Меню

Страницы

Статья

«Қаламқастағы» апат: Тергеу амалдары жүргізілуде

«2019 жылдың 13 наурызында Маңғыстау облысындағы «Қаламқас» мұнай-газ кен орнында «Си Бу» инженерлік бұрғылау компаниясы» ЖШС жобалық тереңдігі 903 метрлік №8237 ұңғымасын бұрғылау барысында газ-су қоспасы атқылап, төтенше жағдай орын алды. Аталған факті бойынша Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясы батыс өңіраралық басқармасы мен Маңғыстау облыстық экология департаменті «Маңғыстау мұнайгаз» АҚ-ға қатысты тексеру тағайындады. Тексеру қорытындысы бойынша Энергетика министрлігі шара қабылдайтын болады», - делінген таратылған ақпаратта. Қазіргі уақытта оқиға орнында «Маңғыстаумұнайгаз»АҚ, «Си Бу» инженерлік бұрғылау компаниясы» ЖШС басшылығы, Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясы батыс өңіраралық басқармасының өкілі жүр. Сонымен қатар оқиға орнынан Энергетика министрлігі мен «ҚазМұнайГаз» компаниясы орталық аппаратының өкілдері келген. «2019 жылдың 24 наурыздағы жағдайға сәйкес мұнай атқылап жатқан жоқ. Төтенше жағдай салдары осы жылдың 24 наурызы күні кешке аяқталады деп күтілуде. ҚР ИНдустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриалдық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Маңғыстау облыстық аумақтық департаментпен бірге Қаламқаскен орнындағы апаттық жағдайды тергеу жүргізіп жатыр. Сонымен қатар апаттың себептерін және әрекеттері апатқа себеп болған тұлғаларды анықтау тапсырылды. Апатты тексеру комитеттің бақылауында тұр», - делінген таратылған ақпаратта.

 

ҚР Энергетика министрлігінің Баспасөз қызметі

Дата публикации
24 марта 2019
Дата обновления
20 декабря 2019
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

29 октября 2025
Жизненные ситуации
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Хабарлама
20 апреля 2023
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы