Меню

Страницы

Статья

2019 жылдың 6 айындағы тексерулер туралы ақпарат

Көмірсутектер және жер қойнауын пайдалану салаларындағы мемлекеттік бақылау департаментінің және мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекцияның Батыс және Оңтүстік өңіраралық басқармаларының 2019 жылдың 6 айындағы қызметінің нәтижелері бойынша қысқаша ақпарат

 Мемлекеттік бақылау:

Көмірсутектер және жер қойнауын пайдалану салаларындағы мемлекеттік бақылау департаменті (бұдан әрі – Департамент), мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекцияның Батыс және Оңтүстік өңіраралық басқармалары (бұдан әрі-батыс, оңтүстік басқарма) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады. Департаменттің, сондай-ақ Батыс және Оңтүстік басқармалардың құзыретіне мыналар жатады:

-мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді мемлекеттік бақылау;

-Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау;

- Көмірсутектер, уран өндіру саласында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезіндегі емлекеттік бақылау;

- Газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік бақылау;

- өтініш берушілердің көмірсутегі саласындағы біліктілік талаптарына сәйкестігін мемлекеттік бақылау (рұқсат беру бақылауы);

- өтініш берушілердің газ желісі ұйымдарын аккредиттеудің рұқсат беру талаптарына сәйкестігін мемлекеттік бақылау (рұқсат беру бақылауы);

- жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттар талаптарының, оның ішінде өнімді бөлу туралы келісімдердің сақталуын бақылау.

2019 жылдың 6 айында кезеңінде ҚР магистральдық құбыр туралы заңнамасының сақталуын бақылау саласында тексеру жүргізілген жоқ. Осы сала үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары қарастырылмаған. Субъектілерге (объектілерге) қатысты жоспардан тыс тексеру нысанында бақылау жүргізіледі. Сонымен қатар, 2019 жылдың 6 айында тексеру тағайындау үшін негіздер түскен жоқ.

2019 жылдың 6 айында жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар, оның ішінде өнімді бөлу туралы келісімдер талаптарының сақталуын бақылау 2 жер қойнауын пайдаланушыға қатысты жүргізілді.

2019 жылдың 6 айында уран өндіру бойынша операцияларды жүргізу кезінде бақылау жүргізілген жоқ.

2019 жылдың 6 айында кезеңінде жүргізілген жоспардан тыс тексерулер:

- мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді мемлекеттік бақылау саласында 1 жоспардан тыс тексеру жүргізілді;

- көмірсутектер саласында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде 8 жоспардан тыс тексерулер жүргізілді, нәтижесінде жер және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамаларын бұзушылықтар үшін 19,442 млн. тенге әкімшілік айып пұл салынып, оның ішінде 1 жарты жыл ішінде 14,392 млн. теңге өндірілді;

- газ және газбен жабдықтау саласында 22 жоспардан тыс тексерулер жүргізілді, нәтижесінде жер және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамаларын бұзушылықтар үшін 8,093 млн. тенге әкімшілік айып пұл салынып, оның ішінде 1 жарты жыл ішінде 5,908 млн. тенгесі өндірілді.

Өтініш берушілердің біліктілік және / немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін бақылау (рұқсат беру бақылауы) Кәсіпкерлік кодекске сәйкес профилактикалық бақылау нысанында барып жүргізіледі.

Өтініш берушілердің біліктілік және / немесе рұқсат беру талаптарға сәйкестігін тексеру мақсатында 2019 жылдың 6 айында.

- газ және газбен жабдықтау саласындағы акредиттеу үшін 17 профилактикалық бақылау жүргізілді.

- көмірсутектер саласындағы 58 профилактикалық бақылау жүргізілді.

Мемлекеттік қызметтер:

«Көмірсутектер саласындағы тау-кен өндірістерін (көмірсутектер), мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалануға арналған лицензия».

Лицензиялау жер қойнауын қауіпсіз пайдалануды, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.

2019 жылдың 6 айында: 43 лицензия және (немесе) оған қосымша берілді, 50 лицензия қайта ресімделді.

Лицензиялық алымдар бойынша 2019 жылдың 6 айында бюджетке 7 177 975 теңге түсті.

«Шикі газды алау етіп жағуға рұқсат беру».

Газды жағуға рұқсат өндірісте қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып газды жағу  көлемін азайту мақсатында жүзеге асырылады.

2019 жылдың 6 айында: 86 рұқсат ресімделді.

«Газ желісі ұйымдарын акредиттеу»

Газ желісі ұйымдарын акредиттеу сұйылтылған газды ҚР ішкі нарыққа көтерме саудалауды реттеу мақсатында жүзеге асырылады.

жылдың 6 айында: 6 газ желісі ұйымы акредиттелді.

2019 жылғы 6 айында теңіз объектілерін құруға және орналастыруға рұқсат берілген жоқ.

2019ға арналған жоспарлар:

  1. Мемлекеттік бақылау бөлігінде:

- Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 4 мамырдағы № 158 бұйрығымен бекітілген 2019 жылдың 2 жартыжылдығына арналған тізімге сәйкес көмірсутектер саласында жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу кезіндегі бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу;

- ҚР Энергетика министрінің м.а. 2019 жылғы 3 мамырдағы № 153 бұйрығымен бекітілген Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді бақылау саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің 2019 жылғы 2-жартыжылдыққа арналған тізімдеріне сәйкес профилактикалық бақылау жүргізу;

- жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар, оның ішінде өнімді бөлу туралы келісімдер талаптарының сақталуына бақылау жүргізу 2019 жылғы 1 сәуірден бастап 2020 жылғы 1 сәуірге дейінгі кезеңде жер қойнауын пайдаланушыларға барудың бекітілген жылдық тізіміне (2019 жылғы 7 наурыздағы №78 ҚР Энергетика министрінің бұйрығы) сәйкес жоспарланып отыр.

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бөлігінде «Көмірсутектер саласындағы қызметтi жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестiкті растайтын құжаттар тiзбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 28 қазандағы № 77 бұйрығына өзгерістер енгізу жоспарлануда, оның нәтижелері бойынша дәлелді бас тарту санын азайту, біліктілік талаптарын оңтайландыру және көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттанушылығын арттыру күтілуде.

         Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Энергетика министрінің бірыңғай бұйрығы шеңберінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 25 сәуірдегі № 140 «Шикі газды алау етіп жағуға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» және 2015 жылғы 23 ақпандағы № 132 Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Мұнай және газ саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрықтарына өзгерістер енгізу жоспарлануда. Нәтижесінде дәлелді бас тарту санын азайту және көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттанушылығын арттыру күтілуде.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
10 января 2020
Дата обновления
10 января 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

29 октября 2025
Жизненные ситуации
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Хабарлама
20 апреля 2023
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы