Меню

Страницы

Статья

Нұр-Сұлтан қаласының орталық саябағын ұйымдастыру қызметі әкімшілік жауапкершілікке тартылды

«Нұр-Сұлтанның Magic Park Astana» ЖШС орталық паркінің сервистік қызметі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық департаменті «Magic Park Astana» ЖШС-ға қатысты шағым бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізді.

Тексеру барысында аталған ұйымның электр қауіпсіздігі бөлігінде электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтамайтыны анықталды, атап айтқанда:

- кейбір аттракциондарда жерге тұйықтау өткізгіштері жоқ, электр қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келмейді;

- тарату құрылғыларының, шкафтардың есіктерінде, кей жерлерде ескерту плакаттары мен қауіпсіздік белгілері жоқ;

- кейбір аттракциондар электравтоматикамен жабдықталмаған;

- парк аумағы бойынша кәбілдік желілер кей жерлерде дұрыс салынбаған, электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмейді.

Тексеру нәтижелері бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті барлық ата-аналарға қарапайым электр қауіпсіздігінің ережелерін білмеу салдарынан жиі электр жарақаттарының орын алатынын хабарлайды.

Балалар мен олардың ата-аналары электр тоғының ыңғайсыз жұмыс істеу салдарының маңыздылығын есте сақтауы қажет. Өйткені, трансформаторлық кіші станцияға жақын жерде тұруы да қауіпті. Мұнда жабдықтар жоғары кернеу астында орналасқан, ол үйдегі электр розеткаларына қарағанда мыңдаған есе жоғары. Жоғары кернеулі жұмыс істеп тұрған электр жабдығына бірнеше метрге жақындағанда электр тоғымен зақымдану мүмкін. Қарапайым қауіпсіздік талаптарын елемеуге болмайды.

Әуе желілері (ӘЖ) мен кабель желілерінің жердегі жатқан сымдарына 8-10 метрге жақын жақындауға болмайды. Сонымен қатар, ӘЖ сымдарымен жанасатын радиотелефондық байланыс желілерінің сымдарына да қатысты.

Тек осы ережелерді білу, олардың толық сақталуынан балаларды электр қуатының жазатайым жағдайлардан қорғауға болады.

Өз кезегінде, балалар аттракциондарына қызмет көрсететін ұйымдар электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтауы туралы ескертілді.

Дата публикации
09 июля 2019
Дата обновления
12 декабря 2019
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

29 октября 2025
Жизненные ситуации
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Хабарлама
20 апреля 2023
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы