша көшбасшы болып қала береді. Негізінен бұл үш ірі жобаның салымдары. Сондай-ақ, жер қойнауын пайдалану келісім-шартын алуға инвестициялық қызығушылық.

2017 жылғы конкурстың қорытындысы бойынша қол қойылған бонустардың жиынтық көлемі шамамен 7,5 млрд. теңгені (2016ж. - 1,3; 2015ж. - 1 млрд. тг) құрады.

Осы жылы конкурс жалғасатын болады, бірінші жартыжылдықта жер қойнауының 11 учаскесі бойынша конкурс Қостанай, Қарағанды, Қызылорда, Жамбыл, Атырау, Ақтөбек, Батыс Қазақстан мен Маңғыстау облыстарында жарияланды.

Өздеріңізге мәлім, құрметті депутаттар, геологиялық барлау саласында а.ж. 29 маусымда күшіне енетін жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Кодексті қабылдау инвестицияларды жылдамдату үшін маңызды ынталандыру болды.

Осы сәтті пайдалана отырып, өзіміздің бастамаларды былтырғы жылғы Кодекске қосуға мүмкіндік берген Сіздің қолдауыңыз үшін алғысымды білдіруге рұқсат етіңіз.

Осылайша, жер қойнауын пайдаланудың құқықтық рәсімдері айтарлықтай жеңілдетілді, мерзімдері қысқартылды (келісімшарт 40 жұмыс күніне дейін), әкмішілік кедергілер қысқарды (келісімшарт жасау үшін құқықтық, экономикалық сараптама, жобалық құжаттар қысқартылды).

Сіздердің қолдауларыңызбен осы жылдың басынан күшіне енген Салық кодексіндегі салықтық жеңілдіктер пысықталды (коммерциялық табу бонусын жою, арнайы төлемдер,5000 м-ден асатын және теңіздегі жобалар бойынша қаржылық нәтиже салықғына көшу ).

Салық жүктемесін оңтайландыру теңіз жобаларының мәртебесін жандандыруға мүмкіндік берді: Исатай и Абай жобаларына ENI компанияларының енуі, Лукойлдың Жеңіс және I-P-2 жобалары бойынша Қазмұнайгаздың стратегиялық серіктестігі ретінде келіссөздері.

СЛАЙД 5

Саланың келесі секторы – бүгінгі күні сапалы ауысып жатқан мұнай өнімдерінің нарығы.

Біріншіден, Павлодар және Атырау мұнай өңдеу зауыттарын жаңғыртудың аяқталуымен мотор отынындағы импорттық тәуелділік үлесін төмендетті.

Бүгін нарықты отандық мұнай өнімдерімен қамтамасыз етілуі бензинге - 90%, дизель отынына бойынша -90%, әуекеросиніне –58% астамды құрады.

Осы жылы Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту аяқталады.

2018 жылы мұнай өңдеу көлемі 1 млн.тоннадан аса жоғарылайды және 16 млн.тоннаны құрайды.

Жалпы, бензин және дизель отыны (қысқы) бойынша орын алған импортқа тәуелділікті ескере отырып барлық мұнай базаларында қалған және жанар-жағар май импортының көлемі бойынша нарықты қамтамасыз ету жағдайына тәулік сайынғы мониторинг жолға қойылған.

Екіншіден, жылдың басынан К4 және К5 стандарттарына сәйкес келмейтін отындарды шығаруға тыйым салатын Кеден одағының Техрегламенті күшіне енді. Бұл экологиялық аспект.

Үшіншіден, тұтынушыларды барынша тұрақты қамтамасыз ету үшін, Министрлік үш мұнай өңдеу зауыттарын жоспарлы жөндеу және жүктеу мерзімдерін үйлестіруді жақсартты.Мысалы, осы айда Шымкент зауытына жоспарлы-алдын ала жөндеу жұмыстары, өндірісті 39 күнге тоқтату ЖЖМ тапшылығын тудырмайды.

Төртіншіден, үш МӨЗ-де өнімділікті арттыру үшін техникалық жөндеумен (ТОРО) автоматты басқару жүйесі ендірілуде. Яғни, жыл сайынғы жөндеу мерзімдері 45-тен 20 күнге қысқарады, ал 45 күнге тоқтату үш жылда бір рет жүргізілетін болады.

Бұл әр МӨЗ-де мұнай өңдеу көлемін жылына орташа 300 мың тоннаға ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Осылайша, алдағы болашақта біздің нарық отандық мұнай өнімдерімен толықтай қамтылатын болады.

Бұл ретте, нарық ЖЖМ бағасын айқындайды, алайда біз отынның негізгі түрлеріне баға динамикасын қадағалаймыз. Кедендік одақ шеңберінде жұмыс істеу жағдайларын, фискалдық режимдегі айырмашылықты ескере отырып, бағалардың теңдігін сақтау қажет (АИ-92: РФ 214 тг/л және ҚР 160 тг/л)

Бұл бағытта жұмыс жалғасатын болады.

 

СЛАЙД 6

Салыстыру үшін, «Global Petroleum» халықаралық агенттігінің 167 елдер арасында мұнай өнімдерінің бағасы бойынша рейтингтін көрсетуге рұқсат етіңіздер (с.і. 50 мұнай өндіру елдері). Қазақстан бензиннің бағасы бойынша - 12, дизельдік отын бойынша – 14 орынды иеленеді. Яғни, бізден арзан бензин тек 11 елдерде (Венесуэла, Иран, Кувейт, Түркменстан) және дизелдік отын - 13 елдерде (Венесуэла, Иран, Сауд Арабиясы, Әзірбайжан, Түркменстан). Біздің бензиннен Сауд Арабиясы, Араб Әмірліктері, АҚШ, Ресей, Әзірбайжан елдерінде баға қымбат. Рейтинг ай сайын қалыптастырылады.

Жалпы, орта мерзімді перспективада біздің міндеттеріміз МӨЗ-ге мұнай жеткізудің тартымдылығын қамтамасыз ету үшін мұнай өнімдері нарығын реттеуді жақсартуға, соның ішінде ішінде биржалық сауда мен мұнай өнімдерін экспорттауға бағытталатын болады.



СЛАЙД 7

Сондай-ақ, маңызды міндет жаңа МӨЗ құрылысы болып табылады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша зауыттың орналасқан жері, параметрлері мен қаржыландыруды анықтау мақсатында 2 жарты жылдыққа дейін алдын ала ТЭН-ді әзірлеу үшін жұмыс тобы құрылды.

 

СЛАЙД 8

Басым міндеттер қатарында – газ саласы мен газдандыруды одан әрі дамыту.

Бүгінде елді газдандыру деңгейі 47,38%, 1320 елді мекен газға қол жеткізді. Өңірлерді дамыту трансферттері шеңберінде жыл сайын республикалық бюджеттен шамамен 13 млрд. теңге бөлінеді.

Алайда, техникалық шектелу нәтижесінен 16 өңірден газдандыру схемасынан орталық аймақ пен елдің солтүстік бөліктері тыс болып қала берді.

 

СЛАЙД 9

Елбасының 5-ші әлеуметтік бастамасы арқасында Астана, Қарағанды эәне Ақмола облыстарын газдандыру мәселесі шешілетін болады. Сарыарқа магистарльды газ құбырының құрылысын салтанатты бастау а.ж. шілдеде жоспарлануда.

«Қызылорда–Жезқазған–Қарағанды–Теміртау–Астана» маршруты бойынша 1-ші кезең 2019 жылдың желтоқсанына дейін аяқталады. 1-ші кезеңнің алдын ала құны 267,3 млрд. теңгені құрайды.

Мен басқаратын жұмыс тобына барлық мүдделі тараптардың құзыреті егжей-тегжейлі бекітілді. Қарағанды, Ақмола облыстарынының және Астана қаласының әкімдігімен Магистральдық газ құбыры мен аймақтық желілер құрылысының мерзімін ескере отырып, инфрақұрылым құрылысы бойынша жол карталары әзірленді. 1 кезең өзінің маршруты бойынша 171 елді мекенді қамтуы тиіс.

