Меню

Страницы

Статья

«Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 301 бұйрығына өзгерістерді енгізу туралы» ҚР ЭМ бұйрық жобасына БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМА

«Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 301 бұйрығына өзгерістерді енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Энергетика министрінің бұйрық жобасы (бұдан әрі – Бұйрық жобасы) «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес, сондай-ақ «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 913 қаулысына сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.

Бұйрық жобасы «Экологиялық ақпарат беру» қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметін одан әрі жетілдіру бағытталған.

Жоба ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында (сілтеме: http://egov.kz. Ашық үкімет ® Ашық НҚА ® Орталық мемлекеттік органдар ® ҚР Энергетика министрлігі) және Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің сайтында www.energo.gov.kz (сілтеме:http://kz.energo.gov.kz/index.php?id=23852) орналасқан.

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкелмейді.

Дата публикации
08 февраля 2019
Дата обновления
19 декабря 2019
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

29 октября 2025
Жизненные ситуации
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Хабарлама
20 апреля 2023
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы