Меню

Страницы

Статья

Пресс-анонс. Қазақстанда қоршаған ортаны қорғау күніне арналған «Жасыл офис» республикалық байқауы басталады

30 сәуір 2019 жыл ​Sputnik Қазақстан Баспасөз орталығы
Уақыты 12:00​Нұр-сұлтан қ., Қонаев к-сі 12/1, ВП-35

2019 жылдың 30 сәуірінде сағат 12:00-де Sputnik Қазақстан баспасөз орталығында «Жасыл офис» жобасының басталуы туралы» баспасөз брифингі өтеді. Жобаның мақсаты-ресурстар мен қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауды насихаттау арқылы халық арасында «жасыл» идея мен ой пікірді және мінез-құлықты қалыптастыру.
Ұйымдастырушылар: «Жасыл» экономика және G-Global-ды дамыту Коалициясы» ЗТБ. Қолдау көрсетуші- Нұр-сұлтан қаласындағы ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесі.
​Спикерлер ретінде ҚР Энергетика министрлігінің, «Жасыл» экономика және G-Global-ды дамыту» Коалициясының және Нұр-Сұлтан қаласындағы ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесінің өкілдері сөз сөйлейді.

​Жасыл офис дегеніміз- қызметкерлердің барлығы салауатты жағдайды қалыптастыру және қолдау, ресурстарды үнемдеу және экологиялық ақтаңдақтарды жоюға арналған бағдарламаны іске асыруға тартылған офис.
Мұндай офисте қызметкерлерді, келушілерді және серіктестерді экологиялық ағартумен айналысады, ресурстарды (электр энергиясы, су, қағаз) үнемдейді, артық сатып алудан бас тартады, жасыл іс-шаралар өткізеді, қауіпсіз құралдар мен технологияларды пайдаланады, қалдықтарды сұрыптайды және қайта өңдеуге тапсырады.
«Жасыл» офис элементтерін енгізу: кеңсені ұстауға арналған шығындарды азайтуға; адамдардың денсаулығына қамқорлық жасауға және еңбек өнімділігін арттыруға,қоршаған ортаны сақтауға нақты үлес қосуға және өз клиенттері мен серіктестерінің алдында имиджді арттыруға ықпал етеді.
2019 жылдың 1 мамырынан бастап жоба аясында он номинация бойынша «Жасыл офис» республикалық конкурсы жарияланады, оған мемлекеттік мекемелердің, бизнестің, әлеуметтік нысандардың, халықаралық ұйымдардың, ҮЕҰ және т. б. өкілдері қатыса алады.
Байқау қорытындысы 2019 жылдың қыркүйек айында шығарылады, қатысушылар сертификаттармен, ал жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталады және осы жылдың қыркүйек айында Нұр-сұлтан қаласында өтетін марапаттау рәсіміне қатысады.

Аккредитация үшін: Абдалиева Меруертке хабарласу керек.
Тел.: + 77784560999
e-mail:meruert_1968@mail.ru

Дата публикации
26 апреля 2019
Дата обновления
20 декабря 2019
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

29 октября 2025
Жизненные ситуации
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Хабарлама
20 апреля 2023
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы