Меню

Страницы

Статья

ҚР Энергетика министрі азаматтық сектор және ҮЕҰ өкілдерімен мұнай-химия саласының өзекті мәселелерін талқылады

2019 жылдың 25 желтоқсанында ҚР Энергетика министрі Н. Ноғаев азаматтық сектор және ҮЕҰ өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында қатысушылар көмірсутек шикізатын терең өңдеу, яғни қосылған құны жоғары мұнай-газ химиясы өнімдерін өндіру бөлігінде Қазақстанның мұнай-газ саласын одан әрі дамытудың басым бағыттарын талқылады.

Отандық мұнайгаз-химияны дамытудың маңызды қадамы биыл Қазақстанда бұрын өндірілмеген Атырау МӨЗ-де Хош иісті көмірсутектердің (бензол, параксилол) өнеркәсіптік өндірісінің басталуы болды. Ағымдағы жылы 11 айда 111 мың тонна хош иісті көмірсутегілер өндірілді, олар экспортқа жіберілді (2019 жылға арналған жоспар - 125 мың тонна).
Мұнай жол битумының өндірісі 2014 жылмен салыстарғанда 450 мыңнан 900 мың тоннаға дейін (2019 жылы) екі есеге артты, бұл автожол саласының битумға деген ішкі қажеттілігін толық қамтамасыз етуге мүмкіндік беріп отыр.

Сондай-ақ ағымдағы жылдың маусым айында Алматы облысында қуаты жылына 100 мың тоннаны және құны 94 млн. АҚШ долларын құрайтын жағармайлар өндіретін зауыт іске қосылды. Зауыттың іске қосылуы ішкі нарықтың жағармайларға деген қажеттілігін қамтамасыз етіп қана қоймай, оны алыс-жақын шетелдерге экспорттауға мүмкіндік береді.
Ведомство басшысы өз баяндамасында мұнай-газ-химия өндірістері капиталды қажетсінетін және аз инвестицияны талап ететіндігі туралы айтып, саланы жүйелі дамыту үшін мақсатты түрде мемлекеттік қолдау көрсету қажеттігін атап өтті. Бүгінде таңда елеулі шаралар қабылданды, атап айтқанда Атырау облысында арнайы мұнай-химия аймағы құрылды, онда салықтық және кедендік жеңілдіктер мен преференциялар қолданылады.

Жобаларды дайын инфрақұрылыммен қамтамасыз ету инвесторлармен қойылып отырған міндетті талап болғандықтан, себебі ол күрделі шығындарды 20% - ға дейін және операциялық шығындарды 15% - ға дейін қысқартуға мүмкіндік береді, мемлекет АЭА инфрақұрылымының құрылысын қаржыландыруда.
Қазақстанның басты бәсекелестік артықшылығы қолжетімді көмірсутек шикізатының болуы болып табылады. ҚР Энергетика министрлігі салаға инвестиция тартуға бағытталған шаралар кешенін жүргізуде,соның ішінде жаңадан құрылатын мұнай-газ-химия өндірістерін шикізатпен қамтамасыз ету мәселесін реттейді.
Газды мұнайгаз-химия өнімдерін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын инвестициялық жобалар үшін тауарлық газға баға белгілеу тетігін бекіту жөніндегі заң жобасы әзірленді. Заң жобасын Мәжіліс мақұлдады және қазіргі таңда Сенат қарауына енгізілді.
Осылайша, базалық мұнайгаз-химия өнімдерін өндіру мұнай-газ саласында өңдеу өнеркәсібін дамыту үшін негіз бола отырып, шикізатқа бағытталған экономикамызды әртараптандыру мен технологиялық дамуға ұмтылу жөніндегі стратегиямызға сәйкес келеді.

Дата публикации
25 декабря 2019
Дата обновления
28 января 2020
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

29 октября 2025
Жизненные ситуации
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Хабарлама
20 апреля 2023
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы