Меню

Страницы

Статья

Қазақстан тарапы АҚШ Президенті Д. Трамп 2018 жылғы шілдеде АҚШ-ң Сауда министрлігі бастамашылық еткен уран импорты бойынша сауда шектеулерін енгізуден бас тарту туралы шешімін қанағаттанғандықпен қабылдады.

Қазақстан тарапы АҚШ Президенті Д. Трамп 2018 жылғы шілдеде Америка Құрама Штаттарының Сауда министрлігі бастамашылық еткен уран импорты бойынша сауда шектеулерін енгізуден бас тарту туралы шешімін қанағаттанғандықпен қабылдады.

Қазақстан мен АҚШ арасында энергетикалық сектордағы ынтымақтастықтың ұзақ әрі табысты тарихы бар, 28 жыл тәуелсіздік кезеңінде стратегиялық серіктестік деңгейіне жетті.

Екі жақты қатынастарды нығайтудың табысты тетіктерінің бірі энергетикалық әріптестік жөніндегі бірлескен комиссия болып табылады, оның шеңберінде ядролық қауіпсіздік, атом өнеркәсібі, мұнай және газ, жаңартылатын энергия көздерін және электр энергетикасын дамыту саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқылануда.

Қазақстан атом өнеркәсібіндегі екіжақты ынтымақтастықты дамытуға және таратпау режимін нығайтуға зор мән береді.

Екі жақты комиссиялар, іс-шаралар мен жеке кездесулер шеңберінде Энергетика, Сыртқы істер және Ұлттық экономика министрліктері ҚР ұлттық мүдделерін қорғау және уран импортына санкцияларды қолдануды болдырмау жөнінде жұмыстар атқарды.

Қазақстан Республикасы уран өндірісінде көшбасшы мемлекет және бүкіл әлем бойынша АҚШ-ты қоса алғанда, АЭС-тің үздіксіз жұмыс істеу кепілдерінің бірі болып табылады.

Қазақстанда жер асты ұңғылма сілтсіздендіру әдісімен уран өндіру технологиясы МАГАТЭ-мен ең экологиялық және қауіпсіз тәсіл деп танылды.

Анықтама үшін: Қазақстаннан АҚШ-қа табиғи уранның экспорты 2015 жылы – 1153,5 тоннаны, 2016 жылы – 1813 тоннаны құрады.

2017 жылы – 948 тонна, бұл экспорттың жалпы көлемінің 4,1% - ін құрайды (23 258 тонна), 2018 жылы-399,8 тонна, бұл экспорттың жалпы көлемінің 1,95% - ін құрайды (20452 тонна).

 

Дата публикации
17 июля 2019
Дата обновления
12 декабря 2019
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

29 октября 2025
Жизненные ситуации
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Хабарлама
20 апреля 2023
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы