Меню

Страницы

Статья

FNCA мәліметі бойынша Қазақстандық зерттеу тобы ең үздік деп атанды

«Жылдың ең үздік зерттеу тобы» (Best Research Team of the Year) FNCA марапаты ең алғаш 2017 жылы бекітілді және содан бері жыл сайын қатысушы-елдердің дауыс берулері арқылы еліміздің жобалық тобы бір жыл ішінде атқарған үздік жұмыстары үшін марапатталып келеді.

Биыл «Жылдың ең үздік зерттеу тобы» FNCA марапатын Азиядағы Ядролық кооперациялар жөніндегі форумға қатысушы 12 елдің арасынан жобалық топ Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі «Ядролық технологиялар паркі» АҚ жеңіп алды

Сурет 1.  FNCA Award марапатау рәсімі

Дауыс беру қорытындылары FNCA-нің аға лауазымдық тұлғаларының жиынында айтылды. Марапаттау рәсімі FNCA 20-шы жиыны кезінде 2019 жылғы  5 желтоқсанда Жанония, Токиода министрлер деңгейінде аталып өтті.

Марапаттау рәсіміне Индонезияның зерттеулер мен инновациялар жөніндегі ұлттық агенттігінің Зерттеулер және технологиялар министрі, профессор Б.П. Броджонегоро (Prof. Bambang Permadi Brodjonegoro) және Жапониядағы Атом энергиясы жөніндегі комитеттің төрағасы (Chairman of Japan Atomic Energy Commission (JAEC), профессор Y.Oka (Prof. Yoshiaki Oka) қатысты.

 

Сурет 2. FNCA «Best Researsh Team of the Year» премиясын табыстау рәсімі.

Ұсынылған FNCA «Radiation Processing and Polymer Modification for Agricultural, Environmental and Medical Applications Project» жобасы  еліміздің әртүрлі шаруашылық салаларын дамытуға арналған электрондардың үдеткіштерін қолдану аясын кеңейтуге бағытталған

            FNCA-мен танысу және семинарларына қатысудың арқасында «Ядролық технологиялар паркі» АҚ радидиациялық технологияларды ауыларуашылығы саласында қолдануда өзінің алғашқы тәжірибесін алды. «Радиациялық - тігілген су сіңіргіш суперабсорбенттер өндірісін құру» жобасын жүзеге асыру 2013 жылдан басталды.

            Бұл жоба топырақ кондиционерлерін, өсуді реттеуіштерді және т.б. қолдану саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына, тәжірибемен алмасуға ықпал етті. Нәтижесінде FNCA шегіндегі кооперацияларда ауылшаруашылық салаларының кәсіпорындары үшін жаңа радиациялық технологияларды қолданудың жаңа бастамалары пайда болды. Бұрын электрондар үдеткішін қолдану тек құрылыс салаларына арналған өндірістерге және медициналық бағыттағы өнімдерді радиациялық стерильдеу бойынша қызмет көрсетулерге бағытталған.

            Бүгінде компания ауылшаруашылығы саласында бірқатар жобаларды жүргізеді: «Food products processing by ionizing radiation», «Тыйым салынған қауын шыбыны зиянкестерінің аталығын алмастыру технологиясы (Феромондық бағытсыздану және радиациямен стерильденген аталықтарын жаппай өсіру), «Иондармен сәулеге шағылдырып өңдеу арқылы күріш пен арпаны сұрыптау үшін бастапқы материалды жасау».

Сурет 3. Жобалық топтың негізгі мүшелерә (солдан оңға қарай): Азат Нуркасимов, Зейнолла Ершин, Александр Борисенко, Мурат Касымжанов, Ерлан Жатканбаев.

           Біздің жобалық топ  FNCA қатысушыларына «2019 FNCA Best Researsh Team of the Year» номинациясы бойынша Қазақстан Республикасының тобына сенім артқандары және қолдағандары үшін өте риза. 

               Біз, FNCA-мен серіктес болған уақытта жинақталған тәжірибеміздің   ары қарайғы зерттеулер мен ауылшаруашылығы саласында радиациялық технологияларды қолдануға мықты іргетас болатынына сенеміз

 

Дата публикации
18 декабря 2019
Дата обновления
24 декабря 2019
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

29 октября 2025
Жизненные ситуации
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Хабарлама
20 апреля 2023
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы