2019 жылғы 2 шілдеде ҚР Энергетика министрі Қ. Бозымбаев бастаған Қазақстан Республикасының делегациясы ОПЕК + елдерінің өндіру көлемін ерікті қысқарту туралы келісімге мүше елдердің алтыншы министрлік кездесуінің жұмысына қатысты.
Отырыс барысында қатысушылар әлемдік мұнай нарығын тұрақтандыруға бағытталған бірлескен іс-шараларды талқылады және 2018 жылғы қараша деңгейіне қатысты ОПЕК+ келісімін 2019 жылғы 1 шілдеден бастап 9 айға ұзарту арқылы мұнай өндірудің жалпы көлемін тәулігіне 1,2 млн.баррельге азайтуға келісті. Қазақстан үшін бұл ұзарту тәулігіне 1,86 млн.баррельден аспайтын деңгейде орташа өндіруді сақтауды білдіреді.
Сондай-ақ іс-шара шеңберінде Министрлер ОПЕК-ке мүше елдер мен ОПЕК-ке кірмейтін мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық туралы Хартия жобасының мәтінін келісілді, ол қатысушы елдердің мемлекетішілік келісуіне жатады. Бұл құжат ОПЕК + елдері арасындағы ынтымақтастықты институттандыруға мүмкіндік тудырады.
Бұдан бұрын Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Королі Салман бен Абдель Азиз Аль Саудпен телефон арқылы сөйлесу кезінде Қазақстан 2019 жылдың соңына дейін ОПЕК+ келісімінің қолданылу мерзімін ұзарту жөніндегі Сауд бастамасын қолдайтыны туралы айтты.
Қазақстан ОПЕК елдерімен және ОПЕК-ке кірмейтін мемлекеттермен әлемдік мұнай нарығын тұрақтандыруға және мұнай индустриясы инвесторларының сенімділігін қалпына келтіруге бағытталған белсенді ынтымақтастықты жүргізуде. Әлемдік мұнай нарығының тұрақтылығын сақтау – Қазақстан Республикасының мүдделеріне сай келеді, себебі мұнай саласы ел экономикасында елеулі рөлге ие.
Естеріңізге сала кетсек, 2018 жылғы желтоқсанда өндіруді тәулігіне 1,86 млн.баррельге қысқарту бойынша міндеттемелерді қабылдай отырып, Қазақстан ОПЕК+ елдерінің 2019 жылдың бірінші жартыжылдығына өндіру көлемін қысқарту бойынша мәмілені кезекті ұзартуды қолдады (40 мың баррельге төмендеу./ 2018 жылғы қараша өндіру деңгейіне қатысты тәулік).
Ағымдағы жылдың алты айының қорытындысы бойынша Қазақстанда орташа тәуліктік өндіру 1,79 млн.баррельді/ тәулігіне құрады. Осылайша, Қазақстан ОПЕК + алдындағы өндіруді 70 мың баррельге/ тәулігіне қысқарту бойынша өз міндеттемелерін асыра орындады.
ОПЕК + келісімі мұнай белгіленімдерінің өсуіне елеулі әсер етті және оларға бір баррель үшін 60-70 АҚШ долл.ауқымында тұрақтандыруға мүмкіндік берді.