Меню

Страницы

Статья

«Мұнай-газ саласындағы әлеуметтік әріптестік» семинар-кеңесінің Баспасөз хабарламасы

Ү.ж. 13-14 маусымда Қызылорда қаласында «Қазгермұнай» БК» ЖШС алаңында ҚР Энергетика министрлігі, «KAZENERGY» қауымдастығы, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «ҚОР» ҰК АҚ, «Торғай Петролеум» АҚ, «СНПС Айдан-Мұнай» АҚ, «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ, «Қуатамлонмұнай» БК ЖШС, «САУТС-ойл» ЖШС, «Құмкөл Тран Сервис» ЖШС, «Көлжан» ЖШС, «Kazpetrol Group» ЖШС, «Кристалл Менеджмент», «Тұзкөлмұнайгаз Оперейтинг» ЖШС, Қазақстандық салалық мұнай-газ кешені кәсіптік одағының, қазақстандық мұнай-газ салалық кәсіптік одағының, «Қызылорда облысының Кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі, сонымен қатар, Қызылорда облысы әкімдігінің өкілдері: еңбек саласындағы бақылау басқармасы, мемлекеттік кірістер департаментінің қатысуымен семинар-кеңесі өтті.

ҚР Энергетика министрлігі Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті директорының орынбасары Б.А. Маханов семинар-кеңеске қатысушыларға ҚР ЭМ жанындағы Мұнай-газ саласындағы әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Салалық комиссия аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Өз сөзінде ол өңірлерге сапарларының басты мақсаты - еңбек заңнамасының нормаларын, Салалық келісімді түсіндіру, ұжымдық шарттарды уақтылы жасасу қажеттілігін талқылау, жалақысы төмен қызметкерлердің жалақысын арттыруды қамтамасыз ету, Өндірістік жарақаттану жағдайларын болдырмау, тараптардың әлеуметтік жауапкершілігін күшейту және әлеуметтік әріптестікті дамыту және т.б. мәселелерді талқылау екенін атап өтті. Б.Маханов кеңеске қатысушылардың назарын мұнай-газ саласының кәсіпорындарында өндірістік жарақаттану жағдайына аударды. Өндірістік жарақаттану жағдайларын төмендету немесе болдырмау мақсатында ҚР Энергетика министрлігі жанындағы салалық комиссияның 2018 жылғы 7 желтоқсандағы отырысында «Мұнай-газ, мұнай өңдеу және мұнай-химия өнеркәсібіндегі қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау және өндірістік жарақаттануды азайту жөніндегі іс-шаралар жоспары» бекітілді.

Еңбек заңнамасындағы перспективалы өзгерістер туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мұнай-газ, мұнай өңдеу және мұнай-химия салаларындағы 2020-2022 жылдарға арналған Салалық келісімді әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының жұмыс барысы туралы «KAZENERGY» қауымдастығының атқарушы директоры Л.Ахмурзина сөз сөйледі.

Әлеуметтік әріптестікті дамыту және өңірдің кәсіпорындары үшін мұнай-газ саласындағы салалық Келісімнің ережелерін түсіндіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың маңыздылығын «Қазгермұнай» БК» ЖШС-ның Бас директоры М.Қ. Мұстафаев атап өтті.

Еңбек саласындағы бақылау басқармасы басшысының орынбасары – Қызылорда облысы әкімдігінің мемлекеттік еңбек инспекторы Т.Шалбаеваның баяндамасында Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің негізгі ережелері түсіндірілді, сондай-ақ қатысушылар Қызылорда облысы кәсіпорындарындағы еңбек заңнамасы мен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы нормалардың сақталуы туралы хабардар етілді.

 «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобында жүргізіліп жатқан әлеуметтік саясат туралы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Әлеуметтік саясат департаментінің директоры Е.Рахымбергенов айтып берді.

Кәсіптік одақтардың өкілдері әлеуметтік әріптестікті дамыту және 2017-2019 жылдарға арналған Салалық келісімді жүзеге асыру жөніндегі кәсіптік одақтардың қызметі туралы, сондай-ақ кәсіподақ қызметіне жаңа мүшелерді тарту туралы баяндады.

Семинар-кеңес аясында Мұнай және газ өңдеу кәсіпорындарының қызметкерлері үшін ҚжЕҚ, ӨТМ және өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша оқыту семинары өткізілді.

Семинар-кеңес соңында қатысушылар қорытынды жасады, сала кәсіпорындарында әлеуметтік әріптестікті дамыту мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жалғастыру қажеттілігі туралы және мұнай-газ саласында 2020-2022 жылдарға арналған Салалық келісімді әзірлеу бойынша жұмыс барысы туралы ұсыныстар жасады.

Осындай көшпелі семинар-кеңестерді өткізу мұнай-газ саласындағы әлеуметтік әріптестік тараптары арасындағы өзара қарым-қатынастардың тиімді жүйесін дамытуға ықпал етеді.

ҚР Энергетика министрлігінің Баспасөз қызметі

 

 

Дата публикации
19 июня 2019
Дата обновления
24 декабря 2019
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

29 октября 2025
Жизненные ситуации
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Хабарлама
20 апреля 2023
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы