Меню

Страницы

Статья

Қазақстан электр энергиясының экспорты үшін жаңа нарықтар

Ағымдағы жылдың маусым айының соңында көп жылдардан кейін алғашқы рет Қазақстан электр энергиясының Өзбекстанға экспорттық жеткізілімдері басталды. Мәселен, екі елдің уәкілетті ұйымдарының арасында жасалған шартқа сәйкес 2019 жылдың ішінде Өзбекстан энергия жүйесіне 1 млрд. квт/ сағ. астам электр энергиясы экспортталатын болады. 
Өзбекстанға электр энергияның экспортын жүзеге асыру үшін маңызды шарттардың бірі ең алдымен Қазақстаннның ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз ету болып табылады. Қазақстан тұтынушыларын сенімді және үздіксіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында аварияға қарсы автоматиканы баптау (жүктемені ажыратудың арнайы автоматикасы - ЖААА) және технологиялық бұзушылық болған жағдайда өзбек тұтынушыларына шектеулер енгізу бойынша кешенді іс-шаралар көзделген.
Электр энергиясының экспорттық жеткізілімі басталды, және бүгінгі таңда (маусым айының соңынан бастап 17 шілде бойынша) Өзбекстанға 145 млн. квт/ сағ. электр энергиясы сатылған.
Қазақстанның электр энергиясының экспорттық жеткізілімі Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан электр станцияларын уақтылы жаңғырту, реконструкциялау және кеңейту бойынша жүргізілген саясатының нәтижесінде алынған электр қуатының қолданыстағы профицитінің арқасында мүмкін болып отыр.
Екі ел арасындағы сауданы дамыту жөніндегі қадамдар тек электр энергетикасы саласындағы ғана емес, сонымен қатар болашақта басқа да экономика салаларында өзара тиімді ынтымақтастыққа ықпал ететін болады.

ҚР Энергетика министрлігінің Баспасөз қызметі

Дата публикации
17 июля 2019
Дата обновления
12 декабря 2019
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

29 октября 2025
Жизненные ситуации
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Хабарлама
20 апреля 2023
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы