2019 жылғы 28 наурызда Нұр-Сұлтан қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ғимаратында Қазақстан Республикасының мұнай-газ, мұнай өңдеу және мұнай-химия салаларындағы 2020-2022 жылдарға арналған Салалық келісімді әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы өтті.
Отырысқа ҚР Энергетика министрлігінің, "KAZENERGY" қауымдастығының қызметкерлері, жұмыс берушілер мен салалық кәсіподақ ұйымдарының өкілдері қатысты.
ҚР Энергетика министрлігі мен «KAZENERGY» қауымдастығының өкілдері құттықтау сөз сөйледі және жұмыс тобының алдағы жұмысы туралы баяндады.
Отырыста ашық дауыс беру арқылы жұмыс тобының төрағасы мен тең төрағалары сайланды,сондай-ақ Салалық келісімді әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының жұмыс жоспары бекітілді.
Жұмыс тобының жұмысы барысында Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті, Ph.D М. Хасенов «Әлеуметтік серіктестік еңбек қатынастарын реттеу механизмі ретінде: шетелдік тәжірибе және Қазақстанның тәжірибесі» атты өзекті тақырып бойынша сөз сөйледі.
Жұмыс тобының мүшелері салалық келісім жобасына келіп түскен ұсыныстарды белсенді талқылады.
Салалық келісімді сапалы әрі белгіленген мерзімде әзірлеу мақсатында отырысқа қатысушылардың көпшілігінің ұсынысы сәйкес жұмыс тобы келесі бағыттар бойынша 3 топқа бөлінген: жалпы мәселелер, еңбекақы төлеу, БиОТ.
Әрбір топқа алдағы жұмыс кезеңде келесі отырысқа арналған міндеттер анықталды.
Жұмыс тобының келесі отырысы ағымдағы жылдың сәуір айының соңында жоспарланып отыр.