Меню

Страницы

Статья

2019 жылғы 2 қыркүйектегі Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша Қазақстан Республикасы Энергетика министрі Қ.А. Бозымбаевтың төрағалығымен өткен алқа отырысының баспасөз хабарламасы

2019 жылғы 6 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің төрағалығымен «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша алқа отырысы өтті.

Осы отырысқа отын-энергетикалық кешен мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.
Отырыс барысында Мемлекет Басшысының Жолдауын іске асыру тұрғысынан ОЭК-ті дамытуға жағдай жасау үшін жүргізілген және жүргізіліп жатқан заңнамалық жағдайлар белгіленді:
«Жер қойнауын пайдалану саласын жандандыру үшін заңнамалық реформалар жүргізілді және жаңа Салық кодексі мен Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодекс қабылданды. Жер қойнауын пайдалану саласын реттеуді жеңілдету және теңізде геологиялық барлау үшін преференцияларды құру теңіз жобаларын іске асыруды жандандыруға мүмкіндік берді. 2025 жылға дейін Исатай, Абай, Жеңіс, Қаламқас-теңіз және Хазар жобалары бойынша жалпы инвестициялардың көлемі 5 млрд. астам АҚШ доллары құрайды.
Мұнай өңдеу секторында жаңғыртуды аяқтағанның арқасында мұнай өңдеу зауыттарының қуаты мен мұнайды өңдеу тереңдігі, сондай-ақ шығарылатын мұнай өнімдерінің сапасы артты.

Ағымдағы жылы ішкі нарықта оң әсер байқалады. Мәселен, а.ж. 8 ай ішінде мұнай өңдеу көлемі өткен жылғы кезеңге қарағанда 6%-ға өсті.
«Сарыарқа» магистралбдық газ құбырын салу жобасын уақтылы іске асыру Министрлік үшін маңызды міндет болып табылады. Газ құбыры Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Теміртау, Жезқазған қалалар тұрғындары мен тас жолының бойында жақын орналасқан елді мекендерді табиғи газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Келесі сектор – бұл мұнай-газ-химия секторы, оның ел экономикасы үшін үлкен әлеуеті бар. Ағымдағы күні неғұрлым перспективалы жобалардың ішінде жалпы құны 12 млрд. АҚШ долларды құрайтын бірқатар газ-химия инвестициялық жобаларын атап өтуге болады. Оның ішінде, жақын шет елдер арасындағы полимерлер өндіретін ең ірі Полипропилен және Полиэтилен жобалары. Екі жоба бойынша инвестиция көлемі 9 млрд. АҚШ доллары.
Мемлекет Басшысының Жолдауында жаңартылатын энергетика секторын кеңейтудің қажеттілігі атап өтілді.
ЖЭК секторында соңғы жылдары үлкен заңнамалық жұмыстар жүргізілді. Дамыту үшін жағдай жасалды. Қазіргі уақытта ол өз жемісін берді, ЖЭК секторы белсенді дамып келеді. ЖЭК-тің үлесі электр энергияны өндірудің жалпы көлемінде 2020 жылғы дейін 3% - ға, 2025 жылға қарай 6%-ға, 2030 жылға қарай 10% - ға артады.
Министр атап өткендей, Министрлік алдында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет – Слышащее государство» қағидатын жұмысымызда барынша қолдану міндеті қойылады. Салаларды дамыту бойынша барлық өткізіліп жатқан заңнамалық шаралар жұртшылық пікірімен тығыз байланысты болуға тиіс.
Отырыстың соңында Министр Президенттің Жолдауын іске асыру бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Дата публикации
06 сентября 2019
Дата обновления
06 сентября 2019
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

29 октября 2025
Жизненные ситуации
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Хабарлама
20 апреля 2023
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы