Меню

Страницы

Статья

АТОМ ЭНЕРГИЯСЫН БЕЙБІТ МАҚСАТТА ПАЙДАЛАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҮНДІСТАН ДЕЛЕГАЦИЯСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНА САПАРЫ БОЙЫНША БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

3-4 сәуір, 2019 жыл

Нұр-Сұлтан қаласы, Қазақстан

         2019 жылғы 3-4 сәуір аралығында Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің шақыруымен атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылау үшін Үндістан делегациясының сапары өтті.

         Делегацияны Үндістанның атом энергиясы департаментінің Ядролық бақылау және жоспарлау басқармасының басшысы - Ранаджит Кумар басқарды. Үнді делегациясы құрамына Бхабха атом зерттеу орталығының (Bhabha Atomic Research Centre (BARC)) ғалымдары мен зерттеушілері кірді.

Сапар барысында атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы екі жақты ынтымақтастық мәселелерін талқылау үшін Үнді делегациясының Қазақстан Республикасындағы Үндістанның елшісі Жоғары мәртебелі мырза Прабхат Кумардың басшылығымен ҚР Энергетика вице-министрі С.Қ. Есімхановпен кездесуі өтті. Кездесуге Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ведомстволық бағынысты кәсіпорындары («ҚР Ұлттық ядролық орталығы» РМК, «Ядролық физика институты» РМК), «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және «Қазақстандық атом электр станциялары» АҚ өкілдері қатысты. Кездесу шеңберінде үнді делегациясы Үндістан Республикасында атом энергетикасы мен ғылымы дамуы туралы презентациялар ұсынды. Қазақстан Республикасының ғылыми мекемелерінің өкілдері және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ атом ғылымы мен өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары туралы ақпарат ұсынды.

Сонымен қатар, сапар барысында үнді делегациясы «Қазақстан Республикасының Ядролық физика институты» РМК-ның пәнаралық ғылыми- зерттеу кешенінде, сондай-ақ Атом энергиясы жөніндегі ақпараттық орталықта болды.

Сапардың қорытындысы бойынша «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК мен Үндістан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі жаһандық серіктестік орталығы арасындағы ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік бойынша меморандумды әзірлеу туралы келісімге қол жеткізілді.

 

Дата публикации
08 апреля 2019
Дата обновления
20 декабря 2019
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

29 октября 2025
Жизненные ситуации
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Хабарлама
20 апреля 2023
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы