Меню

Страницы

Статья

2019 жылдың 14 қаңтарында өткен "Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері секторын дамыту" сессиясын өткізу қорытындысының баспасөз – хабарламасы

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Қазақстандағы БҰҰДБ-мен бірлесіп, жаңартылатын энергия көздері жөніндегі халықаралық агенттіктің (ИРЕНА) қолдауымен 2019 жылғы 14 Қаңтарда Абу-Даби қаласында Дүниежүзілік энергетикалық Саммит шеңберінде «Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері секторын дамыту» тақырыбында сессия өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) секторында коммерциялық жобаларды дамыту және іске асыру үшін инвесторлардың қызығушылығын арттыру болды.

Сессия Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі С. Есімханов, ИРЕНА атқарушы директоры Гурбуз Гонулдың қатысуымен жоғары деңгейде өтті. Сонымен қатар ЕҚДБ, БҰҰДБ, РФО, күн энергиясы қауымдастығы (SPAQ), Шелл және т.б. сияқты ЖЭК мәселелері бойынша бөлімшелер мен ұйымдардың басшылары презентациялармен және баяндамалармен сөз сөйледі. Өз кезегінде баяндамашылар Қазақстандағы ЖЭК даму жағдайы туралы және энергетиканың осы секторын дамыту үшін әлеуетті инвесторлар мен серіктестерді тарту үшін мемлекет тарапынан қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді.

Іс-шара барысында жеке сектордың инвестицияларын оқшаулайтын негізгі кедергілерді анықтау және ЖЭК дамытуды қолдау мен ынталандырудың жақсы жұмыс істейтін және тұрақты жүйесін құру жолы арқылы жаңартылатын энергия көздері саласындағы Қазақстанның орасан әлеуетін іске асыру әдістері туралы сапалы сараптамалы диалог қалыптасты.

Ашық пікір алмасудың арқасында қатысушылар инвестициялауға кедергі келтіретін негізгі мәселелерді анықтап, оларды шешудің бірқатар тиімді жолдарын ұсынды.

Осы сессия шеңберінде Еуропалық Қайта Құру және даму банкі (ЕҚДБ) мен «ЮКСЭС-50» ЖШС (Risen Energy компаниясы қаржыландыратын) арасында Шолаққорған күн энергетикасы бойынша жобаны қаржыландыру үшін Қарыз туралы келісімге қол қойылды. ЕҚДБ 17 миллиард теңгеге (шамамен 45 миллион АҚШ доллары) дейінгі соманы бөледі және қосымша 10 миллион АҚШ долларына жуық жасыл климаттық қор бөлетін болады.

Бұдан басқа, дүниежүзілік энергетикалық саммит алаңында өткен негізгі іс-шаралар шеңберінде "Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" КЕАҚ мен жаңартылатын энергия көздері жөніндегі халықаралық агенттік (ИРЕНА) арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Қорытындылай келе, іс-шараға қатысушылар мемлекеттік құрылымдар мен бизнес өкілдерінің қатысуымен осындай іс-шаралар Қазақстанда ЖЭК секторын дамыту және ілгерілету бойынша тиімді құрал болып табылады деген ортақ пікірге келді.

Іс-шараға Қазақстанда инвестицияларға қызығушылық танытатын 20-дан астам шетелдік компания қатысты.

ҚР Энергетика министрлігінің Баспасөз қызметі

Дата публикации
15 января 2019
Дата обновления
18 декабря 2019
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

29 октября 2025
Жизненные ситуации
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Хабарлама
20 апреля 2023
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы