Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция бөлімшелерінің негізгі міндеттеріне сәйкес (көмірсутектер және жер қойнауын пайдалану салаларындағы мемлекеттік бақылау департаменті, мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекцияның Батыс және Оңтүстік өңіраралық басқармалары) :
мемлекеттік бақылау:
- көмірсутектер мен уран өндіруге қатысты бөлігінде жер қойнауын пайдалану саласында;
- мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіру саласында;
- газ және газбен жабдықтау саласында;
- Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы Заңының сақталуына;
- рұқсат беру бақылауы;
- жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттардың, соның ішінде өнімді бөлу туралы келісімдердің талаптарын сақтауын бақылау.
2018 жылы 17 тексеру жүргізіліп, нәтижесінде жалпы сомасы 31,084 млн.теңгеге әкімшілік айыппұл өндірілді.
Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекцияның Оңтүстік өңіраралық басқармасын тексеру нәтижелері туралы актілер негізінде Геология және жер қойнауын пайдалану өңірлік инспекциялары жер қойнауын ұтымды пайдалану саласындағы талаптарды бұзу салдарынан келтірілген залал 127,051 млн. теңгеге өндіріп алды.