ҚР Энергетика министрлігі дизель отынының бағасына қатысты мәселелер интернет желісінде белсенді түрде талқылануына қатысты, көршілес елдердегі бағаның өсу қарқынымен салыстырғанда Қазақстанның жанармай құю бекеттеріндегі бағаның 2018 жылдың қазан айынан бастап бір деңгейде сақталып отырғанын атап өтеді.
Анықтама үшін: Ресей Федерациясында дизель отынының бағасы литрына 250 теңгеден (2018 жылдың қазан айында) ағымдағы жылдың шілде айында 293 теңгеге дейін өсті, Қырғыз Республикасында дәл осы мерзімде литрі 238 теңгеден 249 теңгеге өсті.
Қазақстандағы дизель отынының бағасы шекаралас елдермен салыстырғанда ең төмен баға, сондықтан елдегі жанармай құю бекеттеріндегі орташа баға Қырғыз Республикасына қарағанда 57,4 теңгеге және Ресей Федерациясына қарағанда 101,3 теңгеге төмен.
Дегенмен, дизель отыны жоғары бағамен сатылатын облыстар бар, олар Ақтөбе, Ақмола және Жамбыл облыстары. Ақтөбе және Ақмола облысының жергілікті желілерінде дизель отынын сату бағасы 205 теңге/л., сондай-ақ Жамбыл облысында 181 теңге/л. төменірек.
Қазақстанмен шекаралас елдердегі дизель отынына бөлшек сауда баға (Литріне орташа баға, теңгемен)
Қазақстан Республикасы - 191,7
Қырғыз Республикасы - 249,1
Өзбекстан Республикасы - 195,5
Ресей Федерациясы - 293,0
Қазақстанмен шекаралас аймақтарда дизель отынына баға бірдей болмағандықтан, транзиттік үлкен көлік ағынымен, оған қоса көрші шекаралас өңірлердің тұрғындарымен де жанар-жағар майды әкету фактілері бар.
Сонымен қатар, жанар-жағар майдың бөлшек саудадағы бағасының әр түрлі болуы, қазақстандық мұнай өнімдерінің көршілес елдерге ағылуы бойынша түрлі схемалардың туындауына жағдай жасайды.
Бүгінгі күні елдің ішкі нарығында дизель отынына бағаны қалыптастыруға келесі факторлар әсер етеді:
- дизель отынына сұраныстың артуы;
- барлық өндірілген дизель отынының көп бөлігінің ауыл шаруашылығы мен темір жол салаларын қамтамасыз етуге жұмсалуы;
- Қазақстан арқылы транзиттік жүк тасымалдарының және оларға байланысты ішкі нарықта және көршілес елдердің шекара маңындағы өңірлеріндегі бағалардың тепе-теңсіздігіне байланысты отын ағындарының маусымдық артуы;
- «Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциздер мөлшерлемелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 29 мамырдағы № 331 қаулысына сәйкес дизель отынына акциздер мөлшерлемелерінің маусымдық артуы.

Анықтама үшін:
Дизель отынына мөлшерлеменің маусымдық сипаты бар: мәселен егер шілде-қараша айлар кезеңінде ол тоннасына 9300 теңге болса, желтоқсан-маусым кезеңінде ол тоннасына 540 теңгені құрайды. Шетелдік дизель отынына мөлшерлеме барлық күнтізбелік жылда тоннасына 540 теңгені құрайды.
Бұған дейін хабарланғандай, мұнай өнімдерінің ресурс иелері ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің (бұдан әрі – АШТӨ) қажеттіліктеріне күзгі дала жұмыстары (шілде-қазан) кезеңіне басым тәртіпте 395 мың тонна дизель отыны жіберіледі. Шілде айында АШТӨ-нің жалпы тұтынуы 116,2 мың тонна, немесе елдегі жалпы өндіріс көлемінен 29,7% құрауы тиіс. Бұл ретте ауыл шаруашылығы қажеттіліктері үшін ҚР МӨЗ-інен дизель отынына баға тоннасына 198 мың теңгені құрайды (литріне 162 теңге).
Артып келе жатқан темір жол жүк ағынына байланысты шілде айында шамамен 35 мың тонна дизель отыны, немесе жалпы өндірістен 8,9 %-тін жіберу жоспарлануда.
Қыркүйек айында Қазақстанда шығарылатын дизель отынының шамамен 3,8% пайызы тау-кен-металлургия кешенінің қажеттіліктеріне жіберу жоспарланған, яғни 15,0 мың тонна.
Қазіргі уақытта барлық МӨЗ-дер тәулік сайын ашық түсті мұнай өнімдерін өндіріп, штаттық режимде жұмыс істеуде, өндірілген өнім ішкі нарыққа бағытталып отыр. Қазақстандық МӨЗ-дермен ағымдағы дизель отынының өндірісі экономиканың барлық салаларындағы ішкі нарықты толығымен қамтамасыз етіп отыр. Жанар-жағармай тапшылығы жоқ.
ҚР Энергетика министрлігі өзінің жетекшілік ететін салаларында әрқашан ашықтық, жариялылық және конструктивті диалог қағидаларын ұстанады, сондай-ақ әрдайым өз құзіреті шегінде мәселелерді түсіндіріп отыру бағытында жұмыстар жүргізеді.
ҚР Энергетика министрлігінің Баспасөз қызметі