Меню

Страницы

Статья

«Мұнай-газ саласындағы әлеуметтік әріптестік» семинар-кеңесінің Баспасөз хабарламасы

ҚР Энергетика министрлігі Мұнай-газ саласындағы әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссия бекіткен 2019 жылға арналған көшпелі семинар-кеңестер өткізу графигіне сәйкес 2019 жылғы 29-30 сәуірде «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС (Шымкент қ.) алаңында «Мұнай-газ саласындағы әлеуметтік әріптестік» тақырыбында семинар-кеңес өткізді.

Семинар-кеңеске мұнай-газ саласы әлеуметтік әріптестігінің тараптары, атап айтқанда: ҚР Энергетика министрлігі, «KAZENERGY» қауымдастығы, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, Мұнай-газ кешенінің қазақстандық салалық кәсіптік одағы, химия, мұнай-химия және өнеркәсіптің ұқсас салалары қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы, Қазақстандық мұнай-газ салалық кәсіптік одағы өкілдері қатысты.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Г.М. Құрманбекова құттықтау сөзін сөйлеп, өңірдің ірі қала құраушы кәсіпорындарында әлеуметтік әріптестікті дамыту және еңбек қатынастарын реттеу мәселелерін талқылау бойынша осындай іс-шараларды өткізудің өзектілігін атап өтті.

ҚР Энергетика министрлігі Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті директорының орынбасары Б.А.Маханов семинар-кеңеске қатысушыларды мұнай-газ саласындағы әлеуметтік әріптестікті дамыту және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша ҚР Энергетика министрлігі жүргізіп отырған жұмысы туралы, оның ішінде ҚР ЭМ жанындағы Мұнай-газ саласының әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік жөніндегі салалық комиссия жұмысы туралы,  Қазақстан Республикасының мұнай-газ, мұнай өңдеу және мұнай-химия салаларындағы 2020-2022 жылдарға арналған жаңа салалық келісімді әзірлеу туралы хабардар етті;

Сондай-ақ, салалық комиссияның ағымдағы жылдың наурыз айында 2019 жылға арналған және «Мұнай-газ саласындағы әлеуметтік әріптестік» тақырыбына арналған көшпелі семинар-кеңестерді өткізу графигін бекіту туралы атап өтті.

Өңірлер бойынша сапарлардың басты мақсаты – еңбек заңнамасының нормаларын, Салалық келісімді түсіндіру, ұжымдық шарттарды уақтылы жасасу қажеттілігін талқылау, жалақысы төмен қызметкерлердің жалақысын көтеруді қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттану жағдайларына жол бермеу, тараптардың әлеуметтік жауапкершілігін күшейту және әлеуметтік әріптестікті дамыту және т. б. мәселелерді талқылау.

Мұнай-газ саласындағы кәсіпорындардағы өндірістік жарақаттану жағдайларына кеңеске қатысушылардың назарын  аударды.

ҚР Энергетика министрлігі жанындағы салалық комиссияның 2018 жылғы 7 желтоқсандағы отырысында өндірістік жарақаттану жағдайларын азайту немесе болдырмау үшін «Мұнай-газ, мұнай өңдеу және мұнай-химия өнеркәсібіндегі өндірістік жарақаттануды азайту және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау жөніндегі іс-шаралар жоспары» бекітілді.

«KAZENERGY» қауымдастығының атқарушы директоры Л.Ж. Ахмурзина сөйлеген сөзінде еңбек заңнамасын жетілдірудің негізгі бағыттары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мұнай-газ, мұнай өңдеу және мұнай-химия салаларындағы 2020-2022 жылдарға арналған Салалық келісімді әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының жұмыс барысы көрсетілді.

Отырысқа Шымкент қаласының Еңбек және көші-қон инспекциясы басқармасының басшысы Б. Қалжанов қатысты, оның баяндамасында Республика кәсіпорындары қызметінің кейбір мәселелері, оның ішінде қызметкерлердің әлеуметтік осал санаттарына қатысты жұмыс берушілердің әлеуметтік жауапкершілігі, жалақысы төмен қызметкерлердің жалақысын көтеру  туралы айтылды. Сондай-ақ, еңбекақы бойынша берешектерге байланысты қызметкерлердің құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды. 2019 жылдың басынан бері республиканың 349 кәсіпорнында 1,1 млрд. теңгеге өнім шығарылды, жалақы бойынша берешек өтелді және 7,9 мыңнан астам қызметкердің құқықтары қорғалды. Аталған кәсіпорындардың басшыларына 277 ұйғарым беріліп, 39,9 млн. теңге сомасына 276 айыппұл салынды.

 «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобында әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Әлеуметтік саясат департаментінің директоры Рахымбергенов Е.М. айтып берді.

Кәсіптік одақтардың өкілдері кәсіподақтардың әлеуметтік әріптестікті дамыту және еңбек қатынастарын ұжымдық-шарттық реттеу, 2017-2019 жылдарға арналған Салалық келісімді іске асыру жөніндегі қызметі туралы, сондай-ақ 2020-2022 жылдарға арналған Салалық келісімді әзірлеуге қатысу туралы баяндады.

Семинар-кеңестің қорытындысы бойынша қатысушылар әлеуметтік саясат жұмысын жақсарту және еңбек ұжымдарында әлеуметтік диалогты дамыту, сондай-ақ мұнай-газ саласындағы 2020-2022 жылдарға арналған Салалық келісімді әзірлеу бойынша жұмыс перспективалары жөнінде ұсыныстар айтылды.

Семинар-кеңестер саланың проблемалық әлеуметтік-еңбек мәселелерін талқылау үшін тиімді алаң болып табылады.

2019 жылға республиканың 7 өңірінде көшпелі іс-шаралар өткізу жоспарланған, онда неғұрлым өзекті мәселелерді: ұжымдық шарттар жасасу ерекшеліктері мен мақсаттары, ұжымдық еңбек дауларын қарау тәсілдері, ұжымдық шарттар арқылы еңбекшілердің құқықтарын сақтау мен қорғау, еңбекақы төлеу, Салалық келісім мен т. б. ережелерін іске асыруды талқылау жоспарланған.

Семинар-кеңесінің қорытындысы бойынша «KAZENERGY» қауымдастығының атқарушы директоры Ахмурзина Л.Ж. мен «Мұнай-газ кешенінің қазақстандық салалық кәсіптік одағы» ҚБ төрағасы Қалиев С.Е.     БАҚ үшін сұхбат берді.

ҚР Энергетика министрлігінің Баспасөз қызметі

Дата публикации
04 мая 2019
Дата обновления
20 декабря 2019
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

29 октября 2025
Жизненные ситуации
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Хабарлама
20 апреля 2023
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы