Меню

Страницы

Статья

2019 жылғы 1 тоқсандағы тексерулер туралы ақпарат

Көмірсутектер және жер қойнауын пайдалану салаларындағы мемлекеттік бақылау департаментінің және мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекцияның Батыс және Оңтүстік өңіраралық басқармаларының 2019 жылғы 1 тоқсандағы қызметінің нәтижелері бойынша қысқаша ақпарат

 

Мемлекеттік бақылау:

Көмірсутектер және жер қойнауын пайдалану салаларындағы мемлекеттік бақылау департаменті (бұдан әрі - Департамент) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады. Департаменттің құзыретіне мынадай салалар жатады:

-мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді бақылау;

-Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы заңнамасының сақталуын бақылау;

-көмірсутектер, уран өндіру саласында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде;

- газ және газбен жабдықтау;

- өтініш берушілердің көмірсутегі саласындағы біліктілік талаптарына сәйкестігін бақылау (рұқсат беру бақылауы);

-өтініш берушілердің газ және газбен жабдықтау саласында акредиттеуге біліктілік талаптарына сәйкестігін бақылау (рұқсат беру бақылауы).

- жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттар талаптарының, оның ішінде өнімді бөлу туралы келісімдердің сақталуын бақылау.

2019 жылғы 1 тоқсан кезеңінде ҚР магистральдық құбыр туралы заңнамасының сақталуын бақылау саласында тексеру жүргізілген жоқ. Осы сала үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары қарастырылмаған. Субъектілерге (объектілерге) қатысты жоспардан тыс тексеру нысанында бақылау жүргізіледі. Сонымен қатар, 2019 жылдың 1 тоқсанында тексеру тағайындау үшін негіздер түскен жоқ.

2019 жылдың 1 тоқсанында жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар, оның ішінде өнімді бөлу туралы келісімдер талаптарының сақталуын, уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде бақылау жүргізілген жоқ.

2019 жылғы 1 тоқсан кезеңінде жүргізілген жоспардан тыс тексерулер:

- мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді бақылау саласында шағым негізінде жоспардан тыс 1 тексеру жүргізілді. Тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ.

- көмірсутектер саласында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде 7 жоспардан тыс тексерулер жүргізілді, нәтижесінде жер және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамаларын бұзушылықтар үшін 10,352 млн. тенге әкімшілік айып пұл салынып, тоқсан ішінде оның 1,452 млн. тенгесі өндірілді;

- газ және газбен жабдықтау саласында 18 жоспардан тыс тексерулер жүргізілді, нәтижесінде жер және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамаларын бұзушылықтар үшін 6,123 млн. тенге әкімшілік айып пұл салынып, тоқсан ішінде оның 3,030 млн. тенгесі өндірілді

Өтініш берушілердің біліктілік талаптарына сәйкестігін бақылау (рұқсат беру бақылауы) Кәсіпкерлік кодекске сәйкес профилактикалық бақылау нысанында барып жүргізіледі. Өтініш берушілердің біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру мақсатында 2019 жылдың 3 айында

- газ және газбен жабдықтау саласындағы акредиттеу үшін 11 профилактикалық бақылау жүргізілді.

- көмірсутектер саласындағы 38 профилактикалық бақылау жүргізілді.

Мемлекеттік қызметтер:

«Көмірсутектер саласындағы тау-кен өндірістерін (көмірсутектер), мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалануға арналған лицензия».

Лицензиялау жер қойнауын қауіпсіз пайдалануды, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.

2019 жылдың 3 айында: 25 лицензия және (немесе) оған қосымша берілді, 28 лицензия қайта ресімделді.

Лицензиялық алымдар бойынша тоқсан ішінде бюджетке 4 183 000 теңге түсті.

«Шикі газды алау етіп жағуға рұқсат беру».

Газды жағуға рұқсат өндірісте қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып газды жағу  көлемін азайту мақсатында жүзеге асырылады.

2019 жылдың 3 айында: 30 рұқсат ресімделді.

«Газ желісі ұйымдарын акредиттеу»

Газ желісі ұйымдарын акредиттеу сұйылтылған газды ҚР ішкі нарыққа көтерме саудалауды реттеу мақсатында жүзеге асырылады.

  • жылдың 3 айында: 2 газ желісі ұйымы акредиттелді.

2019 жылғы 1 тоқсанда теңіз объектілерін құруға және орналастыруға рұқсат берілген жоқ.

  • ға арналған жоспарлар:
  1. Мемлекеттік бақылау бөлігінде:
  • 2019 жылдың 2 жартыжылдығына арналған профилактикалық бақылау тізімдеріне сәйкес көмірсутектер саласында мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіру саласында бақылау жүргізу, олар 2019 жылдың 25 мамырына дейін прокуратура органдарының сайтында орналастырылатын болады.

- жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар, оның ішінде өнімді бөлу туралы келісімдер талаптарының сақталуына бақылау жүргізу 2019 жылғы 1 сәуірден бастап 2020 жылғы 1 сәуірге дейінгі кезеңде жер қойнауын пайдаланушыларға барудың бекітілген жылдық тізіміне (2019 жылғы 7 наурыздағы №78 ҚР Энергетика министрінің бұйрығы) сәйкес жоспарланып отыр.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бөлігінде «Көмірсутектер саласындағы қызметтi жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестiкті растайтын құжаттар тiзбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 28 қазандағы № 77 бұйрығына өзгерістер енгізу жоспарлануда, оның нәтижелері бойынша дәлелді бас тарту санын азайту, біліктілік талаптарын оңтайландыру және

Дата публикации
10 января 2020
Дата обновления
10 января 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

29 октября 2025
Жизненные ситуации
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Хабарлама
20 апреля 2023
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы