2019 жылдың 24 желтоқсанында сағат 15:00-де ҚР Энергетика министрі Н. Ноғаевтың және компания өкілдерінің қатысуымен ҚР Энергетика министрлігінің Алқа мәжілісі өтеді.
Алқа отырысында полипропилен өндіру бойынша жобаны іске асыру барысы талқыланатын болады.
Алқа мәжілісі онлайн-трансляция режимінде ҚР Энергетика министрлігінің ресми сайтында (http://energo.gov.kz/), Facebook-парақшасында (https://www.facebook.com/minenergork/) және Youtube-каналда (https://www.youtube.com ) трансляцияланатын болады.
Facebook-парақшадағы түсініктемелерде тақырып бойынша сұрақтар қоюға болады, құзыретке сәйкес жауаптар міндетті түрде түсініктемелерде жарияланатын болады.
Негізгі баяндамашы: ҚР Энергетика министрі, KPI Басқарма Басшысының Бірінші орынбасары.
ҚР Энергетика министрлігінің
Ақпарат және коммуникациялар басқармасы