Бурабай курорттық аймағының аумағында Қазақстанда алғаш рет Қазақстан Республикасында жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) саласын дамыту мәселелеріне арналған «Solar Fest Qazaqstan» I Халықаралық іскерлік фестивалі өтуде.
«Solar Fest Qazaqstan» ҚР «ЖЭК пайдалануды қолдау туралы» Заңының қабылдануының мерейтойлық жылында өтуде. Бұл Заң 2009 жылдың 4 шілдесінде дәл 10 жыл бұрын қабылданған болатын.
Сонымен қатар, «Қазақстандық күн энергетикасы қауымдастығы» ҚР Премьер – Министріне жыл сайынғы «ЖЭК қызметкерлері күні» кәсіби мерекесі ретінде 4 шілдеде енгізу туралы өтініш жасады.
Risen Energy (Hong Kong) Co. Ltd іскерлік шарасының бас демеушісі 2018 жылы 7 маусымда Гүлшат кентінде (Қарағанды облысы) қуаты 40 МВт күн электр станциясын іске қосты. Үш күн бұрын Risen Energy Co. Ltd Түркістан облысында қуаты 50 МВт күн электр станциясының капсуласын салды.
Іскерлік іс-шараға 300-ден астам адам қатысады.
Фестивальдың жұмысы Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімхановтың, «Қазақстандық күн энергетикасы қауымдастығы» ЗТБ директорлар кеңесінің төрағасы Нұрлан Қапеновтың, Ақмола облысы әкімінің орынбасары Марат Игалидің, БҰҰДБ-ның Қазақстандағы тұрақты өкілі Якуп Бериштің, Энергосесурстар департаментінің директоры, Еуразия, ЕҚҚДБ Аида Ситдикованың қатысуымен медиа-брифингпен және ашылу салтанатымен басталады.
Одан кейін «Қазақстан Республикасында жаңартылатын энергетиканы дамытудың мемлекеттік саясаты: қолдаудың жаңа тетіктері» атты пленарлық отырысы өтеді. Негізгі баяндамаларымен ҚР Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов, ҚР Энергетика министрлігінің жаңартылатын энергия көздері департаментінің директоры Айнұр Соспанова, ҚР СІМ Инвестициялар комитеті төрағасының орынбасары Лариса Жұмағалиева, «ЖЭК қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС-нің бас директоры Жандос Нұрмағанбетов, «Болашақ энергиясы» USAID Аймақтық бағдарламасы басшысының орынбасары Баян Әбілқайырова сөз сөйлейді.
Бұдан кейін фестиваль жұмысы бірнеше дискуссиялық бағыттар бойынша жалғасады:
«Қаржыландыру – ЖЭК дамуының негізгі қозғалтқышы: қолжетімді құралдар, проблемалар, перспективалар». Панельдік сессияны энергия ресурстары департаментінің Директоры, Еуразия, ЕҚҚДБ Аида Ситдикова модерациялайды. Талқылауларға «Қазақстан Даму Банкі» АҚ басқарма Төрағасы Абай Сарқұлов, «Астана» Халықаралық Қаржы Орталығының Әкімшілігі» АҚ басқарушы директоры Айдар Қазыбаев, Азия даму банкінің Қазақстандағы өкілдігінің директоры Джованни Капаннелли (Giovanni Capannelli), Clean Technology Fund (TBC) өкілі Мафалда Дуарте (Mafalda Duarte) және басқалар қатысады;

«Бөлінген генерация, ЖЭК шағын ауқымды жобалары – заңнамалық реттеу және қолдау шаралары» (серіктес – БҰҰДБ);
«Дабыл сигналдары: Қазақстанда жаңартылатын энергетиканы дамыту үшін кідіріссіз шаралар қабылдау қажеттілігі».
Фестиваль аясында ЖЭК бойынша практикалық семинарлар өтеді:
- «Аукциондар. Өткізудің жаңа ережелері, қатысу регламенті». Ұйымдастырушылар мен спикерлер: ҚР Энергетика министрлігі, «ЖЭК қолдау жөніндегі ЕАҚО» ЖШС және «КОРЭМ» АҚ.
- «ЖЭК қолданушы сарапшыларының ұсыныстары». Ұйымдастырушы: «Central Asian Renewable Energy Resources» ЖШС.
Фестиваль алаңында Жастар Жылы аясында студент жастардың қатысуымен «Күн шуағы» бесминуттығы өтеді. Акцияға қатысушылар ЖЭК саласы үшін жас кәсіби кадрларды даярлау қажеттілігін талқылайды.
«Жастар бесминуттығы» - бұл Қазақстан Республикасының студент жастарының және олардың тәлімгерлерінің, сарапшылардың ЖЭК саласының даму көзқарасын талқылау мақсатында кездесуі. Кездесу «Fire place» ашық алаңында (от алаңы) пикникпен басталады және «Solar Fest Qazaqstan» бағдарламасында 3 ресми сессиясымен жалғасады. (Серіктес – Конрад Аденауэр атындағы Қор).
«Күн – Энергия – Өнер» тақырыбына экологиялық сурет байқауы шеңберінде балалардың шығармашылық жұмыстарының көрме-тұсаукесері ұсынылады.
«Мейірімділік іс-шарасы» - Қазақстанның әр аймақтарынан келген балаларға арналған шығармашылық мастер-класстар. Бұл балалар - Қазақстан Күн Энергетикасы Қауымдастығының бастамасымен және қолдауымен ҚР аз қамтылған отбасылардың шығармашылық балалары арасында өткізілген ерекше экологиялық сурет республикалық конкурсының жеңімпаздары.
Фестиваль жұмысы барысында қалпына келетін энергия көздерінің салалық қауымдастығына арналған тауарлар мен қызметтердің, өз профилінің тұсаукесеріне мүдделі «Solar Expo» компаниясының презентациялық тіректері жұмыс істейтін болады.
Біздің бүгінгі ұстанымымыз қандай және алдағы жылдары және болашақта ЖЭК пайдалану мен дамыту мәселелерінде одан әрі ұзақ мерзімді даму болашақтарында неге қол жеткізгіміз келеді? Осы іскерлік шараның аясында осы және өзге де көптеген сұрақтарға жауап табу жоспарланып отыр.
«Solar Fest Qazaqstan» кездесулері мен пікірталастарының қорытындысы Хартия – салалық қауымдастықтың атынан ҚР Үкіметіне үндеу болмақ. Құжат сарапшылар мен нарық қатысушыларының қазіргі ұстанымын белгілейді және таяу жылдары және келешекте ұзақ мерзімді даму болашағында Қазақстан Республикасында ЖЭК дамыту мәселелері бойынша олардың пайымдауын ұсынады деп жоспарлануда.
Solar Fest Qazaqstan қатысушылары: Қазақстан күн энергетикасы қауымдастығының мүшелері – SPAQ; Қазақстандық ЖЭК саласының мамандары қауымдастығының өкілдері; Қазақстан Республикасы мен басқа елдердің күн энергетикасы саласының өкілдері; Халықаралық сарапшылар мен саланың танылған әлемдік көшбасшылары; Қазақстандық және халықаралық қаржы институттарының өкілдері; Отандық және шетелдік инвесторлар; Бейінді қауымдастықтар мен кәсіби бірлестіктердің өкілдері; Қазақстан Республикасының министрліктері мен ведомстволарының өкілдері; Жақын және алыс шетелдердің мемлекеттік құрылымдарының өкілдері; Қазақстан Республикасының Жастар қауымдастығының өкілдері; Барлық өзге мүдделі тараптардың және күн энергетикасы мен жаңғыртылған энергия көздері нарығына қатысушылардың өкілдері; Қоғам өкілдері - Республикалық конкурстың жеңімпаздары; Қазақстандық және халықаралық БАҚ өкілдері.
«Solar Fest Qazaqstan» - жаңартылатын энергетика саласының барлық мүдделі қатысушыларын жинайтын халықаралық іскерлік фестиваль.

Анықтама үшін:
Жаңартылатын энергия көздерін соңғы жылдар ішінде Қазақстан энергетикалық кешенді дамыту векторларының бірі ретінде ұсынуда. ЖЭК секторын дамытудың нақты мақсатты индикаторлары қабылданды. Осылайша электр энергиясын өндірудің жалпы көлемдегі ЖЭК үлесі 2020 жылға қарай - 3%, 2025 жылға қарай - 6%, 2030 жылға қарай - 10%, 2050 жылға қарай ЖЭК және баламалы энергия көздеріне барлық жиынтық энергия тұтынудың кемінде жартысы келуі тиіс деп анықталды.
ЖЭК жобаларын іске асыру үрдісі Қазақстанда 2009 жылы «ЖЭК пайдалануды қолдау туралы» заңды және оны іске асыру үшін қабылданған бірқатар нормативтік құқықтық актілерді қабылдаудың арқасында пайда болды. Аукциондық сауда тетігі 2018 жылға дейін қолданыста болған бекітілген тарифтердің орнына келді, олар бастапқы кезеңде елде ЖЭК секторын іске қосуға мүмкіндік берді. Аукциондық тетік ЖЭК нысандары өндіретін электр энергиясына әділ нарықтық бағаны анықтауға, әлеуетті инвесторларды іріктеудің ашық үрдісін құруға мүмкіндік берді.
Әлемде 90 ел электр энергиясын өндіру үшін күн энергиясын пайдаланады, ал 32 елде 1 ГВт-дан астам күн электр станциялары орнатылған. Бүгінде Қытай (176 Квт), АҚШ (62 ГВт), Жапония (56 Квт), сондай-ақ Германия (45 ГВт) және Үндістан (33 ГВт) күн энергетикасын дамытуда жетекші елдер болып табылады. Салыстыру үшін Қазақстанның барлық электр станцияларының жалпы белгіленген қуаты 21 ГВт құрайды.
2018 жылдың қорытындысы бойынша әлемдік күн энергетикасының белгіленген қуаты 500 ГВт-тан асты. Бұл 2018 жылы 100 ГВт-дан астам фотоэлектрлік станция құрылысының қорытындысы бойынша мүмкін болды. Әлемдік күн энергетикасына КЭС-тің белгіленген қуатын 300-ден 500 ГВт-ге дейін арттыру үшін бар жоғы 2 жыл ғана қажет болды. Салыстыру үшін, әлемдегі АЭС-тің белгіленген қуаты шамамен 400 ГВт құрайды.
Беделді әлемдік сарапшылар 2019 жылы бүкіл әлемде 129 ГВт фотоэлектрлік күн электр станциялары орнатылатынын болжайды, яғни 2018 жылға қарағанда 29 ГВт-ға артық.
Қазақстан сондай-ақ күн электр станцияларын салу жобаларын іске асырудың және елдегі күн энергетикасын кезең-кезеңмен тұрақты дамытудың табысты және бірегей тәжірибесіне ие. Кәсіби бірлестікті саланың қазақстандық және халықаралық ойыншылары үшін «бірыңғай алаң» ретінде ұсына отырып, бұл үрдістердің қатысушылары «Қазақстан күн энергетикасы қауымдастығына» 2018 жылы бірікті.
Бүгінгі таңда шетелдік инвесторлар, девелоперлер, жабдық өндірушілері, жобалық институттар, жоғары оқу орындары және халықаралық қаржы институттары Қауымдастықтың мүшелері мен аккредиттелген бақылаушылары болып табылады.
«Solar Fest Qazaqstan» - жаңартылатын энергия көздері бойынша халықаралық іскерлік фестиваль www.solarfest.spaq.kz
ҚР Энергетика министрлігінің ресми сайты: www.energo.gov.kz
«Қазақстан күн энергетикасы қауымдастығына» ЗТБ (Solar power association of Qazaqstan - SPAQ) Қазақстан Республикасында күн энергетикасын инвестициялау және табысты дамыту үшін тұтас саясатты және тартымды жағдайларды қалыптастыру мақсатында құрылды. 28.02.2019 Қауымдастық ҚР Үкіметінің ресми аккредитациясын алды. www.spaq.kz
Рауан Ескали
БАҚ-пен байланыс жөніндегі үйлестіруші
+ 7 777 214 0171