Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының тау-кен металлургия секторының ірі кәсіпорны және өз көмірі, темір кені және энергетикалық базасы бар интеграцияланған тау-кен металлургиялық кешен болып табылатын «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-да тексеріс жүргізді.
Тексеру барысында аталған ұйым иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеуге, радиоактивті заттармен, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеуге қатысты атом энергиясын пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтамайтыны анықталды.
Тексеру нәтижесі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы және анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым хаттамалары жасалды.
ҚР Энергетика министрлігінің Баспасөз қызметі