Осылайша, жоба газдандыру қарқынын арттыруға және болашақта елді толықтай газдандыруға мүмкіндік береді.

Жалпы, елде жүргізілген газдандыру нәтижесінде тауарлық газды тұтыну 2010 жылы 9 млрд. текше метрден 53% пайызға, 2017 жылы 13,8 млрд.текше метрге дейін артты. Және газдандырудың жаңа жоспарын ескергенде тұтынудың белсенді өсімі күтілуде.

Сондықтан, жиі талқыланатын мәселе әр аймақта тауарлық газға деген баға және оған бағаның неге әртүрлі екені болып табылады. Өңір үшін тариф, негізінен, табиғи газ көздерінің алшақтығына байланысты.

Сондықтан, алдағы жоспарларда тауарлық газға баға белгілеуді жетілдіру бойынша міндет қойылады.

 

СЛАЙД 10

Сұйытылған мұнай газ нарығында да біз, сұйытылған газ өндірушілерді шығынға алып келетін төмен шекті-көтерме баға аясында тұтынудың өсуін байқаудамыз.

Сұйытылған мұнай-газға тапшылық туындайды, ол мерзім сайын елден тысқары заңсыз шығаруға негізделген, онда оның құны анағұрлым төмен (Ресей, шекаралық аймақтар – тоннасына 130 000 тг).

Сұйытылған мұнай газ өндірісінің тартымдылығын арттыру үшін жүйелік шешім мен электрондық сауда алаңдарын дамыту Сіздер 2 мамырда бірінші оқылымда мақұлданған заң жобасында қамтылған болатын.

Құрметті депутатар, Сіздерге осы заң жобасын талқылағанда түсінікпен қарап, қолдағандарыңыз үшін алғысымды білдіремін. Заң жобасын қабылдау сұйытылған газ өндірісінің тартымдылығын, тұтынушылардың үздіксіз қамтамасыз етілуін, оның нарықта таратылуының ашықтығын қамтамасыз ететіндігін күтеміз.

 

СЛАЙД 11

Одан әрі, өздеріңізге мәлім, Министрлік мұнай-газ химия саласын дамытумен ерекше айналысуда.

Мұнай-газ химиясына салынған әрбір доллар экономикаға 2-3 доллар өсім береді және әр жаңа жұмыс орны 7 жұмыс орнына дейін ашуға ықпал етеді.

 

СЛАЙД 12

Жалпы, Сіздердің қолдауларыңызбен біз мұнай-газ химия өндірісін ұйымдастыруна жағдай жасау үшін заңнамаларды айтарлықтай жақсартқанын атап өтеміз.

Қабылданған шаралар іс жүзінде Полипропилен (қуаты жылына 500 мың тонна, құны 2,6 млрд. АҚШ доллар) және Полиэтилен (қуаты жылына 1,2 млн. тонна, құны 6,5 млрд. АҚШ доллар) жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік берді.

Осындай ауқымды жобаларды іске асыруда бізде тиісті тәжірибенің болмауын ескере отырып, біз стратегиялық әріптес – инвесторды тартуға ниеттіміз.

Өз кезегінде, инвестор артықшылықтарды мемлекеттік қолдау шаралары, инвестицияларды қорғау бойынша заңнаманың тұрақтылығы бекітілетін Үкіметаралық келісімді әзірлеу және ратификациялауды сұрайды.

Тиісінше, біз Үкіметаралық келісімді ратификациялауды өткізуде, құрметті депуттар, Сіздердің қолдауларыңызды сұрайтын боламыз.

Осылайша, біздің сенімді пікіріміз бойынша, мұнай-газ химиясы орта мерзімді перспективада жоғары технологияларды қайта құру және жоғары құн қосылған өнім өндірісінің маңызды факторы болады.

 

СЛАЙД 13

Келесі маңызды мәселе – экологиялық реттеуді жақсарту. Соңғы 2 жылдың ішінде бірқатар нормативтік шаралар арқылы жер қойнауын пайдаланушыларға фискалды және салық  жүктемелер жеңілдетілді. Оң нәтиже ретінде, табиғатты қорғау шараларға компаниялардың қаражат көлемі 2 есеге артты, яғни 2017 жылда шамамен 111 (жүз он бір) млрд. теңгені құрады.

Бүгінгі таңда, айыппұл мен жазалау саясатынан бас тартуға жәнежазалау механизмін тек қана аса кажеттілікте пайдалануға мүмкіндік беретін жаңа Экологиялық кодекс тұжырымдамасы пысықталуда.

Табиғатты қорғау шараларға инвестициялау қызығушылығы артатын болады.

Жаңа кодекс пысықтау барысында танымал экологтармен, табиғат пайдаланушы топтарымен ашық түрде жұмыс жүргізіледі. Заң жобасы әзірленіп, 2019 жылдың соңына қарай Мәжіліске Сіздің қарауыңызға енгізіледі.




СЛАЙД 14

Бұдан әрі, жұмыстың басты бағыттарының бірі - жергілікті қамтуды дамыту. Тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуларды мемлекеттік бақылау нәтижесінде 7 жылдың ішінде жер қойнауын пайдаланушылардың отандық қамту көлемі 3 есе ұлғайды: 2011 жылы 680 (алты жүз сексен) млрд. теңгеден 2017 жылы 2,1 (екі де бір) триллион теңгеге дейін.

Сонымен қатар, 7 жылдың ішінде қазақстандық қызметкерлер саны артты (97,8%), ал шетелдік қызметкерлер саны 31% (отыз бір пайызға) төмендеді (2011 жылы - 2,486 бірлік, 2017 -1 714 бірлік) және оның үлесі 2,2% (екі пайыз) құрады.

Қолдау шаралары жер қойнауын пайдаланушылардың жұмыстар мен қызметтерде қазақстандық қамтуы 50% (елу пайыз) деңгейін және отандық кадрларды оқытуға және ғылымды қаржыландыруға міндеттемелер талап етеді. Жер қойнауын пайдалануда сатып алу процесінде мемлекеттік реттеу сақталады.

Ірі операторлар, жер қойнауын пайдаланушылар мұнай сервиспен біріктіру форумдар мен кездесулер форматы белсенді жүргізілуде. Нәтіжесінде, келісімшарттарға қол жеткізіледі, консорциумдар құрылады, іскерлік ынтымақтастық қалыптасады.

Мысалы, кеңейту жобасында Теңізшевройлмен барлық ірі құрылыс келісімшарттарда жергілікті қамту көлемінің ең төменгі деңгейі 50% талабын белгіледі.

Қарашығанақ пен Қашағанда «ерте тендерлер» тетігін әрі қарай дамытылады және қазақстандық кәсіпорындардың басым санын тартылады.




СЛАЙД 15

Жалпы, мұнай сервисін есепке алмағанда, мұнай саласындағы жұмысшылар саны 2021 жылға дейін 74,5 (жетпіс төрт жарым) мың көлемінде сақталады, ал 2025 жылға қарай 73,5 (жетпіс үш жарым) мыңға дейін төмендеуі болжануда.

Теңіз болашақ кеңейту жоба аяқтағанан соң жұмыстан босатудың басым бөлігі сервистік мердігер компанияларында күтіледі.

Жұмыстан босатылатың бір бөлігі мұнайгаз-химия зауыттар құрылысында, болашақ теңіз жобаларын жандандыру аясында тартуға жоспарлаймыз.

Сонымен қатар, салада босатылатын жұмысшыларды жұмыспен қамту мәселесі өзекті болып қалуда.

Құрметті Гүлмира Истайбекқызы, құрметті депутаттар,
мұнай-газ саласының серпінді дамыту және алға қойылған  мақсаттар мен тапсырмалары орындалуда.

Саланың жоғары даму деңгейіне жеткізуге бағытталған жұмыстарымызда Сіздермен бірлесе отырып, конструктивті ынтымақтастыққа үміт білдіремін.

Назарларыңызға рахмет және сұрақтарыңызға жауап беруге дайынмын.




 

Дата публикации
24 мая 2019
Дата обновления
06 февраля 2020
Тип
Сөз сөйлеу

Сейчас читают

29 октября 2025
Жизненные ситуации
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Хабарлама
20 апреля 2023
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы