БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
2019 жылдың 26 ақпанында Астанада
Энергетика министрлігімен
«Планета» жұмыс тобының отырысын өткізді
2019 жылғы 26 ақпанда Энергетика вице-министрі С. Нұрлыбайдың төрағалығымен Министрлер Үйінің ғимаратында «Планета» жұмыс тобының екінші отырысы өткізілді.
«Планета» жұмыс тобының отырысына қоғамның, мемлекеттік органдардың және бизнестің 30-дан астам өкілі, Парламент Мәжілісінің депутаты - Құралай Әнуарқызы Каракен қатысты.
Қатысушыларға Стратегиялық жоспарлау жүйесінің құжаттарына «Планета» ЖТ ОДМ-ның көрсеткіштерін ұлттандыру және кейіннен ыдырау бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижелері ұсынылды. ОДМ-ның ұлттық көрсеткіштерін талқылау үстіміздегі жылдың қаңтар-ақпан айларында бес топқа бөлініп, мемлекеттік органдардың мамандандырылған сарапшыларын және жұртшылықты тарта отырып өткізілді.
Жұмыс тобы «Барлығы үшін су ресурстарын және санитарияны қолжетімділік пен ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету» 6 ОДМ жүзеге асырылу туралы хабардар болды. Баяндамалармен: ҚР Индустрия және инфроқұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Бейбіт Маратханұлы Шаханов және Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті су ресурстарын пайдалануды реттеу басқармасынын бас сарапшысы - Данияр Ғабитұлы Сағадиев сөз сөйледі.
«Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары - Шахарбану Шорманқызы Жакупова ерікті ұлттық шолуды дайындау туралы ақпарат ұсынды. Биылғы жылы Қазақстанда ОДМ одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында «Планета» жұмыс тобының, соның ішінде тұрақты өндіріс пен тұтыну, су мен жердегі экожүйелерді сақтау, пікір алмасу, халықаралық ұйымдармен техникалық көмек көрсету мәселелерін талқылау және мемлекеттік және жеке сектордан қаржылық қолдау мәселелері бойынша тағы үш отырысын өткізу жоспарланып отырғанын айта өткен жөн.