Меню

Страницы

Статья

Уран өнеркәсібі

Қазақстан табиғи уранның барланған қорлары бойынша әлемде екінші орында. Барлық барланған әлемдік қорлардың шамамен 14 % Қазақстан Республикасының жер қойнауында шоғырланған. Елдің жалпы барланған қорлары 700 мың тоннадан астам уран болып бағаланады.

2009 жылы Қазақстан әлемдегі уран өндіру бойынша бірінші орынға шықты және әлемдік нарықта жетекші позицияларды сақтауды жалғастыруда. Қазақстан әлемдік уран өндірудің шамамен 40%-ын өндіреді. 2021 жылы уран өндіру көлемі 21,8 мың тоннаны, 2022 жылы - 21,3 мың тоннаны құрады.

Қазақстанда уран өндіру ең экологиялық қауіпсіз және ең аз шығынды әдісі болып табылатын жерасты ұңғымалық шаймалау әдісімен ғана жүргізіледі.

Қазіргі уақытта Қазақстанда өндірілген барлық уран әлемдік нарыққа, бірінші кезекте Қытайға, Францияға, Ресейге, Канадаға және т.б. экспортталады.

Уран өндіру ядролық отын циклының бастапқы сатысы болып табылады. Қазақстан шығарылатын өнімнің қосымша қосылған құнын қамтамасыз ететін ядролық отын циклының басқа сатыларында болуын сақтайды (жылына 2,5 млн. бөлу жұмысының бірлігіне дейінгі көлемде уранды изотоптық байыту бойынша қызметтерді ала алады, уран оксидтерінің ұнтақтарын және уран диоксидінің отын таблеткаларын өндіре алады).

Ядролық отын циклының өнімдерін өткізудің жеке нарығының жоқтығын назарға ала отырып, Қазақстан қосылған құнның ұзақ мерзімді және елеулі өсуін қамтамасыз ете алатын реакторға дейінгі ядролық отын циклы сатысында инвестициялау мүмкіндіктерін зерделейді. 2021 жылғы 10 қарашада "Үлбі металлургия зауыты" АҚ базасында дайын ядролық отын (жылу бөлетін құрамалар) шығаратын зауыт іске қосылды.

 
Дата публикации
09 июля 2020
Дата обновления
09 июля 2020
Тип

Сейчас читают

29 октября 2025
Жизненные ситуации
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Хабарлама
20 апреля 2023
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы