Меню

Страницы

Статья

2019 жылдың 12 айындағы тексерулер туралы ақпарат

Көмірсутектер және жер қойнауын пайдалану салаларындағы мемлекеттік бақылау департаментінің және мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекцияның Батыс және Оңтүстік өңіраралық басқармаларының 2019 жылдың 12 айындағы қызметінің нәтижелері бойынша қысқаша ақпарат

 

Мемлекеттік бақылау:

Көмірсутектер және жер қойнауын пайдалану салаларындағы мемлекеттік бақылау департаменті (бұдан әрі – Департамент), мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекцияның Батыс және Оңтүстік өңіраралық басқармалары (бұдан әрі-батыс, оңтүстік басқарма) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады. Департаменттің, сондай-ақ Батыс және Оңтүстік басқармалардың құзыретіне мыналар жатады:

-мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді мемлекеттік бақылау;

-Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау;

- Көмірсутектер, уран өндіру саласында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезіндегі емлекеттік бақылау;

- Газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік бақылау;

- өтініш берушілердің көмірсутегі саласындағы біліктілік талаптарына сәйкестігін мемлекеттік бақылау (рұқсат беру бақылауы);

- өтініш берушілердің газ желісі ұйымдарын аккредиттеудің рұқсат беру талаптарына сәйкестігін мемлекеттік бақылау (рұқсат беру бақылауы);

- жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттар талаптарының, оның ішінде өнімді бөлу туралы келісімдердің сақталуын бақылау.

2019 жылдың 12 айында кезеңінде ҚР магистральдық құбыр туралы заңнамасының сақталуын бақылау саласында тексеру жүргізілген жоқ. Осы сала үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары қарастырылмаған. Субъектілерге (объектілерге) қатысты жоспардан тыс тексеру нысанында бақылау жүргізіледі. Сонымен қатар, 2019 жылдың 12 айында тексеру тағайындау үшін негіздер түскен жоқ.

2019 жылдың 12 айында жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар, оның ішінде өнімді бөлу туралы келісімдер талаптарының сақталуын бақылау 7 жер қойнауын пайдаланушыға қатысты жүргізілді.

2019 жылдың 12 айында көмірсутектер саласында жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу кезіндегі бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы порфилактикалық бақылау жүргізудің                         арналған тізім бойынша 12 жер қойнауын пайдаланушыға  бақылау жүргізілді.

2019 жылдың 12 айында мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді мемлекеттік бақылау саласында бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы порфилактикалық бақылау жүргізудің арналған тізім бойынша 4 профилактикалық бақылау жүргізілді. ҚР энергетика министрінің м.а. 2019 жылғы 3 мамырындағы №153 бұйрығы.

2019 жылдың 12 айында уран өндіру бойынша операцияларды жүргізу кезінде бақылау жүргізілген жоқ.

Осы сала үшін тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері қарастырылмаған. Субъектілерге (объектілерге) қатысты жоспардан тыс тексеру нысанында бақылау жүргізіледі. Сонымен қатар, 2019 жылдың                  12 айында тексеру тағайындау үшін негіздер түскен жоқ.

2019 жылдың 12 айында кезеңінде жүргізілген жоспардан тыс тексерулер:

- 1 мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді мемлекеттік бақылау саласын жоспардан тыс тексеру.

- 9 көмірсутектер саласында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнаманы бұзуға жол бергені үшін 17,106 млн.теңге өндірілді.

- газ және газбен жабдықтау саласында жоспардан тыс 30 тексеру, оның нәтижелері бойынша газ және газбен жабдықтау туралы заңнаманың бұзылуына жол бергені үшін 10,579 млн. теңге айыппұл өндірілді.

Өтініш берушілердің біліктілік және / немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін бақылау (рұқсат беру бақылауы) Кәсіпкерлік кодекске сәйкес профилактикалық бақылау нысанында барып жүргізіледі.

Өтініш берушілердің біліктілік және / немесе рұқсат беру талаптарға сәйкестігін тексеру мақсатында 2019 жылдың 12  айында.

- газ және газбен жабдықтау саласындағы акредиттеу үшін                               20 профилактикалық бақылау жүргізілді.

- көмірсутектер саласындағы  97 профилактикалық (рұқсаттық) бақылау жүргізілді.

Жүргізілген тексерулердің нәтижелері бойынша және ұсынылған материалдар негізінде 2019 жылдың 12 айында 395 118 219 теңге шығын өндірілді.

Мемлекеттік қызметтер:

«Көмірсутектер саласындағы тау-кен өндірістерін (көмірсутектер), мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалануға арналған лицензия».

Лицензиялау жер қойнауын қауіпсіз пайдалануды, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.

2019 жылдың 12 айында: 65 лицензия және (немесе) оған қосымша берілді, 89 лицензия қайта ресімделді.

Лицензиялық алымдар бойынша 2019 жылдың 12 айында бюджетке    11,46290 млн.теңге түсті.

«Шикі газды алау етіп жағуға рұқсат беру».

Газды жағуға рұқсат жағылатын газ көлемін реттеу мақсатында, яғни жер қойнауын ұтымды емес пайдалануға жол бермеу үшін беріледі.

2019 жылдың 12 айында: 277 рұқсат ресімделді.

«Газ желісі ұйымдарын акредиттеу»

Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу газ желісі ұйымдарын уәкілетті органның ҚР газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келетін деп ресми тану рәсімін жүзеге асыру.

  • жылдың 12 айында: 10 газ желісі ұйымы аккредиттелді,1 газ желісі ұйымдарын аккредиттеу туралы куәлік қайта ресімделді.

2019 жылғы 12 айында теңіз объектілерін құруға және орналастыруға рұқсат берілген жоқ.

«Көмірсутектерді барлау мен өндіру және уран өндіруді жүргізу кезіндегі консервациялау және жою қағидаларын бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 22 мамырдағы № 200 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 16 қаңтардағы № 11 бұйрығымен «жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 139-бабының 5-тармағына сәйкес келтіру бөлігінде өзгерістер енгізілді.

«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің көмірсутектер мен газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 380 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 8 сәуірдегі № 111 бұйрығымен мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті беруші бөлімшесінің іс-қимыл тәртібінің сипаттамасын нақтылау бөлігінде, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің бекітілген стандарттарына және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы»Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіру мақсатында газ желісі ұйымдарын аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу тәртібін және редакциялық түзетулерінде өзгерістер енгізілді.

«Көмірсутектер, уран өндіру саласында жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу кезіндегі тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 23 қарашадағы № 453 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 23 қарашадағы № 77 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 244 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 16 шілдедегі бірлескен бұйрық қабылданды және ол тексерулер тізіміне енгізуге жататын субъектілер санын қысқартуға және оларға қатысты әкімшілік жүктемені төмендетуге бағытталған.

        ҚР Энергетика министрінің 02 қазан 2019 жылы №322 бұйрығымен өзгерістер енгізілді «Көмірсутектер саласындағы қызметтi жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестiкті растайтын құжаттар тiзбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 28 қазандағы № 77 бұйрығына өзгерістер енгізілді, біліктілік талаптарын оңтайландыруды көздейтін, бұл дәлелді бас тартулар санының төмендеуіне әсер етеді және көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттанушылығын арттыру күтілуде.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 25 сәуірдегі № 140 «Шикі газды факелде жағуға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы», 2015 жылғы 23 ақпандағы № 132 «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің көмірсутектер мен газ және газбен жабдықтау салаларындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы»   бұйрықтарына «Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 18 қарашадағы № 377 бұйрығымен өзгерістер енгізілді, көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттанушылығын арттыру және дәлелді бас тартудын санын азайту.

«Электрондық үкіметтің» веб-порталын www.egov.kz. түрлендіру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілді енгізілген өзгерістерге байланысты, өндірістік базаның, ғимараттың немесе тұрғын емес үй-жайдың (кеңсенің) болуы туралы ақпарат алуға мүмкіндік беретін «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» Мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесімен интеграциялау жүзеге асырылды.

 

Дата публикации
15 января 2020
Дата обновления
15 января 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

29 октября 2025
Жизненные ситуации
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Хабарлама
20 апреля 2023
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы