Меню

Страницы

Статья

«САРЫАРҚА» МАГИСТРАЛЬДЫҚ ГАЗ ҚҰБЫРЫ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ АЯҚТАЛУЫ ТУРАЛЫ» БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

2019 жылғы 27 желтоқсанда «Сарыарқа» магистральдық газ құбырының құрылысы аяқталып, газ құбыры пайдалануға берілді.

Қызылорда облысынан бастау алған «Сарыарқа» газ құбыры еліміздің Елордасын, орталық және солтүстік өңірлерін көгілдір отынмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Аталған жоба толығымен жүзеге асқанда, Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Теміртау, Жезқазған қалаларының және газ құбыры трассасының бойындағы 171 елді мекендердің шамамен 2,7 млн. тұрғындары табиғи газға қол жеткізеді.

Газ құбырын салу Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Бес әлеуметтік бастама» атты Қазақстан халқына жолдауының аясында және «Сарыарқа магистральдық газ құбыры құрылысын уақтылы аяқтау туралы Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» сайлауалды бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.

2018 жылдың желтоқсан айында Елбасының қатысуымен өткен Телекөпір барысында газ құбырының құрылысын бастау рәсімі өтті. Ағымдағы жылғы қаңтарда техника мен адамдарды жұмылдыру, наурыз айында газ құбырын дәнекерлеу жұмыстары басталды. Құрылыс барысында 1 мыңнан астам техника және шамамен 2 мың адам жұмысқа тартылды.

Сонымен қатар, құрылыс барысында отандық өндірушілер барынша жұмылдырылды. Бас мердігер – отандық «ҚазҚұрылысСервис» компаниясы. Ілмекті арматура және кран тораптарымен жергілікті өндіруші «Бемер Арматурен Қазақстан» компаниясы, ал автоматтандырылған газ тарату станцияларымен «Батыс Мұнай Газ жабдықтары» компаниялары қамтамасыз етті.

Нормативті мерзіммен салыстырғанда айтарлықтай қысқа мерзімде 1061,3 километр газ құбыры, 5 бірлік қуатты автоматтандырылған газ тарату станциясы, сондай-ақ газ өлшеу станциясы салынды.

Бұл жұмыстың үйлесімділігін және біздің мамандарымыздың жоғары кәсіби даярлығын, құрылыс барысында пайдаланылған технологиялардың инновациялығын көрсетеді.

Тұтастай алғанда жобаны іске асыру мультипликативті әсер әкелетінін, шағын және орта бизнестің дамуына, жаңа жұмыс орындарының пайда болуына, сондай-ақ газ құбыры бойындағы өңірлердің инфрақұрылымының дамуына серпін беретінін атап өткен маңызды.

Жобаның жүзеге асуы ластаушы заттардың атмосфераға шығарылуын азайтуға мүмкіндік береді, халықтың өмір сүруі үшін неғұрлым қолайлы жағдай жасайды және экологиялық жағдайды жақсартуға ықпал етеді.

Республиканың орталық және солтүстік өңірлеріне табиғи газдың келуі еліміз үшін елеулі тарихи оқиға.

Қазақстан Республикасының

Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі

Дата публикации
30 декабря 2019
Дата обновления
28 января 2020
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

29 октября 2025
Жизненные ситуации
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Хабарлама
20 апреля 2023
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы