Ағымдағы жылдың 24-28 сәуір аралығында қазақстандық делегация Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасының «Жаңартылатын энергия көздеріне инвестициялау тәуекелдерін төмендету» жобасы шеңберінде ЖЭК жұмыс істеп тұрған бірқатар объектілеріне барып, оқу турын өткізді, оның ішінде қатты тұрмыстық қалдықтарды және биогаз станциясын кәдеге жарату бойынша.

Оқу туры барысында энергетикалық нарықты реттеушілермен, жасыл энергетика бойынша бағдарламаны іске асыруға жауапты Финляндия Үкіметі мен Парламентінің өкілдерімен кездесулер өткізілді.
ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі