2019 жылғы 11-13 наурызда ҚР Энергетика министрі Қ. Бозымбаев бастаған қазақстандық делегация Хьюстондағы (АҚШ) «IHS CERAWeek 2019» атқарушы конференциясына қатысты.
«IHS CERAWeek» форумы Әлемдік энергетикалық саланың жыл сайынғы беделді іс-шарасы болып табылады және жаһандық энергетикалық күн тәртібіне үлкен әсер етеді. Ол әлемдегі 5 конференцияларға кіреді және энергетикалық компаниялардың басшылары мен саяси, қаржылық, өнеркәсіптік және техникалық топтардың жетекші мүшелерін, сондай-ақ институционалдық инвесторларды жинайды. Энергетикалық бизнестің ірі ойыншылары әлемдік энергетика алдында тұрған жаңа идеяларды, тәсілдерді және проблемалық мәселелерді талқылауда.

Биыл форумға энергетика министрлерін, халықаралық ұйымдар мен энергетикалық корпорациялар басшыларын, ғалымдар мен технологиялық жаңашылдарды қоса алғанда, әлемнің 75 елінен 4200-ден астам делегат қатысуда.
Конференция барысында қазақстандық делегация жаһандық энергетиканың өзекті мәселелері бойынша бірқатар панельдік пікірталастарға қатысты.
Конференция барысында Министр Қ. Бозымбаев дөңгелек үстел форматында ABB, Schneider Electric, Microsoft, Google, TPHCO, Emerson және т.б. қоса алғанда әлемдік жетекші компаниялардың басшыларымен кездесулер өткізді.
Ол сондай-ақ мұнай саласындағы, бірінші кезекте инвестиция, технология және инновация саласындағы әлемдік трендтерге арналған «Global Oil Ministerial Dialogue» панельдік сессиясында сөз сөйледі.

Өз сөзінде ол әріптестерін және қатысушыларды ҚР мұнай саласындағы ағымдағы жағдай, «ОРЕС+» мәмілесіндегі ұзақ мерзімді инвестициялық саясат, сондай-ақ біздің еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттыру мәселелеріне қатысты заңнамадағы жүргізіліп жатқан реформа туралы хабардар етті.
Бұдан басқа, сапар аясында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен АҚШ-тағы ҚР Елшілігінің өкілдері кірген қазақстандық делегация энергетикалық ТҰК басшыларымен, сондай-ақ Royal Dutch Shell, ExxonMobil, Chevron, Schlumberger, Honeywell және т.б. өнеркәсіптік және техникалық секторлардың және институционалдық инвесторлардың жетекші мүшелерімен кездесулер өткізді, олардың барысында ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайы мен одан әрі өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады.

АҚШ Энергетика министрінің бірінші орынбасары Д. Бруйеттпен ҚР мен АҚШ арасындағы энергетикалық серіктестік, атом өнеркәсібі, жаңартылатын энергия көздері мәселелері бойынша екіжақты кездесу өтті. Тараптар энергетика саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтіп, Мемлекет басшысының АҚШ-қа ресми сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын талқылады.


Сонымен қатар, конференция барысында Министр Қ. Бозымбаев БАӘ энергетика министрі Сухейль әл-Мазруимен мұнай-газ-химия өнеркәсібі мәселелері бойынша келіссөздер жүргізді.
ҚР Энергетика министрлігінің Баспасөз қызметі