Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика министрі Қанат Бозымбаевты қабылдады, - деп хабарлайды Ақорда сайты.

Қ.Бозымбаев Қазақстан Президентіне өткен жеті айдың қортындысын баяндап, энергетика саласының жоспарлы дамып жатқанын хабарлады.

Баяндамаға сәйкес, мұнай өндіру көлемі 52,23 млн тоннаны құрап, биылғы жоспар 101,2% орындалды.
Оның ішінде үш ірі жобаның үлесіне 31,6 млн тонна тиесілі. (Қашағанда -7,2 мон тонна, Теңізде- 17,5, млн тонна Қарашығанақта - 6,9 млн тонна.)
Шыны керек, ағымдағы жылдың маусым айында Қашағанда күрделі жөндеуден өтіп, өндіру көлемі тұрақты түрде тәулігіне 380 мың баррельге шықты. Ал, мұнай өндірудің ағымдағы қарқыны жылдық жоспарды 89 млн.тонна көлемінде орындауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, мұнай өнімдерін өңдеу саласында да оң динамика сақталуда. Яғни өңдеу көлемі 9,58 млн тоннаға жетіп, былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 3,1 %-ке өсімді көрсетіп отыр. Бензин бойынша өңдеу 10,8% , дизель 7,8% , авиа отын 2,2 есеге өсіп отыр.
Нәтижесінде жыл басынан бері нарықтағы бөлшек саудада баға төмендеген. Әсіресе бензиннің АИ-92 маркасы 6% арзандаған.
Айта кету керек, ағымдағы жылы Қазақстан ЕЭҚ-тан тыс жерлерге Аи-92 маркасын 70 мың тоннаға дейін, ай сайын Аи-95 маркасы бойынша 15 мың тоннаға дейін таза-экспорттаушы болып отыр.

Өткен жеті айда, газ өндіру көлемі 33,1 млрд. текше метрді құрап, жоспар 101,8% орындалды. Ал, тауарлы газ өндірісі 19,6 млрд.текше метрге жетіп, белгіленген жоспар 104,8% орындалды. Сондықтан ішкі нарықта тұрақтылық орнатылып, газ бағасының негізсіз өсуіне жол берілмеуде. Тілге тиек еткен жөн, халықты газбен қамту 49,7% жетті. Қазір 9 млн-ға жуық адам көгілдір отынға қол жеткізген.
Кездесу барысында Министр мұнай-химия саласына да тоқталып, бірқатар жүйелі жұмыстарды баяндады. Битум өндірісі 464 мың тоннаға жетіп, белгіленген жоспар 103% орындалған.
Отандық мұнай-газ-химия саласындағы осы жылдың маңызды оқиғасы Атырау МӨЗ-де хош иісті көмірсутектердің (бензол, параксилол) өнеркәсіптік өндірісін бастау болып табылады. Бірінші жартыжылдықта 95 мың тонна хош иісті көмірсутектер өндірілді, олар экспортқа (Ресей) жіберілді. 2019 жылға жоспар-180 мың тонна.
Ал, электр энергиясын өндіру жалпы тұтынуға сәйкес 60,4 млрд.кВтсағ құрап отыр.
Сондай-ақ, кездесуде министр Президентке энергетика саласына жасалып жатқан инвестициялар туралы да мәлімет берді.
Мұнай өндірісінде үш ірі жобаны іске асыруға құйылған инвестиция көлемі 44,5 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл қаражат үш ірі жобаны іске асыруға бағытталады. Теңізді болашақта кеңейту жобасы (38 млрд. АҚШ доллары), Қарашығанақ өндіру деңгейін ұзарту жобалары (4,5 млрд. АҚШ).
Осылайша, теңізді болашақта кеңейту жобасы сапалы өндіруге серпіліс бермек. Яғни жыл сайынғы деңгейді 2023 жылдан бастап бірден 12 млн.тоннаға арттыруға мүмкіндік береді.
Мұнай-газ-химия саласында жалпы құны 12,3 млрд. АҚШ долларын құрайтын, 8 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.
Бұл ретте Полипропилен мен Полиэтилен жобалары жақын шетелдер арасында полимерлер өндірісіндегі ең ірі жобалар. Екі жоба бойынша инвестиция көлемі 9 млрд. Құрылыс кезінде кемінде 3000 жұмыс орны және пайдалану кезеңінде 1000 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.
Полипропилен жобасы бойынша құрылыс кесте бойынша жүріп, 2021 жылы аяқталады.
Айта кету керек, қазіргі таңда жаңартылатын энергетиканы дамыту да тұрақты жолға қойылды. Осы саладағы көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары инвесторлардың белсенді қызығушылығын тудырады. Қазірдің өзінде инвестиция көлемі 2 млрд АҚШ долларын құрайтын 82 РРА келісім-шартқа қол қойылды.
Жыл соңына дейін, ЖЭК объектілерінің жиынтық қуаты 733 (77 объект) - тен 967 МВт-қа (85 объект) дейін артады. 2020 жылы ЖЭК санын 95 (1483 МВт) дейін, 2021 жылы 119 (бұл 2096 МВт) дейін жеткізу жоспарлануда.
Сөз соңында Президент энергетика саласының дамуына оң бағасын беріп, алдағы уақытта қалыптасқан тұрақтылықты сақтауды тапсырды.

​ҚР Энергетика министрлігінің Ақпарат және байланыс басқармасы

 

Дата публикации
14 августа 2019
Дата обновления
12 декабря 2019
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

29 октября 2025
Жизненные ситуации
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Хабарлама
20 апреля 2023
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы