Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің бастамасымен, Нұр-Сұлтан қ. экология Департаментімен, Энергетика министрлігінің Экологиялық секторы департаменттерімен бірлесіп 2019 жылғы 7 мамырда «Мусор.NET - дорогу саженцам» акциясы өткізілді. Акцияның мақсаты барынша ластанған аумақты қоқыстан тазарту және тазартылған жерлерге ағаш отырғызу болып табылады.


Акцияны өткізу орны Е-10 көшесіндегі учаске таңдалды.
Комитет пен департаменттер акция барысында 1 тоннадан астам қоқыс жинады. 100-ден астам ағаш көшеттері отырғызылды (пирамидальды терек).
Ластанудың негізгі түрі жақын маңдағы үйлердің құрылыс салушыларының құрылыс қоқысы болып табылады. Осыған байланысты, құрылыс компаниялары басшыларының құрылыс қоқыстарын шығаруға тиісті көңіл бөлу, ұйымдардың қызметкерлері арасында құрылыс объектісінің жақын маңдағы аумағында тазалық пен тәртіпті сақтау туралы нұсқаулық өткізу қажеттілігі туралы хабарлаймыз.
Акция нәтижесі бойынша, 5 маусымда Халықаралық қоршаған ортаны қорғау күнін мерекелеу аясында комитет аумақтық экология департаменттері арасында флешмоб жариялады. Аталған флешмобқа қатысам деген тұлғаларға «Мусор.NET - дорогу саженцам» акциясы бойынша уәкілетті органның атынан алғыс хат жарияланатын болады.
ҚР Энергетика министрлігінің Баспасөз қызметі