Құрметті әріптестер!
Сіздерді қазақ мұнайының 120 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырамыз! Конференция қиын өндірілетін қорлары бар кен орындарды игерудің заманауи әдістері тақырыбына арналады.
⠀
Шара 2019 жылдың 5-6 қыркүйек күндері қазақ мұнайының «қара шаңырағы» Атырау қаласы, «Нұрсая» шағын ауданы, Елорда даңғылы, 22А мекенжайы бойынша өтеді.
⠀
Конференцияның өтуіне «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС-нің Атырау қаласындағы «Каспиймұнайгаз» филиалы ұйытқы болып отыр. Жиын қатысушылары жер қойнауын пайдаланудың ғылыми-техникалық әлеуетін дамыту жөнінде пікір алмасып, тәжірибелерімен бөліседі.
⠀
Сіздерді ҚМГ компаниялар тобының осынау айтулы шарасында күтеміз және қатысушыларымызға сәттілік тілейміз!
⠀
Байланыс телефоны: +7(7122) 305-440, e-mail: mukhtanov.b@llpcmg.kz