Меню

Страницы

Статья

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі өкілдерінің құрамындағы Қазақстан делегациясы БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының (БҰҰ ЕЭК) экологиялық саясат жөніндегі комитетінің 24-ші сессиясына қатысты.

2019 жылғы 30 қаңтарда аталған сессия шеңберінде Қазақстан Республикасының энергетика вице-министрі Сәбит Нұрлыбай еліміздің тұрақты дамуы мүддесінде, оның ішінде 2018 жылы БҰҰ ЕЭК сарапшылары өткізген Қазақстан Республикасының экологиялық қызметінің нәтижелілігіне үшінші шолу (ЭҚНШ) аясында Қазақстанның күн тәртібін ілгерілетуде кездесетін негізгі жетістіктер мен сын-қатерлерді таныстырды. ЭҚНШ талқылауға Швейцария, Франция, Эстония, Португалия және Экофорум өкілдері қатысты.

ЭҚНШ ұсыныстары Қазақстандағы экологиялық қызметті жақсартуға елеулі үлес қосады және Қазақстанның экологиялық және әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешу үшін тұрақты экономикаға көшу бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдардың күш-жігеріне қолдау көрсетеді, сондай-ақ 2019 жылдан бастап тұрақты даму мақсаттарының мониторингі тетігінің құрамдас бөлігі ретінде пайдаланылатын болады.

Пікірталас модераторы Экологиялық саясат комитетінің төрағасы Элизабет Кинтас (Португалия) болды.

ҚР Энергетика министрлігінің Баспасөз қызметі

 

Дата публикации
31 января 2019
Дата обновления
18 декабря 2019
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

29 октября 2025
Жизненные ситуации
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Хабарлама
20 апреля 2023
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы