Меню

Страницы

Статья

Жұмабай Қарағаев ҚР энергетика вице-министрі болып тағайындалды

Жұмабай Қарағаев ҚР энергетика вице-министрі болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Жұмабай Ғаббасұлы Қарағаев Қазақстан Республикасының энергетика вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Жұмабай Қарағаев 1971 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Губкин атындағы Мәскеу университетінің «Мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану» мамандығы бойынша түлегі, техника ғылымдарының кандидаты.

Ж. Қарағаевтың мемлекеттік қызметте және жеке секторда 19 жылдық еңбек өтілі бар. Түрлі жылдары Атырау және Маңғыстау облыстарындағы бірқатар жеке компанияларды, Атырау әкімдігінің ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімін басқарған.

Атырау қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. Атырау облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасының басшысы, Атырау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы лауазымдарын атқарды. Атырау облысы Мақат ауданының әкімі лауазымында болды.

Осы жылдың қыркүйегінен бастап Атырау облысы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді.

Дата публикации
25 декабря 2019
Дата обновления
28 января 2020
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

29 октября 2025
Жизненные ситуации
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Хабарлама
20 апреля 2023
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы