«Электр энергетикасы саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бірлескен бұйрығының жобасы 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 3-тармағының негізінде және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шiлдедегi № 3 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру қағидаларына сәйкес әзірленді.
Көрсетілген бірлескен бұйрықтың жобасын қабылдаудың мақсаты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу үшін бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу мақсатында электр энергетикасы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын бекіту болып табылады.
Бұйрық жобасын қабылдау келеңсіз әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайды.
Бұйрық жобасы «Электрондық үкімет» порталының ашық НҚА бөліміне орналастырылды.