Меню

Страницы

Статья

ҚР Энергетика министрлігінде энергетикалық кәсіпорындардың 2019-2020 жж. жылыту маусымына дайындығы қаралды

2019 жылдың 21 тамызында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінде энергетика министрі Қ. А. Бозымбаевтың төрағалығымен облыстар мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдерінің орынбасарларының және Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің, "KEGOC" АҚ, "Самұрық-Энерго" АҚ, "ҚТЖ "ҰК" АҚ, "ҚазТрансГаз-Аймақ" АҚ, "Интергаз - Орталық Азия" АҚ және энергетикалық кәсіпорындардың басшыларының қатысуымен 2019-2020 жж. жылыту маусымына дайындық барысы туралы салалық селекторлық кеңес өткізілді.

Салалық селекторлық кеңесте энергетика министрлігінің алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық мәселелері, энергия өндіруші кәсіпорындарда жөндеу жұмыстарын жүргізу және еліміздің энергия көздерінде отын жинақтау мәселелері, сондай-ақ Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің алдағы жылыту маусымына әлеуметтік сала, денсаулық сақтау, тұрғын үй объектілерін дайындау мен коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге және дербес қазандықтарға отын жинақтау мәселелері қаралды.


Ел тұтынушыларын алдағы күзгі-қысқы кезеңде тұрақты энергиямен жабдықтау үшін 2019 жылға арналған электр станцияларының негізгі жабдықтарын жөндеудің бекітілген кестесіне сәйкес ағымдағы күнге 11-ден 5 энергия блогының жөндеуі аяқталды, бұл жылдық жоспардың 36% - ын құрайды, 63-тен 34 қазан, бұл жылдық жоспардың 53% - ын құрайды, 46-дан 20 турбина, бұл жылдық жоспардың 43% - ын құрайды. Әр түрлі кезеңдерде жөндеу жұмыстары 3 энергоблокта, 28 қазанда және 15 турбинада жүргізілуде. Электр желілері бойынша 15 мың км электр беру желілері мен 836 қосалқы станцияларға жөндеу жүргізілді, бұл тиісінше жылдық жоспардың 58% және 66% - ын құрайды. Алдағы жылыту кезеңіне дайындық үшін 531 орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағындағы қазандықтың 279-на жөндеулер жүргізілді, бұл жылдық жоспардың 53% - ын құрайды. Жалпы жөндеу жұмыстары бекітілген кесте бойынша жүргізілуде.


Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ақпараты бойынша ағымдағы жылдың 15 тамызына жылу көздері бойынша 10 571 автономды қазандықтың 9 016-ы дайындалды, бұл 85,3% құрайды. Батыс Қазақстан облысының, Маңғыстау облысының және Алматы қаласының қарқыны төмен. Жоспарланған 4 991 км-ден ағымдағы кезеңге 3 904 км жылу желілері немесе 78,2% жөнделді. Атырау облысында және Нұр-сұлтан қаласында әзірліктер төмен. 15 112 км жоспарда 12 435 км сумен жабдықтау желілері жөнделді немесе 82,3 %. Маңғыстау, Түркістан облыстарының және Шымкент қ. дайындықтары төменд. Әлеуметтік сала объектілері бойынша ағымдағы кезеңге 9 479 білім беру нысаны немесе 86,4% дайындалды, Денсаулық сақтау объектілері 5 940 нысанның 5 226 дайындалды немесе 88%. Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарында қарқын төмен. Жөндеуге жоспарланған 46 793 тұрғын үйдің 35 178 орындалды немесе 75,2%. Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында және Шымкент қаласында қарқын төмен.
Автономды қазандықтарға жоспар бойынша 1,7 млн.тонна көмірдің 838,3 мың тонна көмірі дайындалды немесе 47,9%, жоспар бойынша 111,6 мың тонна мазуттың 52,9 мың тоннасы дайындалды немесе 47,4%. Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында қарқын төмен.


Селекторлық кеңестің қорытындысы бойынша облыстардың және Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктеріне, сондай-ақ энергетикалық кәсіпорындарының бірінші басшыларына Қазақстан Республикасының энергетика министрі: жөндеу жұмыстарын белгіленген мерзімде тиісті сапаны сақтай отырып аяқтауды, КҚК басталғанға дейін жеткізілген отын үшін берешектерді өтеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды, отынның нормативтік қорын жинақтауды, электр энергиясын өндіру/тұтыну режимінің сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Сондай-ақ, ведомство басшысы жұмыс қауіпсіздігі және энергетикалық жабдықтарды пайдалану жағдайын бақылау шараларын күшейтуді және энергетикалық кәсіпорындардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігі паспортын алуға материалдарын уақтылы жіберуді тапсырды.

ҚР Энергетика министрлігінің Ақпарат және коммуникациялар басқармасы

Дата публикации
23 августа 2019
Дата обновления
23 августа 2019
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

29 октября 2025
Жизненные ситуации
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Хабарлама
20 апреля 2023
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы