Меню

Страницы

Статья

«СиБу «ИБК» ЖШС бойынша баспасөз релизі

2018 жылы 3 наурыз сағат 17:30-да Маңғыстау облысындағы «Қаламқас» газ-мұнай кен орнында «Си Бу «Инженерлік Бұрғылау Компаниясы» (Ақтау)  ЖШС-мен (бұдан әрі – «ИБК» СиБу» ЖШС, Серіктестік) № 8237 ұңғыманы бұрғылау кезінде орын алған апаттық жағдай фактісі бойынша Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының батыс өңіраралық басқармасымен (бұдан әрі - Басқарма)  2019 жылғы 8-19 сәуір аралығында Серіктестікке жоспардан тыс тексеру жүргізілді.

«ИБК» СиБу» ЖШС-і мұнай және табиғи газ өндіру кезінде техникалық қолдау көрсететін заңды тұлға болып табылады (ұңғымаларды бұрғылау және жөндеу).

Тексеру нәтижелері бойынша Серіктестіктің Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 28 қазандағы № 77 бұйрығымен бекітілген Көмірсутектер саласындағы қызметтi жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестiкті растайтын құжаттар тiзбесіне сәйкессіздігі, атап айтқанда технологиялық регламенттердің сәйкессіздігі, меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде кейбір жабдықтар мен аспаптардың болуы туралы растайтын құжаттардың болмауы, арнайы қызметтер құру немесе жауапты тұлғаларды тағайындау туралы бұйрықтардың болмауы, сондай-ақ заңды және өндірістік объектінің мекенжайының өзгеруіне байланысты қолда бар лицензияны қайта ресімдеудің болмауы бөлігіндегі «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» ҚРЗ талаптарының орындалмауы анықталды.

Әкімшілік істі қарау нәтижелері бойынша 2019 жылғы 19 сәуірдегі №4 Басқарма қаулысымен 150 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салумен «ИБК» СиБу» ЖШС-нің көмірсутектер саласындағы қызмет түрлеріне мемлекеттік лицензияның қолданылуы белгіленген бұзушылықтар жойылғанға дейін тоқтатылды (осы Қаулы 10 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді).

Дата публикации
22 апреля 2019
Дата обновления
20 декабря 2019
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

29 октября 2025
Жизненные ситуации
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Хабарлама
20 апреля 2023
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы