100 нақты қадам – Ұлт жоспарының «Өңірлік энергетикалық компанияларды ірілендіру» 51-ші қадамында айқындалған Мемлекет басшысы қойған міндеттерді іске асыру мақсатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 11 шілдеде Заңы әзірленді және қабылданды.
Өңірлік энергетикалық компанияларды ірілендірудің мақсаты энергия беруші ұйымдар мен иесіз электр желілерінің санын қысқарту арқылы тұтынушыларды үздіксіз және сенімді электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету болып табылады.
Заңмен энергия беруші ұйымдардың қызметіне оларды кезең-кезеңмен қолданысқа енгізе отырып қойылатын талаптар белгіленген. 2018 жылғы 1 қаңтарда диспетчерлік технологиялық басқарудың болуы бойынша талап күшіне енді.
Заңның қабылдануымен энергия беруші ұйымдар санының төмендеу үрдісі байқалуда.
Заң қабылданғанға дейін электр энергиясын беру жөніндегі қызметті 162 ұйым жүзеге асырды, бүгінде қызметті 152 ұйым жүзеге асыруда.
Энергетика министрлігі Ұлттық экономика министрлігімен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп 2018 жылы және 2019 жылдың басында мынадай жұмыстар жүргізді:
- бекітілген жол карталарына сәйкес иесіз электр желілерінің ұзындығы 2017 жылы 2 350 км-ден 2019 жылдың басына 742 км-ге дейін төмендеді. 2020 жылы иесіз электр желілері мәселесін толық шешу күтілуде.
Анықтама үшін:
2018 жылы –2 350 км-ден 1 336 км-ге дейін (1 014 км);
2019 жылы – 1 336 км-ден 742 км-ге дейін (594 км).
- 116 энергия беруші ұйым тексерілді. Тексеру нәтижелері бойынша: 32 ұйым диспетчерлік технологиялық басқару талаптарына сәйкес келеді, 9 ұйым табиғи монополиялар субъектілерінің тіркелімінен шығарылды;
- белгіленген механизмге сәйкес талаптарға сәйкес келмейтін 75 ұйым бойынша тарифтер төмендеу жағына қарай қайта қаралды.
Сондай-ақ, соңғы тұтынушылар тарифтерінің төмендеуі, электр желілеріндегі жазатайым оқиғалар санының төмендеуі, монополистер көрсететін қызметтердің сапасын арттыру сияқты оң көрсеткіштер байқалады.
Электр желілеріндегі жазатайым оқиғалар саны бойынша анықтама:
2017 жылы -24;
2018 жылы -23;
2019 жылдың 5 айында – 4.
Жалпы, Энергетика министрлігі тарапынан Ұлттық экономика, Қаржы министрліктерімен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жұмысты жалғастыруда.
Өңірлік энергетикалық компанияларды ірілендіру процесінен күтілетін негізгі нәтиже, бұл 2023 жылға қарай энергия беруші ұйымдардың санын 110 ұйымға дейін қысқарту, иесіз электр желілері мен коммуналдық сектор ұйымдарының болмауы, сондай-ақ электр энергиясын беруге арналған тарифтерді төмендету.