Меню

Страницы

Статья

Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС жоспардан тыс тексеру жөніндегі баспасөз хабарламасы

Атырау облысы бойынша Экология департаменті ластанған тастау фактісі бойынша «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-ына қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді.

«АМӨЗ» ЖШС-ның технологиялық процесіне сәйкес ағынды сулар механикалық тазарту құрылғысы (МТҚ) арқылы алдын ала механикалық тазартудан өтеді, содан кейін тармақтар бойымен биологиялық тазарту құрылғысына (БТҚ) барады, кейіннен олар нормативтік-тазартылған ағынды сулар каналына түседі. 
Технологиялық қондырғыларға жөндеу-профилактикалық жұмыстарын жүргізу туралы «АМӨЗ» ЖШС-ның 04.03.2019-ғы №117-п бұйрығына сәйкес 2019 жылдың 4 наурызынан бастап биологиялық тазарту құрылғысына профилактикалық жөндеу жұмыстары жүргізілді. 
Тексеру кезінде 2019 жылғы 4 наурызда БТҚ-да профилактикалық жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін БТҚ қондырғысында «А» тармағы тоқтатылып, содан кейін механикалық тазартудың ағынды сулары «Б» тармағына ауыстырылған. 
БТҚ қондырғысының «А» тармағы профилактикалық жөндеуге тоқтатылған сәттен бастап, яғни 2019 жылдың 4 наурызынан бастап «Б» тармағына жүктеме артып, ол қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерінің артуына себеп болды. 
Жарты бөлігін «АМӨЗ» ЖШС-ы пайдаланатын (1023,79 га) және қазіргі заманғы экологиялық талаптарға сәйкес келмейтін «Тухлая балка» булану алқабы зауыттың өнеркәсіптік ағынды суларының ақырғы суқабылдағышы болып табылғанын айта кету керек. 
Анықталған бұзушылықтарды жою үшін Департамент келесі нұсқамаларды берді: 
1. Жаңа резервтік ыдыстарды немесе қолданыстағы авариялық қойманы қайта жаңарту жобасын әзірлеу және іске асыру арқылы резервтік ыдыс (қойма) өнімділік көлемін ұлғайту;
2. Жаңа технологияларды енгізе отырып, МТҚ қондырғысының шығу жолында мұнай өнімдерінің шоғырлануын ұлғайту және себебін анықтау;
3. Қондырғыларды жаңғырту арқылы БТҚ қондырғыларының тиімділігін жақсарту; 
4. Өнеркәсіптік ағынды суларды бұру және нормативтік тазартылған ағын сулардың қолданыстағы каналын жою үшін құбыр салу жобасын әзірлеу және іске асыру;
5. «Тухлая балка» булану алқабын қалпына келтіру бойынша жобаны әзірлеу және іске асыру.
Тексеру нәтижелері бойынша Департамент ҚР ӘҚБтК-тің 331 және 328-баптары бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қозғады. 
Жабдықтарды пайдалану ережелерін бұзғаны үшін қысқартылған өнеркәсіп тәртібімен 252 500 теңге сомасына айыппұл салынды. 
Қоршаған ортаға эмиссияның белгіленген нормативтерінен асқаны үшін айыппұл сомасы 31 374 501 теңгені құрайды.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта Департамент Кәсіпорын тарапынан Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзу нәтижесінде қоршаған ортаға келтірілген залалдың шығын есебін жүргізуде.

ҚР Энергетика министрлігінің Баспасөз қызметі

Дата публикации
12 апреля 2019
Дата обновления
20 декабря 2019
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

29 октября 2025
Жизненные ситуации
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Хабарлама
20 апреля 2023
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы