Меню

Страницы

Статья

KAZAKHSTAN ENERGY WEEK ФОРУМЫ ШЕҢБЕРІНДЕ ӨТЕТІН III ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЭК САММИТІ

2019 жылы 25 қыркүйекте Қазастанның астанасында жаңғыртылатын энергия көздері бойынша ІІІ Саммит (Renewable Energy Summit 2019) – халықаралық индустриялық алаңы өтеді, оның жұмысына әлемнің түрлі елдерінен 300 астам делегат пен спикерлер қатысады.

Саммиттің мақсаты – «жаңғыртылатын» энергия көздерінің пайдаланылуын «қолдап» және «қарсы» талқылау, сондай-ақ еліміздің және бүкіл әлемдік қоғамдастықтың «жасыл» болашағын» құруға үлес қосуға танылған үздік идеялар мен тиімді шешеімдерді іске асыру.
Сондай-ақ, жоба Қазақстанға жаңғыртылатын энергия көздері саласындағы әзірлеушілерді, инвесторларды және технология жеткізушілерді, сондай-ақ қарым-қатынас орнату және тәжірибе алмасу үшін бүкіл әлемнен жетекші мамандарды тарту стратегиялық міндетін шешеді.
Саммиттің ұйымдастырушы Қазақстанның жаңғыртылатын энергетика қауымдастығы – «жасыл» экономиканы дамытуға мүдделі компанияларды біріктіретін коммерциялық емес ұйым. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры Саммитті қоса ұйымдастырушы болып табылады.
Іс-шара Kazakhstan Energy Week 2019 (KEW-2019) жобасы шеңберінде өтеді, оны KAZENERGY Қауымдастығы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауымен іске асырады.
Саммит спикерлері қатарында келесі сарапшылар күтіледі:
 Қанат Бозымбаев, Қазақстан Республикасының Энергетика министрі
 Рае Квон Чунг, Әлемнің Нобель сыйлығының Лауреаты; «Жаһандық энергия» сыйлығын беру жөніндегі Халықаралық комитеттің мүшесі
 Аркадий Дворкович, «Сколково» Қорының Төрағасы, ФИДЕ президенті, РФ үкіметі төрағасының экс-орынбасары
 Болат Ақшолақов, KAZENERGY Қауымдастығының Бас Директоры
 Руслана Лыжичко, Украина Халық әртісі, Таза энергия елшісі, Евровидение 2004 Жеңімпазы, Украина Радасының экс-депутаты
 Владимир Школьник, Энергетика, индустрия және сауда экс-министрі, «ҚазАтомӨнеркәсіп» ҰАК басшысы, Қазақстан Республикасы Президентінің штаттан тыс кеңесшісі
 Альберт Рау, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты
 Дәрмен Сәдуақасов, «Dasco Consulting Group» басқарушы серіктесі
 Армен Арзуманян, «Болашақ энергиясы» USAID өңірлік бағдарламасының жетекшісі
 Рамазан Жәмпейісов, БҰҰДБ тұратқы даму департаментінің директоры
 Айдар Қазыбаев, «АХҚО» Әкімшілінің басқарушы директоры
 Марлен Ізбасханов, «Бірінші жел электр станциясы» ЖШС бас директоры
 Якуп Бериш, Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының тұрақты Төрағасы
 Жомарт Момынбаев, «Заманауи Инновациялық Технологиялар» ЖШС серістесі
 Руслан Жемков, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарушы директоры
 Евгений Вагарин, Rodina AG Бас директоры және негізін қалаушы, Чернобыль Күн АЭС әзірлеушісі және иесі
 Арман Қашқынбеков, Қазақстан Жаңғыртылатын энергия қауымдастығының бас директоры
Қатысушылар Қазақстандағы және әлемдегі жаңғыртылатын энергетиканың бірқатар стратегиялық маңызды және өзекті мәселелерін талқылайды, оның ішінде келесі тақырыптар:
 Жаңғыртылатын энергетика болашағы: жаһандық үрдістер мен қазақстандық тәжірибе
 «Жасыл» қаржы және «жасыл» экономика: Қазақстанда қандай қаржы құралдары және ЖЭК дамытудың инвестициялық мүмкіндіктері бар?
 ЖЭК жобалары бойынша аукциондық сауда-саттық: нәтижелері мен перспективалары
 Best Cases: Қазақстанда ЖЭК облысындағы ең табысты жобалардың рейтингі
Сондай-ақ, Саммит шеңберінде әлеуетті инвестор ЖЭК саласындағы стартап-жобалардың арнайы таныстырады. Қазіргі уақытта қатысушылардың өтінімдерін жинау жүргізіліп жатыр, одан кейін Ұйымдастыру комитеті іс-шара шеңберінде жеке әзірлемелерін ұсына алатын ең перспективалы қатысушылардың тізімін жасайды. Осы секцияға қатысуға өтінім беру мерзімі – 1 тамызға дейін.
Қазіргі сәтте іс-шара бағдарламасы толықтырылады және жақын арада таныстырылады.
ЖЭК Саммитіне қатысуға тіркеу іс-шараның ресми сайтында -www.resummit.kz жүзеге асырылады.
Kazakhstan Energy Week 2019 форумына қатысу бойынша толық ақпарат www.kazenergyforum.com ресми сайтында қолжетімді.
2019 жылғы 25 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының Қорында Нұр-Сұлтан қаласында Жаңартылатын энергетика саласындағы ІІІ Халықаралық Саммиттің құрметті демеушісі: қазақстандық бизнесмен және меценат, Оралбек Ботбай, және оның SOURCENERGY компаниясы.
Қатысу, сондай-ақ демеушілік және әріптестік интеграциялар бойынша байланыс:
Ботагөз Тоқтар
M: +7 702 714 68 19
E: info@resummit.kz, botagoz@antmedia.kz
БАҚ үшін байланыс:
Дмитрий Гордиенко
M.: + 7 7-1 216 88 62
E: media@resummit.kz

Дата публикации
24 июля 2019
Дата обновления
12 декабря 2019
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

29 октября 2025
Жизненные ситуации
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Хабарлама
20 апреля 2023
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы