Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қанат Бозымбаев министрліктің ұжымын жаңа энергетика вице-министрі Мұрат Жөребековпен таныстырды.
Мұрат Жөребеков 1978 жылы Ақтөбе қаласында туған. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын (іскерлік әкімшілендіру магистрі (ІӘМ), «Strathclyde» университетін, Шотландия, (экономика және басқару магистрі), Гарвард бизнес мектебін, АҚШ, «Басшылық қызметкерлер» мамандығы бойынша бітірген.
Мамандығы бойынша экономист.
Әр жылдары «ҚазТрансГаз» ЖАҚ, «Интергаз Орталық» ЖАҚ, Лондон қаласындағы «Аджип ККО», «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «PSA» ЖШС-да жұмыс істеген.
Соңғы кездері «PSA» ЖШС-да әртүрлі қызметтерде, ӨБК жобалары жөніндегі өкілетті органның құрылымында департамент директоры, экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директор лауазымындарында болған. 2017 жылдан бастап осы компанияның Бас директоры болып жұмыс атқарған.

Қашаған, Қарашығанақ, Доңға және Жемчужина жобалары сияқты Басқарушы Комитеттерінің Төрағалық міндетін қоса атқарған.
Мұрат Өтемісұлы ірі жобаларды басқарған үлкен тәжірибесі бар жоғары білікті, сондай-ақ стратегиялық инвесторлармен – әлемнің ірі мұнай компанияларымен жұмыс істеген маман екенін Министр атап өтті. Мұрат Өтемісұлы ӨБК жобаларын жетік біледі. Жұмыс атқарған уақыты ішінде Мұрат Өтемісұлы Қашаған, Қарашығанақ, Доңға сияқты еліміз үшін аса маңызды келіссөздер жүргізу кезіндегі қатысушысы болған және осы жобалардың сәтті іске асырылуына өз үлесін қосқан.Энергетика вице-министрі лауазымында халықаралық қызмет, газ және мұнай-газ-химия, сондай-ақ өнім бөлу келісіміні саласындағы мәселелерге жетекшілік ететін болады.
Энергетика министрі вице-министрге оның жаңа қызметінде табыс тіледі және Министрлік қойған міндеттерге қол жеткізетініне сенім білдірді.