Меню

Страницы

Статья

«Жасыл» өсім бойынша Саяси диалог (2019 жыл 2 сәуір Нұр-Сұлтан қ.,) Тақырыбы: энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы, су шаруашылығы және өнеркәсіп үшін тұрақты инфрақұрылым Баспасөз релизі

2019 жыл 2 сәуірде Энергетика министрлігі Ұлттық экономика министрлігімен және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) бірлесіп «Энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы, су шаруашылығы және өнеркәсіп үшін тұрақты инфрақұрылым»  тақырыбында «Жасыл» өсім бойынша Саяси диалог өткізді.

Энергетика Вице-министрі С.Нұрлыбай Тұрақты даму мақсаттарына жетуде энергетикалық инфроқұрылымды көпжақты дамыту және Париж климаттық келісімі бойынша баяндаманы ұсынды.

Іс-шараның негізгі мақсаты:

• тұрақты, сапалы инфрақұрылымды жоспарлау аспектілерін және жасыл өсім үшін инвестицияларды талқылау;

• энергия-су-тамақ қатынасын анықтау;

• «Жасыл экономика» тұжырымдамасын қолдау үшін GIZ жобасының күтілетін үлесін талқылау,

• Қазақстан үшін саясат пен әлеуетті нығайту саласындағы басымдықтарды және ЭЫДҰ және серіктестер тарапынан көрсетілетін қолдауды қарастыру.

2016 жылы Қазақстан жасыл өсім бойынша саяси диалог сериясын іске қосты, ол мүдделі тараптармен экономиканы жасылдандыру жөнінде ведомствоаралық саяси пікірталастар мен консультацияларды ынталандыруға мүмкіндік берді.

Іс-шараға ұлттық экономика, ауыл шаруашылығы, индустрия және инфрақұрылымды дамыту, «Жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар халықаралық орталығы, GIZ, АХҚО және «ССДО» АҚ өкілдері қатысты

Дата публикации
02 апреля 2019
Дата обновления
20 декабря 2019
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

29 октября 2025
Жизненные ситуации
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Хабарлама
20 апреля 2023
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы