Меню

Страницы

Статья

Женевада «Таза планета, дені сау адамдар: химиялық заттар мен қалдықтарды ақылға қонымды басқару» ұранымен отырыстар өтті

Женевада «Таза планета, дені сау адамдар: химиялық заттар мен қалдықтарды ақылға қонымды басқару» ұранымен отырыстар өтті

2019 жылғы 29 сәуір мен 10 мамыр аралығында Женева қаласында (Швейцария) қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және оларды жоюды бақылау туралы Базель конвенциясы тараптарының 14 конференциясы, Тұрақты органикалық ластағыштар туралы Стокгольм конвенциясы тараптарының 9 конференциясы, Халықаралық саудадағы жекелеген қауіпті химиялық заттар мен пестицидтерге қатысты алдын ала негізделген келісім рәсімі туралы Роттердам конвенциясы тараптарының 9 конференциясы өтті. Халықаралық шарттарға әлі қосылмаған елдердің, сондай -ақ үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың қатарынан 180 қатысушы-ел қатысты. 
Отырыс тақырыбы «Таза планета, дені сау адамдар: химиялық заттар мен қалдықтарды ақылға қонымды басқару» ұранымен өтті. 
Базель, Роттердам және Стокгольм конвенциялары бойынша Тараптар конференциясында Қазақстан Республикасының делегациялары мынадай оң нәтижелер алды:
- Қазақстан Республикасында Орталық Азия елдері үшін тұрақты органикалық ластағыштар жөніндегі өңірлік орталық құру туралы бастамашылық жасау, Азия-Тынық мұхиты аймағы елдері тарапынан қолдау алу. Бұл өңірлік орталық Орталық Азияның барлық елдері үшін химиялық заттар мен қалдықтарды ұтымды басқарудағы әлеуетті арттыруға мүмкіндік береді;
- африкалық елдер тобы ұсынған Роттердам Конвенциясының 22-бабына Роттердам конвенциясының III қосымшасына химиялық заттарды қосуға қатысты егер бірнеше жыл бойы консенсусқа қол жеткізілмеген болса, төрттен үш көпшілік дауыспен түзетудің енгізілмеуі бойынша позицияны қорғау. Осы мәселе бойынша қазақстандық делегацияның 22-бапқа кез келген түзетулерге қарсы бұл азшылықты кемсітумен және Конвенцияны іске асырудың тиімсіздігіне келтірумен дәлелдей отырып, барлық Азия-Тынық мұхиты өңірінен позициясын білдірді. Осы түзету Конвенцияны жүргізудің екіқабаттылығына (осы түзетуді ратификациялау және бекітпеу), барлық табиғат қорғау конвенцияларын іске асырудың негізгі қағидатын – бірауыздан мақұлдау мен консенсус принципін сақтамауға әкеп соқтыруы мүмкін болған;
- хризотил асбестін Роттердам Конвенциясының III қосымшасына қоспау бойынша позицияны қорғау. Қазақстандық делегацияның үйлесімді жұмысының арқасында Қазақстан, Ресей, Сирия, Зимбабве, Қырғызстан, Венесуэла, Пәкістан, Куба, Үндістан, Иран хризотил-асбест Роттердам Конвенциясының III қосымшасына енгізілмеген. Химиялық заттар жөніндегі Комитет осы табиғи минералға тыйым салу пайдасына ғылыми-негізделген фактілердің болмауына байланысты оның қаралуы тараптардың келесі конференциясына ауыстырылды. 
Тараптардың келесі конференциясы Найроби қаласында (Кения) 2021 жылы өтеді.

Дата публикации
06 июня 2019
Дата обновления
24 декабря 2019
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

29 октября 2025
Жизненные ситуации
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Хабарлама
20 апреля 2023
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы